Сыныптан тыс меркелік іс-шара «Наурыз мейрамы»

«Наурыз мейрамы»   Жүргізуші. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Той даблын қағып тұрған мұнда біз бар.  Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар! Жүргізуші. Уа халайық, құтты болсын мерекең .Құтты болсын, құтты болсын берекең, Наурыз тойы тойланады мектепте. Қош келдіңдер мерекені көруге. Жүргізуші. Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз! 1)   Қазақ вальсі 2)   Нежность 1-оқушы: Армысың, шапағатты күніміз,                  Армысың, мейірімді жеріміз.          ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Наурыз мейрамы»

Жүргізуші.

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той даблын қағып тұрған мұнда біз бар.

Наурыз тойы басталды!

Бір орында тұрмаңыздар!

Жүргізуші.

Уа халайық, құтты болсын мерекең

.Құтты болсын, құтты болсын берекең,

Наурыз тойы тойланады мектепте.

Қош келдіңдер мерекені көруге.

Жүргізуші. Наурыз мейрамына арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

  1. Қазақ вальсі

  2. Нежность

1-оқушы: Армысың, шапағатты күніміз,

Армысың, мейірімді жеріміз.

Армысың, табиғат анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

Жүргізуші. Адам өьіріндегі барлық жақсылықаталуға сәлемдесу арқылы болып жатады. Бірбірін көріп, білмеген адамдар арасында да игіліктер алғшқы сәлемдесуден өрбейді. Имандылық шариғатында сәлемдесуді тілмен айту парыз.

Жүргізуші. Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар екен, ендеше тамашалайық:

1-оқушы: Ассалаумағалейкум! Мен адаммын, адамдығымды білдіремін, Алланың нұры жаусын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

2-оқушы: Уағалейкумассалам! Мен де адаммын. Адамдығымды білдіремін, сізге де Алланың нұры жаусын! Ұлыс береке берсін, пәле жала жерге енсін!

(Төс қағысу) муз номер.

Жүргізуші. Наурыз күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман-мақсат айтылып, тілектер тіленеді.

Жүргізуші. Ендеше құттықтау сөз кезегін мекиеп директорына берейік.

Жүргізуші. Уа халайық, халайық.

Ақ сандықты ашайық!

Жүргізуші. Бұл мереке, бұл тойдың.

Шашуларын шашайық! (шашу)

(Муз номер.)

Жүргізуші. Бүгінгі тойға алыстан ат терлетіп, аса қадірлі қонақтарымыз да келіп қалыпты.

Қане оларды қошеметпен қарсы алайық.

Қызыр баба. Оу, аман ба жараңдар,

Алтын тойға қараңдар.

Ерте жайнап атты таң,

Естіліп тұр шаттық ән.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық тұрыңдар!

(Көңілді әуен, бәрі орындарынан тұрады, күнді қарсы алу)

(би, ән айту) Әр қашан күн сөнбесин

3-оқушы:

Сәлем ата-аналар,

Айналайын балалар.

Қызыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда.

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу ақшы.

Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты,

Әне Наурыз келеді,

Ән салып, билеп береді.

(би)

Сәлем анам, алтын күн,

Сәлем қарты халқымның.

Уақытыма ризамын,

Бақытыма шалқыдым.

1-оқушы:

Жылан жылы кел, төрлет,

Ел достығын өрендет.

Мол болсын ырыс құт,

Болсын елде тыныштық.

2-оқушы:

Құтты болсын Наурыз той,

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түн түн теңелді,

Жер шуаққа кеңелді.

3-оқушы:

Наурыз күні көңлі көктем далаң бұл,

Кереметтей құлпырып кетті ғалам бір.

Наурыз - думан, Наурыз - шаттық мереке,

Нұрланып қана түрленіп жатсын далам гүл.

4-оқушы:

Ұйыдан тұрған далада гүл-гүл пішінде,

Ойларым бүгін ақтарылардай ішімде.

Тәуелсиздикпен бір жасап және бір келген,

Наурызды жақсы көрелік соның үшін.

5-оқушы:

Әнім де саған, биім де саған

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

Жүргізуші.

Уа халайық, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар!

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.

Жүргізуші. 22-наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

Көрініс:

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы мол түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер,теңелеміз бүгін

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып, жүрмендер тек жылап.

Қыдыр баба: Балапандарым, ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Ал маған айтатындарың бар ма? Күтіп отырған жалпақ ел бар, асығыспын.

Жүргізуші. Ата, мына жиылған көпшілікке бір тілегіңізді айтып кетсеңіз

Қыдыр баба: Жарайды, онда тілегімді айтып аттанайық. Серіктерім шаңырақты аластасын, шырақ жағыңдар.

Жарқыра жайна Наурызым,

Қабағы жаудың қиылсын.

Береке, байлық дәм-тұзың

Халқыма мәңгі бұйырсын.

(Бата сұралық) муз номер

Жүргізуші. Ән қосылсын әніңе,

Сән қосылсын сәніңе.

Ырысты боп Жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе!

Жүргізуші. Ой қосылсын ойыңа,

Бой қосылсын бойыңа!

Аман-есен жетейік,

Келесі наурыз тойына!

Бірге: Қош, сау болыңдар!



© 2010-2022