Патриоттық тақырыпта әдеби монтаж

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне,

ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған әдеби монтаж


1 Думан:

Тысячи звезд, мерцая и переливаясь, манят к себе. Одни блестят, как бриллианты другие светятся, как маленькие жемчужинки, а остальных мы просто не видим, но знаем- они существуют. Созерцание звездного купола над головой рождает у человека высокие мысли и чувства, желание осмыслить, какое место он занимает во Вселенной. Одной из таких звезд является и наша звезда.


2 Маржан

Айдын да шалқар, сайын далам сахарам,

Еншіме берген ен байлығымен Жасаған.

Арғысы алтын бабамыз Сақтан жалғасып,

Бергісі берен алты Алаш асыл атадан.

Арасын жалғап Алтай мен сонау Атырау,

Қорғаған бабам кең байтақ жерде осынау.

Тәуелсіздіктің атқанда таңы мүмкін бе,

Жүректе жырың, тамырда қаның тасымау.

Қорғаған елін келгенде дұшпан емініп,

Қара нар ерлер қабырғасы бүтін сөгіліп.

Зар заман сенің зобалаң салған кезіңде,

Жылаған ана жүректен запыран төгіліп.

Қадаған сұғын, қасиетіңе сенің таңданып,

Талай жау келген қару- жарағын сайланып.

Шеңгелі қанды Шыңғыс ханның да ұрпағы,

Ұлы далада қазаққа кеткен айналып.

Қазақстың жерін таныса жүз ұлт жерім деп,

Қазақтың елін сыйласа жүз ұлт елім деп.

Шаттанбассың, мақтанбассың сен қалай,

Шалқар далам, шар айна аспан, көгім деп.

Мақтан сен, қазақ, еліңмен, ата жұртыңмен,

Кездерін еске ал кер замандағы күрсінген.

Қаймана халық шекпесін қайғы-қасірет,

Көрмейік енді көзінің жасын іркілген.

Алаштың жері атадан қалған мына жер,

Біз ие бүгін, ертеңгі ұрпақ мұрагер.

Көтеріп көкке көк байрағыңды төбеңе,

Қазағым менің, салтанат мәңгі құра бер!

1 Думан

Қайырлы күн, туған Елім!

Атамекен, Туған Жерім!

Ұлт намысын қолынан бермеген Елім!

Әлемге танылып, қыранша қанатын сермеген Елім!


3 Аяулым:

Здравствуй, Родина наша- дорогой Казахстан!

Расцветай и красуйся, наш степной великан!

Весь народ вдохновляя на большие дела

Пусть сияет под солнцем на весь мир Астана!

Над страною Абая новый день настает!

Гордый барс Казахстана устремился вперед!

И становится краше и милей, чем была,

Дорогая столица- город наш -Астана!

Необъятной просторы, колосятся хлеба-

Это Родина наша, это наша судьба!

Наши планы огромны, Трудолюбие есть,

А залогом успеха- Сила, Молодость, Честь!


4 Балжан:

Қазақ -елі мәртебелі, өр кеуде.

Тәуелсіздік келді менің еліме,

Бақыт жайлап, шаттық енді жеріме,

Тәуелсіздік жырын шырқа ұланым

Бейбітшілік көк байрағым желбіре.

Қайта келді елімізге тіліміз,

Қайта оралды халқымызға дініміз.

Тәуелсіздік туын шыңға көтеріп,

Қуаныштан тойлап жатыр еліміз.


5 Альмира:

Біз қазақпыз-

Қастерлеген баба салтын

Аман бол,айналайын дана халқым

Күн туса, атқа қонам бір сен үшін

Міне жалын, міне қолым, міне айым

Бірлігімен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарқырайды жарық күн

Ырыс, даулет, жайнай берсін жарық күн!

Жайнай берсін,жайнай берсін жарық күн!

Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,

Өзің менің қуынышым, бақытым

Өзің сенің тынысым да тірегім

Ел ұралық шыттық,құйып көңілге

Жарқырайды Елтаңбаң да төрінде

Ірге тасың жатыр берік қаланып

Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!


6 Саят:

Ей, жолаушы, сәл аялдап тоқташы,

Жер- дөңгелек, жолдарының жоқ басы,

Елтаңбаның ең негізі-шаңырақ,

Мемелекеттің ең негізі-отбасы!

Тәуелсіз боп атты таңым, Күн бүгін,

Арқаламас азаматтық кім жүгін?!

Күн шеңбері қозғалыста мәңгілік,

Тұлпар дала- сәйгүлігім, дүлдүлім!

Біз келеміз бабам салған отты ізбен,

Сөйлеседі, Тәңір қолдап, Көк бізбен.

Тұлпар жүйрік қанатында - арманым,

Асыл мұрат- бостандыққа жеткізген!

Ел-жұртымен алға мен де ұмтылдым,

Бұл кеудеме талай бұлт боп мұң тұндың

Уақыт пенен кеңістігім тұтасып,

Ұялады жүрегіне ұлтымның!

Келер күнге аманат қып кетелік,

Бір ауыз бопбірге біздер жетелік

Жұлдыз болып тәжі қонды халқыма,

Бостандықты Алатаудай көтеріп!

Туар әлі күндерім бар алдымда,

Жұлдызды аспан, аймен жарық жандың да.

Қастерлейтін бір парызым-елтаңбам,

Қасиетті қазақ Елі бар мұнда!

Келе жатқан бабам көрген сол таңнан,

Туды бірге қара шаңырақ ортамнан.

Перзентің боп мен алдыңда бас ием,

Киелі Елім, Қасиетті Елтаңбам!

7 Гульназ:

Халықтың қасиетті қазынасы

Қазағым дегендердің бас ұрасың

Елтаңбам - егеменді ел еншісі.

Жүректе сұлу жыр боп жазыласың.

Халқымның асыл арман ақ ниетті

Көкейде күн көзіндей жанған әлі.

Елімнің мәрттігінің нақышында

Ол арман жұлдыз болып таңбаланды.

Тарихтың тереңіне көз жіберсек,

Батырлар қол бастаған талай-талай

Қанатты пырақтарым- жаңға серік.

Масаттанып қаласың -жанға серік.

Қазағым - жомарт әрі дархан халық

Бөтенді бөлектемес жатқа танып

Қазақстан шаңырағын шарықтатқан

Уықтар - бауыр ұлттар, бір отандық.

8 Дамира:

Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым

Ту төрінен елге нұрын төкті күн.

Ту төбемде қалықтады қырандай

Қуанбаған қазақ жоқ қой дәл бүгін

Көз тартады тудан ұлттық өрнегім

Өнерім ғой, өлеңім ғой ол менің

Осы емес пе ашылғаны бағымның

Өшкен жанып, тірілгені өлгенім

Қандай бақыт өз туымды көргенім

Көрмей кетті қанша сабаө ерлерім

Шат боп тұрып, соларды ойлап қамықтым

Осы жолда төккен қан мен терлерін

Көтер еңсе, қара ұлы елім

Тәуелсізсің, тумен бірге түлегін

Тоймас көзім өз туыма қараудан

Көтеруден талмас әсте білегім.


9 Аяулым:

Әнұраным, қыран қанат асқағым,

Сәнге бөле Тәуелсіздік аспанын.

Жеңістерде шырқалғанда сан мәрте,

Рухымызды биіктерге бастадың.

Әр сөзіңнен тарихымды таныдым,

Батырлардың қалқанындай қалыбың.

Елдік әнім, намысымды қайрадың,

Ерге-ұраным, жігерімді жаныдың.

Әнұраным, сенде ерек сыр бардай,

Жан-жүргегім сезіміңе тұнғандай.

Сен шырқалсаң, береке мен бақ тілеп,

Желтоқсанның жастары кеп тұрғандай.

Көк байрағым көтеріліп төбемде,

Сен шырқалдың асқақ үнмен көп елде.

Тәуелсіз ел айналды да әуенге,

Бар тағдырым сыйып кетті өлеңге.

Қазағым бар жеңістерін той қылар,

Сен дегенде әсем, көркем ой тұнар.

Барлық сәтте көңілімде жүретін,

Әнұраным, жүрегіме бойтұмар!



10 Бекжан:

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпын

Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр - әнім

Самғап жүрсек бостандықта биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!


11 Медет:

Тәуелсіздік рухы биік ұлы ұғым

Ол өзегі ескі тарих жырының

Тәуелсіздік- еге болған бүгінім

Тәуелділік-жат билеген кешегім.

Тәуелсіздік-еге болған бүгінім,

Ажары айғақ түлеген жер түгінің

Азат елдің Ай дидарлы ұлының

Жел желпіді еркелетіп тұлымын.

Ең алғашқы лебіңнен күш сезілген

Мен не бердім деп сұрама өзіңнен

Жиырма жылда жүріп өткен жолыңды

Бірге жасап, көріп келем көзіммен.

Жақсы істер көп, бәрін тізу қиын-ды,

Алға басу биік мақсат түйінді

Елім бейбіт, көрші тату, ұлттар тең.

Салтанатым жарасып тұр бүгінгі.

Тәуелсіздік-бүгін өскен өркенім,

Өз елімде бақыттымын, еркемін

Өрге жүзсек серік етіп сенімді

Бүгіннен де жарқын болар ертеңім.


12 Ақжарқын:

Қазақстан гүлден көркей нұрлы елім

Жүректегі ақ тілегім бұл менің

Жарқын нұрлы болашаққа айналсын

Өзіңменен өткен әрбір күндерім

Құтты болсын бақыт күнің, бақ гүлің

Сезінбеймін мен ешкімнің жаттығын

Ұзақ-ұзақ ғасырлармен жалғасқан

Тәуелсіздік - таусылмайтын тәтті ұғым!

Қазақстан-туған жері дананың

Туған жері періштелі баланың

Сенде туып, сенде өсіп көктедің

Құшағында Отан деген ананың.

Қазақстан-жазса бітпес дастаным

Тек өзіңсің айтылатын басты әнім

Заманыма келе жатыр сай болып

Білімді де жаңа заман жастарың.

Қазақстан көркейе бер, ұлы елім

Мақтанышым тек өзің деп білемін

Бар әлемге тек өзің паш етем

Сен деп соғар, сен деп соғар жүрегім!




М. О. Әуезовтың 115 жылдығына арналған әдеби монтаж


Гүлназ:

Біздің халық үшін, қазақ ұлты үшін Мұхтар әлемі-мәңгілік. Бүгінгі біздің, яғни тәуелсіз қазақ елі жастарының басты мақсаты -Мұхтар әлемі арқылы халқымыздың мәдени келбетін , қадір-қасиетін , шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу.

Миллиондаған оқырман Мұхтармен қашан да бірге. Оның зерлі де , дана ойларынан әр жолы талант шұғыласымен көмкерілген сөздерінен миллиондар нәр алған.


Дамира:

Бұл уақыт аралығында Мұхтар Әуезов есімі мен оның туындылары және адамның өмірбаянынан ауысып, халықтың өмірбаянына көшкен Бүгінде Мұхтар Әуезов пен қазақ халқы біртұтас ұғым. Бүгінде М.Әуезов қазіргі қазіргі қазақ халқының мәдениетін, ойы мен өрісін өрнектеп тұр. Бүгінде «ХХ ғасыр классиктері» деген ұғым өзіне М.Әуезов есімін қосады. Шыңғыс Айтматов

Альмира:

Ауыздығын арғымақ аттар шайнап,

Жанды менң даламда от қанша Әйбәт!

Елге бардым, Мұхаңның ізін көрдім,

Қаншама жыл өтседе жатқан сайрап,

Жатыр ізі Семейдің қаласында

Сарыарқаның сарыжон даласыеда.

Ақ шағала ойы жүр Әуезовтың,

Еркін аққан Ертістің жағасында.

Балаң даусы аралап бөрліні ,

Семейтауда жүр оның сері күні,

Шыңғыстаудың Күн болып аспанында

Естіледі Мұхаңның еріп үні.

Талай аңыз айтылған ала -қашпа,

Не көрмеді далиған дала қасқа!

Мұхаң кеткен тірілтіп,кәрі жолды,

Тіл бітіріп кеткен ол қара тасқа.

Қар аққан жел Абайдың жырын айтып,

Қарауылдың азайған суы қайтып,

Күшікбайдың асуы түксиеді,

Ғазизаның ғаламға мұңын айтып.

Ақшоқыда тұр Зере әже қосы,

Абай атын суарған өзен осы.

Әйгерімнің әуезді әні сіңген

Әлемге әйгі "Шілікті кезең"осы.

Бір құдырет шығарып таудың есін,

Жаңғыртады өмірдің мәңгі көшін.

Жеткізеді Орданың жартастары,

Абай менен Ерболдың әңгімесін.

Осы дала шертетін шежірең шын,

Жидебайды көненің көзі дерсің.

Күзетшідей өңірді шолып тұрған,

Қарауылтөбе - Құнанбай қажы дерсің.


Медет:

Еске алып өткеннің есім кей,

Қыстауларда жанады от өшірілмей.

Еңілік пенен Кебектің үй тасы тұр,

Махаббаттың мәңгілік бесігіндей.

Ұлы дала куәсі ел тартысының,

Жатыр жанын жасырып сан кісінің.

Түйеөркештен сылдыры естіледі,

Бір кездегі Тоғжанның шолпысының.

Дегелең, Мыржық пенен Шұнай тауы,

Бәрі де Мұхаң болып сыр айтады.

Санаңда сағым қуып жарысады

Бір ойды алмастырып бір ой тағы.

Қына басқан әрбір тас, селдір тоғай,

Ағып жатыр бастаулар мөлдір талай.

Бәрінен кеткен тірілтіп ұлы Мұхаң,

Түн ішінде жартасты жаңғыртады Ай.

Ақ селеуі бас изеп,жусаны аңқып,

Ақша бұлты аспанда қуша қалып.

Абай әнін шырқайды бүкіл дала

Сол әуенгк жан- дүниең тұрса балқып.

Үйретпеген ұлы Абай күштеп нақыл,

Жылдар бойы жырлары үстепті ақыл.

Сыбырына Мұхаңның дала оянған

Ойқұдықта қойылып спектакль.

Ақбайталда тас шошып, шың шыңғырып,

Ақиқатты ашуға құлшынды үміт.

Қодар менен Қамқаның атын айтып,

Қарашоқы жеке тұр бір сыр бүгіп.

Кәрі Шыңғыс жанарын жасқа бұлап,

Жақпар тасты бауырына басты аңырап...

Бала Мұхтар сан рет бетін шайған,

Ағып жатыр баяғы қасақа бқұлақ.

Сонау үйде ,Бөрліде,өңі гүлдеп,

"Жаққан отым, өшпейтін өмірім!"-деп,

Дінәсіл әже отырды- ау бір заманда,

Алдына алып Мұхтарды "Қоңырым!"-деп.

Ұлы шықты дәл сол бір қоңыр ұлдан!

... Танбас халқым Мұхаңа табынудан.

Желсіз түнде Айдай туды өлеңім,

Қара сөздің қағбасын сағынудан.


Арайлым:

Өлеңнің ортақ болған негізінде,

Шөлдеген сусындаған лебізіне.

Абайдың ұшып түскен ұшқындары,

Басқаның пара-пардай теңізіне.

Сол Абай туған елден Мұхтар туды,

Шынардай шыңға орнатқан алтын туды

Мұхтардай шәкірті де артық емес,

Абайдың ес білгеннен жолын қуды.

Ақыл, ой ,талап , намыс, жігер-күшін

Мұхтар жастан жұмсады халқы үшін

Қазақтың бейбіт жатқан даласына ,

Мұхтар сөзбен бере алды сұлу мүсін .

Зор тұлға, мінсіз бейне сөнбес талап ,

Мұхтар сөзін сүйеді әркім қалап,

Мұхтар сөзі ер шарпып жеті айналды,

Әлі талай айланбақ қадағалап.


Дамира:

«Әуезовтың әр шығармасы оқырман жүрегіне жол тауып қана қоймай, тұтастай алғанда, ойды оятып , сананы ұштаған, әділеттілік туын көтерген қаламгер, екіжүзділік пен сатқындыққа жаны қас жалғандықты жаны сүймейтін суреткер».

Қарасаңыз,тырнақалды тұңғыш туындысы «Қорғансыздың күнінен »бастап, «Қараш-қараш» оқиғасы, «Кінәмшіл бойжеткен», «Көксерек»сынды оқиға -хикаяттарда осының бәрін айқындап, бүкпесіз шыншылдықпен астарлап бейнелеген.

Гүлназ:

Ұлт туралы толық та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді . Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті, самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып , қазақ болып кеткен тәріздімін.

К.Федин

Аяулым:

Өстің сен шын қиялы , Шыңғысыңда ,

Қат-қабат шатқалаңды қуысыңда .

Ылдида топ балаға басшы болып ,

Ойнадың құздың -құзар уысында.

Ұшқанда бала бүркіт бөктерінен,

Мизанда қаз қайтқанда көкте кілең ,

Құмартып бала жаның қалды қарап,

Ойынның өткізгендей өткелінен.

Шыңдадың Шыңғыстауда дарыныңды,

Сол дарын құлаштауда әлі күнгі .

Таныстым «Қорғансыздың күнімен»

Көзіме елестетіп сонау жылды

Сермедің қанатың мен талабыңды ,

Бір шолып шар талапты , алабыңды.

Інілік сәлемімді сәл көрмеңіз,

Қабыл ал, қомсынбаңыз өлеңімді.



Маржан:

Бауырында сал соңырқап

Басында боран, қыс тұрған.

Асан қайғы таңырқап

Үш қайырылып, үш тұрған

Шыңғыс деген жер осы.

Туғызды Шыңғыс Мамайды,

Туғызды Шыңғыс Абайды.

Базаралы, Тәукебай

Сайып қыран талайды.

«Ағаш аяқ» ән салса

Күңірендірген маңайды.

Шәкерім, Шәкер Көкбайлар

Шалқар шабыт, атты ойлар

Оңды-солды борайды.

Жаманат сірә жоларма

Мықтыны мықты қолдаса.

Мұхтар мықты болар ма

Абай мықты болмаса.

Қазақстың бұлар бақыты

Киетін тәжі, тақыты.

Жыл өткен сайын жарқырап

Жаңғыратұғын уақыты.

Кезекпен шығар ұдайы

Қазақстың бұлар күн, айы.

Бірі өлеңнің патшасы

Бірі прозаның құдайы.

Ей, аға, іні, бауырлар

Өнерді сыйлар қауым бар.

Көп қымбаттың ішінде

Бағасы бөлек тәуір бар.

Көп ауырдың ішінде

Салмағы басар ауыр бар.

«Даңқ» деген бір тау бар

Шығандап кеткен шырқау бар

Сол «Даңқ» тауының басына

Ғарыштың аясына

Қиналмай еркін бос шығып,

Балқыған айдай Мұхтарым.

Толқыған нұрдай Мұхтарым.

Жиырма деген жасында

Жарқылдады жарақтай

Отыз деген жасында

Суырылып шықты болаттай

Қырық деген жасында

Кеуделеп кірді санатқа

Елу деген жасында

Самғады мұзды балақтай.

Алпыс деген жасында

Аспандап ұшты ақ аттай

Жетпіс деген жасында

Жеті айналды жиһанды

Самұрыққа біткен қанаттай.


Дамира:

Ей тауларым, жол бер сырылып!

Ормандар, жол бер түріліп!

Өзендер, жол бер бұрылып!

Сөз маржанын саралап,

Елдерін әлем аралап

Алыбым Мұхтар келеді.

Жақсы менен жаманды

Арғы-бергі заманда

Алақанға салмақтап

Бас-басына тармақтап

Озс сілтеп ғасырдан

Кәдімізге асырған

Ғалымым Мұхтар келеді.

Қап-қара күйе жақса да

Алтынды сыры көшпеген

Таудай толқын соқса да

Маздай берген, өшпеген

Жарығым Мұхтар келеді.

Келеді Мұхаң, келеді

Көңілім кәміл сенеді

Аты өлмейді жақсының

Тек денесін көмеді.


Гүлназ:

«Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» деп, Абай сөзімен айтқанда - Мұхтар Әуезов адамзат баласының тарихында мәңгі-бақи жасай бермек.








































© 2010-2022