- Преподавателю
- Классному руководителю
- Разработка внеклассного урока мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Разработка внеклассного урока мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Раздел | Классному руководителю |
Класс | 6 класс |
Тип | Другие методич. материалы |
Автор | Жанасылова Р.С. |
Дата | 11.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
«Бақыршық орта мектебі» КММ
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
атты танымдық ойын
(5-6-сынып)
Өткізген: Жанасылова Р.С.
2012 жыл
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Мақстаы: мақал - мәтел, жұмбақтар айту арқылы оқушыларды көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік мәні: адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. Ата-бабаларымыздың өсиетін қадыр тұтуға, мақал- мәтел, жұмбақ, шешендік өнер арқылы өз елінің тарихи шежіресін білуге, әдет - ғұрып, салт-дәстүрлі сыйлауға баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, өз ойларын кең, мазмұнды жеткізе білуге үйрету.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға жиналып отырсыздар. Мақал - мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата - бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Ал, жұмбақтар ойлау қабілетін шындайды.
«Талаптарына нұр жаусын» деп оқушыларға сөз берейік.
Аян: Сауық кешке келіңдер,
Сөзден маржан терейік,
Мына бір әнге еріңдер,
Мақал айтып көрейік.
Әдемі: Айтқан ата - бабам да
Арпа бидай ас екен,
Ас болмайтын адамға,
Алтын күміс тас екен.
Аян: Сүйсіндірер қауымды,
Өлеңшінің сөзі алтын,
Өнерлі кісі қадірлі,
Өнерлінің қолы алтын.
Әдемі: Қайтіп кірер есікті,
Қатты жаппа тегінді,
Екі елі қақпақ десіпті,
Елі толмас ерінге.
Аян: Алғыс сөз көп халықта,
Іле жүрер құлаққа,
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа.
«1001 мақал, 101 жұмбақ» ойымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырып кетейін. Ортаға үш мақалшы шығып, үйден дайындаған мақалдарды айтады.
1 тур. 1-айналым.
Жүргізушінің мақалын жалғастырады. Ең аз ұпай алғандары ойыннан шығады.
-
Оқу білім бұлағы ..... (білім өмір шырағы)
-
Жаңбыр бір жауса, .... (терек екі жауады)
-
Өнерлінің қолы алтын, .... (өлеңшінің сөзі алтын)
-
Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
-
Отан - қуат ... (Отбасы - шуақ)
-
Ұланы бар елдің ... (ұраны бар)
-
Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
-
Білген кісі тауып айтады, ... (білмеген кісі қауып айтады)
-
Мың малын болғанша, ... (бір балан ғалым болсын)
2-айналым.
Екі мақалшы қалады. Бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан отбасынан басталады. Осындағы Отан, от, бас деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады. Мысалы, Отан оттанда ыстық. Екі мақалшы төрт - төрттен айтады. Екінші айналымнан кейін қатесіз айтқан мақалшы жеңімпаз болады.
Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтады, олар екінші жолын табады, көп тапқаны жеңімпаз атанып, сыйлықтар алады.
-
Ер жігіт ел үшін туады ... (ел үшін өледі)
-
Әдепті бала - арлы бала, ... (әдепсіз бала сорлы бала)
-
Білекті бірді жығады, ... (білімді мыңды жығады)
-
Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
-
Әдептілік белгісі ... (иіліп сәлем бергені)
-
Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
-
Жері байдың ... (елі бай)
-
Жақсыдан үйрен, ....(жаманнан жирен)
-
Ердің атын ... (еңбек шығарады)
2 - тур. 1- айналым.
Ортаға үш жұмбақшы шығады.
-
Өздері даярлап келген жұмбақтарын бір -біріне жасырады.
-
Жүргізушінің жұмбағын шешу.
Ең ас ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.
-
Жерді көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көлді көрдңм, өзен көрдім
Сулары жоқ терең дейтін (карта)
-
Жұмбақ шешкіш кім екен?
Сыртқа шықсам түн екен
Моншақтарын шашып ап,
Бір сары қыз тұр екен (ай, жұлдыздар)
-
Қабат - қабат қаптама,
Ақылың болса аттама (Кітап)
-
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы (Бидай)
-
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты (Велосипед)
-
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді (Жұлдыздар)
-
Балалар суға салған жіп
Тереңнен іліп алар жүк (Қармақ)
-
Шөміші жоқ теңізді сапырады
Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)
-
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай (Әтеш)
2 - айналым
Екі адам бір - біріне жұмбақ жасырады. Ұпайы көп жеңімпаз атанады.
Көрермендер көрімдігі.
Ұйқасын тап.
-
Өзінше ноян, қорқақ (қоян)
-
Тұмсығымен шымшып, құрт тереді (шымшық)
-
Кезіп жүрген шандақты, көрдім жана (қаңбақты)
-
Алмастан тыным, шабады (құлын)
-
Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады,
Жазғытұрым болғанда
Су болып сайға ағады. (Қар)
-
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсен жылатады (Пияз)
-
Асты тас, үсті тас,
Ортасынды жанды бас (Тасбақа)
-
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)
-
Тал басынды түндіксіз отау (Ұя)
3 - тур.
Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.
Жүргізуші жұмбақ жасырады, оны жұмбақшы шешеді, соның жауабына мақалшы мақал айтады. Ұпайы азы жеңіледі.
-
Отыз ек батыр,
Екіге бөлініп жатыр (тіс)
Отыз екі тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге тарайды.
-
Бір беткейде екі көл. (көз)
Көзің ауырса - қолыңды тый,
Ішің ауырса - ауызыңды тый.
-
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды. (су)
Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.
-
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (ұстаз)
Астазы жақсының ұстамы жақсы.
-
Аспаннан домалап,
Көп моншақ төгілді.
Бусанып жон алап,
Терледі керілді. (жаңбыр)
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады.
-
Ұзын тұртты сарылар,
Қойнында толған наны бар (бидай)
Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен
4 - тур.
Ұпайы көп алған қалады. Егер ол ойынды ары қарай жалғасытырсы келсе, шешендік сөздерге қатысады. Жалғасытырғысы келмесе сыйлықты алады. Ойын аяқталады.
Шешендік сөздер.
-Өмірде не жетім?
-Өмірде ата - анасы жоқ бала жетім.
Тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса - хан жетім.
Хан ақылсыз болса - халқы жетім.
Кеңесшісі ақылсыз болса - әкім жетім.
Суы жоқ - құдық жетім,
Ұлы жоқ - әке жетім.
Қызы жетесіз болса - ана жетім,
Досы жоқ - жігіт жетім,
Шәкіртсіз - ұстаз жетім,
-Үйде кім, елді кім қадірлі?
-Үйде қонақ, бала қадірлі,
Елде хан, ұстаз қадірлі
Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.
Бала үйдің патшасы
Балалы үй - базар, баласыз үй - қу мазар
Осылайша өрбіген ойын қорытындысының жеңімпазы марапатталады.