«Құқықтық сауаттылық-заман талабы»

«Құқықтық сауаттылық-заман  талабы«Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабыМақсаты: Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере  отырып заң  алдындағы жауапкершілікті  арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске  жету.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.Тәрбиелік: Конституцияны  тағы басқа  құқықтық нормативтік  актілерді орындай, құрметтей  білуге үйрету, адамгершілікке,елжандылыққа,тәрбие...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құқықтық сауаттылық-заман талабы»

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық-заман талабы

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: Конституцияны тағы басқа құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,елжандылыққа,тәрбиелеу.

Сайысымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасымен таныстырып кетейік.

Тәрбие ісінің меңгерушісі және құқық пәнінің мұғалімі - Қапасұлы Мұрат аға.

Құқықтық тәрбие жетекшісі - Айтқалиұлы Айдын аға.

Бала құқығын қорғау жөніндегі инспектор- Шакорқызы Жұлдыз апай.

Мектеп тәлімгері - Қырықбайқызы Анар апай.

Оқушыларды екі топқа бөлу. (І-топ, ІІ-топ )

Сайыс жоспары

І.Таныстыру (Топ аты, өмірлік ұстанымы)

ІІ.Тікелей сұрақ (Әр топқа 10 сұрақтан)

IV.Ой -талқы (Берілген тапсырмаларға әр топ өз сұрақтарына тұжырымдарын жауап береді. Уақыт 3 минут)

V.Ой жалғау

VI.Адасқан әріптерді орналастыру

VI. Кім жылдам.

ҮІІ. Қорытындылау.

Мұғалім: Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетіміздің қабылдаған негізгі заңы ел дамуының компасы болды. Мемлекет дегеніміз-белгілі бір территориясы, шекарасы, рәміздері, ұлты бар жалпы халықтық ірі ұйым десек, сол халықтың төл Конституциясының қабылданғанына 18 жыл толып отыр.1993 жылы Жоғарғы кеңес бекіткен егеменді еліміздің алғашқы конституциясы, 1995 жылы референдум арқылы бекіткен екінші конституциясы қабылданды. Құрметті ұстаздар және оқушылар!

Мемлекетіміздің ата-заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы ,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.Оның басты қазынасы- адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.

І бөлім «Таныстыру»

(Әр топ атын,топ ұстанымын таныстырып өтеді.)

І-топ

ІІ-топ

ІІ -бөлім Тікелей сұрақ

(Әр топқа заң,құқық тақырыптарына қатысты 10 сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.)

«І топ» сұрақтары

1.Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?

(соғысып жатқан елдерде адам құқығы бұзылады)

2.Біздің елімізде адам құқығы бұзылған қандай жағдайларды білесіңдер?

(1930-33 ж. ашаршылық,1937-38ж. қуғын - сүргін, 1986 ж Желтоқсан оқиғасы)

3.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

(Президент қол қойғаннан кейін)

4.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды?

(2 рет: 1993 жылы 28-қаңтар,1995 жылы 30-тамыз)

5.Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата?

(Парламент)

6. Балалар қылмыстық жауапершілікке тартыла ма?

(16 жастан жазаланады, саналы түрде ауыр қылмыс-14 жастан)

7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?

(Демократиялық,зайырлы,құқықтық,әлеуметтік)

8.Құқық дегеніміз не?

(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

9.ҚР конституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады?

(9 бөлім,98 бап)

10 ҚР-ңың жаңа әнұраны қашан қабылданды?(2006 жылы 6-қаңтар)

«І топ» тобының сұрақтары

1.Адам құқығының қорғалуы қай жерде бастау алды?

(1789 жылы Франция елінде)

2.Қ.Р»Баланың құқықтары туралы заң»қай жылы күшіне енді?

(2002 жылы 8-тамыз)

3.ҚР-ның төл теңгесі қашан қабылданды?

(1993 жылы 15 қарашада)

4. Дүниежүзіндегі тұңғыш конституция қай жылы пайда болды?

(АҚШ-та 1787 жылы)

5.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды?

(1948 жылы 10- желтоқсан)

6.ҚҚ-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заңы қай жылы қабылданды?

(1992 жылы 4-маусым)

7. ҚҚ-дағы «Бала құқықтары» туралы заң қанша тараудан тұрады?

(10 тарау,53 баптан)

8.Жеті жарғыны қабылдаған қазақ ханы кім?

(Тәуке хан)

9. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?

(1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ңың бас Ассамблеясы қабылдады)

10.Қылмыс жасағанға қанда жаза қолданылады?

(Қылмыс- құқық бұзудың ауыр түрі. Қылмыс жасаған адамдарға қосымша және негізгі жаза қолданылады.)

ІІІ-бөлім «Ой талқы»

Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді.(Уақыт 3 минут)

І-топ «»тобына

Мектеп ішінде кейбір кездері бұзақылық жасайтындар орын алып жатады.Мысалға кейбір оқушылар көрнекіліктерді,суреттерді жыртып,бүлдіріп жатады.Осының өзі балалардың өз құқықтарын білмеуінен туындайтын секілді.Заңдағы бала құқығы жөнінде не айтасыз? (20 бап)

ІІ-топ «Ақиқат» тобына

Үзіліс кезінде сыныпта ұш қыз отырады.Гүлназ әдемі қаламдарымен жазып болған соң қаламдарын үстел үстіне қойып шығып кетеді.Шұғыла Айсұлуға Гүлназдың қаламдары әдемі екен,көрдің бе?деп айтады.Айсұлу Ия,әдемі екен,бірақ бізге бермейді ғой.Шұғыла мен оны былай тығып қоям,көрсетпей жазам.Сен айтпа дейді.(3- тарау,10 бап)

ІV-бөлім Ой жалғау»

«Әділет»тобы

1.Заңның құрығы………(бәрінен ұзын)

2. Өш алғаннан гөрі……..(кешірген жөн)

3.Тура биде ……(туған жоқ)

4.Ақырын жүріп ……..(анық бас)

5. Асыл тастан………(өнер жастан)

«Ақиқат» тобына

1. Ұрлық түбі ………(қорлық)

2. Жазасын тартпайтын ………(жамандық болмайды)

3. Әдепті бала………(арлы бала)

Әдепсіз бала ….. (сорлы бала)

4.Тәрбие ……(отбасынан басталады)

5. Әділ істің ……(арты игі)

V-бөлім. Адасқан әріптерді орналастыру

1.ЕКОНЮС- 1. ДМЕІНЕКЕГ

2.АТКРДЕИЯМО- 2. ИНЗЦЯЛЕИ

3. ДВАКАТО 3. ТЦОУИСЯКТИН

4.УАТРА- 4. АЗҢЕГР

5.АТТӨЛЖҰҚ- 5. ЕМЕТЕКМЛ

6.РПАЕЛМАНТ- 6. ЕНТЕЗПРИДЕ-

VI. Кім жылдам.

  1. Құқықтық нормалар мен ережелер кімге арналған? (Адам)

  2. Ең негізгі, ең басты конституция не? (Заң)

  3. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы? (Бостандық)

  4. Балалардың не алуға конституциялық құқыға бар?(Білім)

  5. Мемлекет билігінің қайнар көзі?(Халық)

  6. Балаға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы?(Ата- ана)

Қорытындылау. Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттік, теңдік, ізгілік, екендігі, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек. Сонымен «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» атты сайысымыз аяқталды. Жеңімпаздарды марапаттау, сайыс қорытындысын шығару үшін қазылар алқасына сөз берейік.



© 2010-2022