Классный час на тему Ұлттар достастығы

Кештің тақырыбы: Ұлттар достастығы  Мақсаты :Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,ұлттық қарым-қатынасын нығайтуға тәрбиелеу,қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға,өнер қайраткерлерін құрметтеуге,өнерін түсініп тыңдауға,қазақ халқына үлкен қошеметпен қарауға,сыйлауға,тұрып жатқан Отанын сүюге,халықтар достығын,ұлтаралық қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу.         Көрнекіліктер :шаңырақ,әр ұлттар туралы буклеттер. Жоспары: ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындала...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кештің тақырыбы: Ұлттар достастығы

Мақсаты :Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің

Қазақстан халқына деген сыйластығын,ұлттық қарым-қатынасын нығайтуға тәрбиелеу,қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға,өнер қайраткерлерін құрметтеуге,өнерін түсініп тыңдауға,қазақ халқына үлкен қошеметпен қарауға,сыйлауға,тұрып жатқан Отанын сүюге,халықтар достығын,ұлтаралық қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер :шаңырақ,әр ұлттар туралы буклеттер.

Жоспары:

ҚР-ның мемлекеттік әнұраны орындалады.

Концерттік бағдарлама,әр ұлт өз өнерлерін көрсетуі.

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі «Ұлттар достастығы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ еліміз - Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине,бұл деген қазақ халқының ұлылығынан,қазақ атам айтқандай,»кең болсаң,кем болмайсың» дегендей қазақ халқының кеңдігінен,кеңпейілдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқаны жайы бар.

Жүргізуші:

Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,

О ағайын,халық емес ол көл-көсір.

Қазақ осы -аңғал- саңғал жабусыз,

Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.

Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,- деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары - қазақ ұлты. Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар ( 6,8 сынып)

Жүргізуші:

Орыстар Қазақстан Республикасында 4479620, ал Алматы қаласында 510366 адам болса, әлемде 147 миллион. Шағын мектебімізде 8 оқушы. Алдарыңызға Ресей өнерін көрсетушілер өз өнерін ортаға салсын. ( 9 сынып)

Жүргізуші:

Татар халқының саны - 298954, Алматы қаласындағы татарлар -24770 адам. Татар халқы 3-ке бөлінеді: волга-орталық, сібір татарлары, астрахандық татар. Қазан хандығының құлауынан кейін қалған татарлар Қазақстанға келіп орныққан.Татар ұлтының өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Шешен -нохчий,нахчо. Қазақша шешен. Ингуш-галгаи аудармасы тұрғызушы,мұнарада тұрушы.

Ең алғаш рет патша өкметі құлағаннан кейін шешен Дағыстан имаматы құрылған.1918 жылы Таулы Республика болды. 1944 жылы өтірік жаламен бүкіл шешендерді жер аудара бастады. Қазақстанға келген шешен ингуштар Солтүстік Кавказдағы тұрғындар болатын. Жерлері РСФСР,Грузияға,Солтүстік Осетиндер мен Дағыстан ФССРна бөлінеді. 13 жылдан соң шындық әлемге паш етілді. «Халық жауы» деген жала ақталып,1957 жылы Шешен ингуш Автономиялы Республикасы болып жарияланды. 1989 жылы «Ванах» шешен ингуш орталығы құрылды,кейіннен «Даймохк» қоғамдық мәдени орталығы құрылды. Алматыда 2746 ингуш, 2304шешен ұлты қазақ халқымен тату тәтті,бауырластықта өмір сүруде. Алдарыңызға бишілерді шақырамыз. ( 5,7 сынып)

Жүргізуші:

Елбасымыз алыстан көрсін,

Ел жұртымыз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Балаларымыз намысты болсын.

Көршілеріміз тыныш болсын,малымыз төлдеп, дастарханымыз ырыс толсын.

Рудан өсіп,ұлт өзін сыйлап,

Ала алсын асылын жинап,

Алаштың азаматтары бір ауызды болсын.

Мәдениетіміз мәнді болсыр,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та бірін айт,

Дербестігіміз мәңгі болсын!


© 2010-2022