Наурыз-жыл басы тәрбие сағаты

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Наурыз- жыл басы

Мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын көрсету, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен дінімізді құрметтеуге, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, ұлттық оюлар т.б. Әлемдеу: Киіз үй құру, нақыл сөздер жазып ілу, ұлттық киімдер, ұлттық үй жиһаздары, ұлттық тағамдар.

Тәрбие сағатының барысы

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1- оқушы:

Наурыз - жаңа күн деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Наурыз - көктемнің алғашқы айы. Наурыз - жыл басы. Наурыз - қазақ халқының ұлттық мейрамы. Наурыз күні қуанышқа кенеліп, масайраған жұрт аппақ көйлек пен жаңа киімдерін киеді.

2- оқушы:

Наурыз күнінің бір ерекшелігі- бұл күн сәлемдесуден басталады. Ер адамдар бір- бірімен кездескенде қос қолдасып, төс түйістірген. Әйелдер кездескенде құшақтасады, ерлер мен әйелдер кездессе, құшақ айқастырады.

Қос қолдап амандасып, төс қағыстыру - «өмір тірегім- төсім, тіршілік көзім- екі қолым аман- сау болсын!» дегенді білдіреді.

3- оқушы:

Халқымыздың түсінігі бойынша наурыздың 21 түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр - адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қазақ халқы Жаңа жылды наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады.

4- оқушы:

«Қызыр түні» жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, жалғыз шала сәуле болмас деп, төрге қос шырақ жағылып қойылады.

«Жаңа жыл таза мұнтаздай, таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиhаз-мүліктердің шаңы қағылып, жуылып тазартылады.

5- оқушы:

«Береке басынан басталады» демекші жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады. Жыл бойы ақ мол болсын деп ыдыс атаулыны тамаққа, шұбат, сүтке, мөлдір суға толтырады.


6- оқушы:

Ұлыстың Ұлы күні ел елжірей қуанып, есік ашып, дастархан жайып, бірін-бірі құшақтап, құттықтайды. Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Наурыз көже- жеті түрлі астық құрамынан жасалады. Оның мәні - «Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де дәмді, татымды өмір болсын» дегенді білдіреді.

7- оқушы:

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ жағы айран, қаймақ, құрт, ірімшік басым болады. Ірімшік, құрт - жаңа жыл күнгі дастарқанның берекелі тағамы. Бауырсақ - ұннан дайындалып, майға пісірілетін қазақтың ұлттық наны. Бауырсақ наурыз мерекесіндегі дастарқанның сәні.

8- оқушы:

Ұлыстың Ұлы күнінде әр адам өзінің игілікті істерін көрсетіп, жастар қариялардан бата алады.

Қарияның батасы:

Ескі асымен есіркеп,

Қой жылы жылыста.

Жаңа асымен жарылқап,

Мешін кіреді ұлысқа.

Әумин, бата берейін,

Жақсылықты терейін.

Жаңа жылда жарандар,

Үстем болсын мерейің!

Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып,

Келген наурыз құт болсын!

Көктен жаңбыр себелеп,

Көк орай шалғын жетілсін!

Наурыз нұры жебелеп,

Жамандықты кетірсін!

Наурызбенен жаңарсын,

Тәніміз бен жанымыз!

Жақсы негіз қалансын,

Жарасып ән, сәніміз!

Әумин, аллауакпар!

9- оқушы:

Өлкеме Наурыз келді, көктем келді.

Құлпыртып жерге орап көк пен жерді

Халқымның салт-дәстүрін аялаған,

Арманы асқақтады көптен бергі.

(«Наурыз» әні орындалып тұрады)


10-оқушы:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан.

Оу, ағайын келіңдер!

Бүгін бізде -

Наурыз көже құрт қосып, бұршақ қосқан!

Күн: Аружан

О, қасиетті Жер-Ана! Табынамын саған, басымды иемін! Мен жылуыммен жер бетін қыздырын, әр кеудеге қуаныш сеуіп, әр жүрекке күлкі болып еніп, өзімнің «Гүл-көктемімді» шақырғалы тұрмын.

Жер-Ана:

Зарыға күткен Жаңа жылым да келді-ау! Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке! Ұрпақтарымды аман ет! Жаманшылық әрі кет, әрі кет. Ару көктемім келе ғой!

Көктем: Айсұлу

Гүл - көктем, балғын ару, жасыл желек,

Мен жаспын, жастық жалын елден ерек.

Сыйымды, байлығымды мен берейін,

Жайқалсын дала, қала, гүл мен терек!

«Мешін» музыка ырғағымен билеп кіреді.

Бастаушы:

Қош келдің, сабырлы «Мешін» жылы. Еліме бақыт жылы, құт жылы, бейбіт жылы боп кір.

Бастаушы:

Ал, қадірлі Мешін! Төрге шық, қадірлі қонақ бол! Бүгінгі ойын-сауық өзіңе арналады. Кішкентай бүлдіршіндердің өзіңе арналған тілегін қабыл ал.

11-оқушы:

Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген.

12-оқушы:

Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып

Келген наурыз құт болсын!

Берері тағы мол болсын!

13 - оқушы:

Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Апам, атам той-тойлап,

Қуанып жүр балаша.

14 - оқушы:

Наурыз, наурыз - жыл басы,

Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы.

Наурыз, наурыз - жыл басы,

Наурыз, наурыз - бақыт жалғасы.

15- оқушы:

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүл жарғанын.

16 - оқушы:

Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні,

Шаттандырған елімді Тәңір нұры.

Табиғатты түлеткен нұрландырып,

Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.

17 - оқушы:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн-көктем,

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл-көктем!

18- оқушы:

Армысыңдар, халайық,

Әр кез аман болайық..

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық!

19-оқушы:

Наурыз келді құт болып,

Мына сізге нұр болып

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

20 -оқушы:

Наурыз күні той-думан,

Ортамызды ашайық,

Ән мен күйді төгілдіріп,

Інжу-маржан шашайық!

21-оқушы:

Наурыз құтты болсын ағаларға,

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурыз құтты болсын баршамызға!


22 -оқушы:

Қазақ халқында «Бір күн дәмдес болғанға - қырық күн сәлем» деген мақал бар. Үйге келген адамды төрге шығарып, қонақ қылып күтіп, дастарқанға дәмнен ауыз тигізетін болған. «Қуыс үйден құр шықпа» деген қазақ мақалы осыны меңзейді.

(Музыка ойналып, ортаға Ақ әже келеді.)

Бастаушы:

Армысыз, Ақ әже! Хош, келдіңіз!

Ақ әже:

Бар бол, балам! Амансыңдарма, балапандарым! Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!

Бастаушы:

Ақ әже, Наурыз күні балаларыңызға қандай сый-сыяпат әкелдіңіз?

1- Ақ әже:

Ау, ата-аналар, айналайын балалар,

Жеп-ішсін деп, тамсанып,

Жеті түрлі дәм салып,

Наурыз көже пісірдім тойға қазан түсірдім

Құйдым алтын табаққа

Құлшыныңдар тамаққа

Бал көжеден татыңдар,

Бар қызыққа батыңдар.

2- Ақ әже:

Адал аспан бұйырған,

Дәм татсын деп жиылған.

Бидай салдым көжеге,

Мол болсын деп биыл дән.

Тары салдым көжеге,

Тарылмасын жас ұлан.

Күріш салдым көжеге,

Ырыс келсін халқыма.

Ауыздан ақ кетпесін,

Бастан бақ кетпесін.

Ірімшік, құрт, майы бар!

Көп көжеге келіңдер

Ақ әженің мейірбан

Дархан көңіл жайы бар.

Ән: «Қазақтың дастарханы»


Бастаушы:

Міне, ағайын, сіздерге арнап Ақ әже, тай қазанды толтыра Наурыз көже пісіріп әкеліпті.

Тойды әрі қарай «Бесікке салу» рәсімімен жалғастырайық.

(Ақ әже бесіктің қалай жасалатыны, оның бала денсаулығына пайдасы туралы әңгімелейді).

Концерттік бағдарлама.

(Би, ән).


© 2010-2022