Тәрбие сағаты Дені саудың - жаны сау

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тапсырмасы: «Дені саудың -жаны сау»

Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір сүруге, еңбекке, спортқа баулу,

балалардың қазіргі ауыр экономикалық жағдайда

денсаулығын сақтауға санасын жетілдіруге, үлкенді,

кішіні сыйлауға, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: плакатқа жазылған қанатты сөздер, сүт, алма,

сыра, конфет, денсаулыққа байланысты

оқушылардың салған суреттері.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.



  1. Жаңа сабақ.

Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз «Дені саудың - жаны сау» деп аталады.

Балалар Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар өз ойларын пікірлерін айтады.

Тазалықты сақтау.

Дене шынықтыру - Деніміз сау болу үшін - Дұрыс тамақтану

Темекі тартпау Арақ ішпеу Дәрігерге қаралау



  • дұрыс балалар.

Осы айтқандарымызға жеке - жеке тоқталып толық түсіндіріп, дәлелдеп көрейік.

  • Тазалықты сақтау дегенді қалай түсінесіз?

  1. Балалар оқушының жеке гигиенасы туралы айтып, Тазалық денсаулықтың кепілі деп хормен айтады.

  • дұрыс, ал енді мен сендерге тазалықты сақтауға арналған жұмбақтар шештіргім келеді.

Жұмбақ шешіп көрейік.

  1. Дымқылдап күнде сен

Қолыңа сүйкесең

Кетіріп кір ласын

Тап - таза боласың (бұл не?)



  1. Ауыз жоқ көзі жоқ

Тілі жоқ сөзі жоқ

Бірақ та тісі бар

Басыңмен ісі бар (бұл не?)

  1. Шомылған баланы

Аймалап алады

Сүртеді қолында

Сүртеді жонында (бұл не?)



  1. Келесі деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтану керек дегенді қалай

түсінеміз.

Оқушылар: Біз күніне 3 мезгіл тамақтануымыз керек. Таңертең, түсте және кешке. Сендердің қаншалықты дұрыс тамақтана білетіндеріңді мына ойын арқылы байқап көреміз.

«Қандай тағам пайдалы?»

Мына тағамдардың ішіндегі пайдалысын 1 жаққа пайдасызын 2 - жаққа қоямыз.

Сүт неліктен пайдалы? Сыра неліктен пайдасыз?

Алма неліктен пайдалы? Кәмпит неліктен пайдасыз?



  1. Келесі деніміз сау болу үшін дене шынықтыру керек. Дене

Шынықтырған адамның денесі ширақ, шымыр болады. Ондай адам салқын тиіп ауырмайды. Соның ішінде ертеңгілік жаттығудың пайдасы мол, ұйқыны ашады, қан айналдырады. Сондықтан қазір бәріміз жаттығу жасайық.

Сергіту сәті.



  1. Темекі адам денсаулығына зиянды.

Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады, Темекі ауаны қоршаған ортаны, айналаны ластайды.



  1. Денеміз сау болу үшін арақ ішпеу керек. Арақ адам мүшелерін улайды,

ақ ішкен адамның сөйлесуі, тәртібі мүлде өзгереді, есі кіріп шықпалы болады. Сондықтан арақ пен темекі адамның денсаулығын бұзады.

Келесі деніміз сау болу үшін уақытында кешіктірмей мезгілінде ауырған жерімізді айтып дәрігерге қаралуымыз керек. Дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындағанда ғана деніміз сау болады.

Осы айтылғандарды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана денеміз сау болып салауатты өмір сүріп үлкен азамат боламыз!

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың өз пікірлерін сұрап білу.

Ән «Солдат болам мен ертең» әнімен сабақты аяқтау.



© 2010-2022