Жиналыс Оқушы, ата-ана, ұстаз - тиімді қарым-қатынас (Коучинг)

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін

мектеп-балабақшасы



ОҚУШЫ, АТА-АНА, ҰСТАЗ - ТИІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

(Ата-аналар жиналысы, ҰБТ-2015)

11-сыныптар

Жиналыс Оқушы, ата-ана, ұстаз - тиімді қарым-қатынас (Коучинг)







Аменова Гулнур Аманжоловна

Батырханов Анарбек Кауысович

5 желтоқсан 2014 жыл

Ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Оқушы, ата-ана, ұстаз - тиімді қарым-қатынас»

05.12.2014 ж.

11-сыныптар

Сынып жетекшілері: Аменова Г.А., Батырханов А.Қ.

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы



Қатысушылар: 19 оқушы, 19 ата-ана, мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, ұйымдастырушы педагог, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер.

Барысы:

  1. Жанұя - тәрбие көзі.

  2. Білім мен тәрбие - егіз ұғым.

  3. ҰБТ - білім сынағы

  1. Жанұя - тәрбие көзі.

11б-сынып жетекшісі Г.А.Аменова:

  • Бала - біздің болашағымыз. Баланың рухани дүниесінің таза да жан-жақты болуы үшін мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жанұяның белсенді көмегі қажет. Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән берсе, бұл істің нәтижесіз болары күмәнсіз. Бала - ата-анасының өмірінің жалғасы. Ата-ана баласының әдепті, білімді, өнерлі болып өсуіне күш салуы тиіс. Баланың кемшілігі болса кісіден көрмеуі керек. Ұлы Абай былай дейді: "Балаға мінез үш адамнан жұғады, біріншіден - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбы-достарынан". Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл, адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен өздері осындай болуы керек. Көпшілік жағдайда балалардың бойында теріс қылықтардың пайда болу себебін жанұядағы үлкендер өздерінің жеке басынан іздемейтіні өкінішті-ақ. Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде "Сіздің жеке мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиесіндегі шешуші құрал", - деген. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай қарым-қатынас жасайсыз, қалай күлесіз, қалай қайғырасыз, міне, мұның барлығының бала үшін үлкен маңызы бар. Ата-ана, өз балаңыздың болашағына немқұрайды қарамаңыз. Мектеп пен мұғалімнің беделін түсіретін сөздер айтып, өз беделіңізді түсіріп алмаңыз. Балаңыздың құрбы-достары туралы да артық сөз айтудан сақ болыңыз. Әрбір ата-ана баласы үшін Отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін ұмытпағаны жөн.

Оқушылар мен ата-аналарға арналған ережелермен таныстырып, қауіпсіздік кітапшасына оқушылар мен ата-аналар қол қояды.

  1. Білім мен тәрбие - егіз ұғым.

11а-сынып жетекшісі А.К.Батырханов:

  • 11-сыныптар барлығы 19 оқушы. Білім сапасы - 37 %. Оқу озаты - 2. Оқу екпіндісі - 5. Ағымдағы оқу жылында оздырылған тәрбие сағаттары мен шараларына оқушылар белсенді қатысты. Олар: Білім күні: Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ; Ұстаздар - ұлы тұлғалар (Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік концерт); Заң дегеніміз не?; Елі қолдаған Елбасы; Елін сүйген Елбасы; Сыйластық, жарастық орнаған орта.

Слайд-шоу.

  1. ҰБТ - білім сынағы.

11б-сынып жетекшісі Г.А.Аменова:

  • 2015 жылғы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ). "Білім туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ҰБТ - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіретін жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір нысаны. 2015 жылы ҰБТ 5 пәннен өткізіледі: ана тілі (оқыту тілі); математика; Қазақстан тарихы; орыс тілі; таңдау пәні. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсында төрт пән (ана тілі, математика, Қазақстан тарихы, таңдау пәні) бойынша балдар есептеледі. ҰБТ 1-10 маусымда өткізіледі. ҰБТ-ның әр пәні бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Бес пән бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны - 125. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді (180 минут). ҰБТ-ның нәтижелері бойынша мектеп бітірушілер аттестат немесе сертификат алады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның нәтижелері бойынша 100 балдан (төрт пән бойынша) ең төменгі деңгей - 50 балл жинау қажет, бейінді пән бойынша - 7 балдан кем емес, ал басқа пәндер бойынша - 3 балдан кем болмауы қажет. Сертификаттың қолданыс мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

1) Мектеп бітіруші мен ата-анаға арналған жадынама таратылады - Слайд

2) Таңдау пәндері; қосымша сабақтар; тест тапсырмаларын тапсыруға бөлінген мұғалімдер; бағалау шкаласы; байқау тест қорытындылары - Слайд

3) Психологиялық тренинг (Саламатова Г.К.)

Тақырыбы: «ҰБТ-ға сеніммен барайық»

Психолог: Адамға ешқашан өзін-өзі тастап жіберуге болмайды. Сүрінсең, қайта тұруға қақың бар. Қазіргі дайындық тестінен алып жүрген ұпайың төмен болса, өмірден түңілудің еш қажеті жоқ. Өмір бір орнында тоқтап қалмайды. Жалғаса береді. Бақ шаба ма, бап шаба ма? Қазақ «таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін» деп те бекер айтпаған. Енді дайындығымды пысықтауға кеш деп қолыңызды сермемеңіз. Аз уақыттың өзінде тыңғылықты дайындалсаңыз, талай ақпаратты қабылдап, есте сақтап қалуға мүмкіндігіңіз бар. Өзге дүниелерді аз уақыт ішінде естен шығарып, ұмытуға тырысыңыз.

Түлектерге кеңес оқылады.

Ата-аналарға:

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі алдындағы дайындық сәтінде оқушыларға ата-аналардың рухани көмегі аса қажет. Балаға көп талап қою дұрыс емес. Қысым көрсетіп, баланы өзгелермен салыстырмаңыз. Бұл балаңыздың көңіл-күйіне, дайындығына кері әсерін тигізеді. Ендеше ата-аналарға арналған кеңестерімізді де ұсынамыз: Ата-аналарға кеңес оқылады.

Тренинг «Қар қиыршықтары»

Кімде бірдей, бір-бірінен аумайтын қар қиындысы шықты?

  • Таптыңыздар ма?

  • Жоқ. Себебі не деп ойлайсыздар?

  • Не себептен бәрімізде ақ қағазбен бірдей әрекет бола тұра әр түрлі қиыршықтары пайда болды?

Психолог жауабын айтады.

4) Пән мұғалімдері әр оқушыға сараптама жасайды

(Кенжегарина Қ.М., Кадирова Д.К., Хасенова С.Ө., Дюсенгалиев Ш., Гумарова Ж.О., Сапарова Г.М., Киясова С.С., Дауленова Ж.Т.)

5) Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.С.Бектасова

6) Мектеп-балабақшасы директоры: М.Н.Кабиева

7) Психологиялық тренинг

Шынымды айтсам...

  • Шынын айтсам, алдыңғы тест туралы ойлағанда...

  • Шынын айтсам, тестке дайындалған кезде...

  • Шынын айтсам, тестке деген қорқынышым басым...

  • Шынын айтсам, мен үйге келгенде...

  • Шынын айтсам, алдағы тест туралы менің ата-анамның уайымдап жүргені туралы ойлағанда, мен....

  • Шынын айтсам, менде бос уақыт болған кезде...

  • Шынын айтсам, мен уайымдаған кезде...

  • Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кезде..

  • Шынын айтсам, қосымша сабақтарға келгенде...

Ән: «Сен маған сүюді үйреттің» (Бірге)

Психолог:

Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айтпақшы «Талаптыға нұр жауар!» деген емес пе? Бақтарың жансын.

"Бүгін аз ұпай жинадым" деп көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Бұл бір уақыттың сыны ғана. Нағыз сын - Ұлттық бірыңғай тест болмақ. Сондықтан да дайындығыңызды шыңдай түсіңіз, жас түлек. ҰБТ-да бағыңыз бен бабыңыз қатар шапсын!

Ән: Сен маған сүюді үйреттің

Ұмытып кеткен едім

Басымды июді үйреттің

Тәккәппар өктем едім

Шынайы күлуді үйреттің

Нөсерлі көктем едім

Өмірді сүруді үйреттің

Ұстазсыз мектеп едім

Сен маған ұшқанды үйреттің

Тордағы бұлбұл едім

Сезіммен құшқанды үйреттің

Күдікшіл құмбыл едім. 2 рет

Кім дос кім дұшпанды үйреттің

Уайымшыл бір мұң едім

Иіскеп қысқанды үйреттің

Құшақсыз бір гүл едім.

Шынайы күлуді үйреттің

Нөсерлі көктем едім

Өмірді сүруді үйреттің

Ұстазсыз мектеп едім

Сен маған ұшқанды үйреттің

Тордағы бұлбұл едім

Сезіммен құшқанды үйреттің

Күдікшіл құмбыл едім. 2 рет

8) Рефлексия

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Ұсыныстар

Аты-жөні






Г.А.Аменова:

- "Оқушы, ата-ана, ұстаз - тиімді қарым-қатынас" тақырыбындағы жиналысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!



Батыс Қазақстан облысы,

Бөкей ордасы ауданы,

Мұратсай ауылы.

© 2010-2022