«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты

Мұғалім:      Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамы құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын! Кешегі сәби балаңыз, Жарады, міне қараңыз. Ғылым, білім жолына Енді қайық саламыз. Мұғалім:  Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайда келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік. Балалар, біз биыл қайда келдік? Оқушылар:   Біз мектепке келдік. Мұғалім:     Мектепке не үшін келдіңдер? Оқушылар:    Біз оқу үшін келдік. Мұғалім:      Мектепте сендерді кім дейді? Оқушылар:           Оқушы дейді. Мұғалім:  Өте жақсы, оқушы мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді. - Енді балаларымыздың тақпағына кезек берейік.   Ж.Ақбота:            Бірінші қыркүйек күнімен,                                Аңқыған жұпары гүлімен.                                Келіп ем қарсы алды мектебім,                                Сүйкімді қоңырау үнімен. Қуандық:             Суретті де саламыз,                                Әріптерді жазамыз.                                Затты күтіп ұстаймыз,                                Тәртіптіміз тазамыз. Залина:                 Білімнен жұпар жинаймын,                                Еліме бақыт сылаймын.                                Жүрекпен сүйіп Отанды,                                Жүрекпен мәңгі жырлаймын. Би:       «Адай биі»    Марлен, Қуандық, Сырым, Жанболат.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Балалығым - балбұлағым»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды үлкенді сылауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

  3. Ата - аналарымен бірге мерекелік көңіл - күй арқылы оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Тойымызға қош келдіңіздер! Күні кеше ғана мектеп есігін ашқан бүлдіршіндеріңіздің қадамдарының сәттілігін тілей отырып, алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз. Балаларыңыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамы құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады, міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.

Мұғалім: Балалар, біз енді келген қонақтарымызға өзіміздің биыл қайда келгенімізді, нені үйренгенімізді, не білетінімізді көрсетейік.

Балалар, біз биыл қайда келдік?

Оқушылар: Біз мектепке келдік.

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Біз оқу үшін келдік.

Мұғалім: Мектепте сендерді кім дейді?

Оқушылар: Оқушы дейді.

Мұғалім: Өте жақсы, оқушы мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге, еңбекке үйренеді.

- Енді балаларымыздың тақпағына кезек берейік.

Ж.Ақбота: Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен.

Келіп ем қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Қуандық: Суретті де саламыз,

Әріптерді жазамыз.

Затты күтіп ұстаймыз,

Тәртіптіміз тазамыз.

Залина: Білімнен жұпар жинаймын,

Еліме бақыт сылаймын.

Жүрекпен сүйіп Отанды,

Жүрекпен мәңгі жырлаймын.

Би: «Адай биі» Марлен, Қуандық, Сырым, Жанболат.

Мырза: Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын.

Отанын сүйген азамат,

Болатындардың бірімін.

Ұлпан: Жарық болса күніміз

Жарық шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Дидар: Сәлемдесе білетін,

Біз әдепті баламыз.

Алтын ұя мектептен,

Білімге бастау аламыз.

Ән: «Ертегілер» Аманбаева Аружан

Балалар, ендігі кезекті жұмбаққа берейік.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты(Кітап)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді.

«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты(Қарындаш)

Зерек бала қолданса,

Көңілі тояр.

Жалқау бала қолданса,

Қол аяғын бояр.

«Балалығым - балбұлағым» ашық тәрбие сағаты(Сия)

Ұлболсын: Мектеп менің байтағым,

Күліп ойнап қайтамын.

Ән саламын, би билеп,

Тақпақты да айтамын.

Сырым: Биік менің талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.

Жұлдыз: Таудай боп тілек талабы,

Балалар мектепке барады.

Кітаппен достасып ертең ақ

Саналы азамат болады.

«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінен көрініс.

Анасы: Жұлдыз

Қасқыр: Марлен

Жеті лақ: Ұлпан, Ұлболсын, Әсел, Ақбота, Залина, Алтынай, Ақбота.

Алтынай: Көңілдіміз күлеміз,

Әріптерді білеміз.

Мектеп біздің үйіміз,

Тату тәтті жүреміз.

Марлен: Осында өсіп көп көктем

Арманға арман жалғаймыз.

Түлеп ұшып мектептен

Қиялдарға самғаймыз.

Т.Ақбота: Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам асыға.

Би: «Киіз басу биі» Жұлдыз, Жаннұр, Залина, Алтынай.

Әсел: Қыркүйек келіп, күз келіп,

Мектепке бет түзедік.

Оқуды да бастадық,

Рахмет саған, Алтын күз!

Жанболат: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышым,елдігім.

Аружан: Ертеңмен ерінбей,

Мектепке өзім келемін.

Көп жайлардың сырын ұғып,

Аты жөнін білемін.

Ән: «Алтын атам» Сайлау Мырза

Дінмұхаммед: Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі,

Қазақстан жалауын,

Көтеремін жоғары.

Тілек: Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Зұлқарнай: Балалық шақ бүгінгі,

Қайталанбас асыл шақ.

Ойға тоқып білімді,

Есейеміз асыр сап.

Би: «Қаражорға» Залина, Тілек, Аружан, Зұлқарнай.

Али: Білім ғана көтерер,

Биігіне адамды

Көзін ашып үйретер,

Жақсы менен жаманды.

Жаннұр: Өмірімнің көктемін

Сенде өткізем деп келдім,

Алтын - ұям мектебім!

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

- Балалар, енді бәріміз қонақтармен қоштасайық,

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Даярлық сыныбының дайындаған «Балалығым - балбұлағым» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға рахмет!

Байбоз Жанар Жанжігітқызы Өтес орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі



© 2010-2022