Ата-аналар жиналысы: «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктері»

Бұл тренинг сабақ мектеп жасына дейінгі балалар және олардың ата-аналарымен өткізіледі. Мақсат ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.  Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.  Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек. Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата-ананың бала тәрбиесіндегі психологиялық ерекшеліктері»

Бұл тренинг сабақ мектеп жасына дейінгі балалар және олардың ата-аналарымен өткізіледі. Мақсат ата-ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Тренинг сабақтың міндеті: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Тренинг сабақты өткізуге түрлі-тусті қағаз, желім, плакат керек.

Тренинг барысы:

Сәлемдесу рәсімі

Тренинг ережесін бекіту

Мини-лекция

Сұрақ-жауап «Мадақтау-жазалау»

Жаттығу «Біз біргеміз»

Ойын «Өтінемін»

Шығармашылық жұмыс «Қол көмек»

«Сиқырлы жүрек» ой-түйін

Жаттығу - «Танысу», «Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен нұрлы - Нұргүлмін;

Мен көрікті - Әсеммін;

Мен дарынды - Дидармын.

Сұрақ-жауап: «Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.

Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді,

ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.

Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

Жаттығу: «Біз біргеміз»

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-ана мен балаға қолдау, көмек көрсету.

«Қолынан танып біл»

Көздері байлаулы ата -аналар балаларын тауып алулары керек.

Талдау: - Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

- Балаңыздаң қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Ойын: «Өтінемін»

Мақсаты: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Барысы: Қатысушылар ортаға шеңбер жасап тұрады.

- Құрметті ата-аналар, балалар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?

- Рахмет, Өтінемін және т.б.

- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам, сіздер оны орындауларыңыз шарт. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтініштерді орындамайсыздар.

- Секіріңдер!

- Оң аяқты көтеріңдер!

- Қол шапалақтаңдар!

- Бір*-біріңді құшақтаңдар! т.с.с.

Шығармашылық жұмыс: «Қол көмек»

Нұсқау: Ақ параққа оң қолыңызды басып саласыз. Содан кейін «балаңызға қандай көмек бере аласыз?» деген сауалға жауап жазамыз.

Ой-түйін: «Сиқырлы жүрек»

Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейрімді жүрекке айналу қажет.

© 2010-2022