Кеш: Саз өнерінің шебері

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кештің тақырыбы: «Саз өнерінің шебері»

Кештің мақсаты: Жас ұрпақты Шәмші шығармашылығымен таныстыру, Шәмшінің қайталанбас саздарын жас ұрпақтың бойына сіңіру.

Кештің көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер, әдебиеттер, журналдар т.б

1-ж:Құрметті, өнер сүйер көрермен, халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Саз өнерінің шебері» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Музыка- жүректің тілі, шынайы өмір. Атақты биолог Ч.Дарвин: «Егер маған өмірді екінші рет берсе, мен белгілі мөлшерде әрі кеткенде аптасына бір рет музыка тыңдауды ереже қылар едім. Бұл талғамдардан айырылған бақыттан айырылғанмен тепе-тең»,- деп баға берген екен.

Еліміздің елдігін, жеріміздің кеңдігін, салтымыздың сарынын, дәстүріміздің діңгегін, тіліміздің тынысын танытатын Тәуелсіздігімізді алғаннан бері, жоғалғанымызды тауып жатқандаймыз. Сан жылдар бойы қазақтың даласы мен баласын, бабасы мен данасын ән әуенімен тербеткен, әндері сонау шет елдерде шырқалған, Шәмші шығармашылығының шырқау шыңы биік.

Шәмші керуегі мен жусаны жүз түрлі дертке шипа қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отрар ауданы, Шәуілдір ауылында 1930 жылы, 15-тамызда дүниеге келген. Шәмшінің әкесі Әнапияны /аяғындағы қалына қарап Қалдаяқ атап кеткен/, түрлі аспаптарда ойнайтын өнерлі, зергер, ұста болған. Анасы Сақыпжамал әнші, ауыл кештері онсыз өтпейді екен.

Шәмші Жамила әжемізге аяулы жар, Әбілқасым мен Мұхтардай ұлдарға қадірлі әке, іні-қарындастарына ардақты аға бола білген.

Жалын атқан сезім сыйлап баршаға,

Жүректерді шаттандырдың қаншама

Жан жүйемді тебіренткен тәтті әуен,

Жаса мәңгі, Ән жұлдызы-Шәмші аға!

2-ж Қазақстан қойнауы дәнге де әнге де кенге де толы ырысты, берекелі өлке. Шәмшінің еліміздің тыныштығына, бірлігіне арнап 1956 жылы Жұмекен Нажмиденовтың сөзіне жазылған, еліміздің Әнұранына айналған әні «Менің Қазақстаным».

Ән: ҚР Әнұраны «Менің Қазақстаным»

Ұнайды баршаға

Тыңдайды тамсана

Әлдилеп жанды барады,

Әндерің сырлы, Шәмші аға !

Әндерің сазды, Шәмші аға !

Ұйқысыз түндер өтіпті таңнан нұр сауған

Нәресте үні шекер-ау күтіп тұрса алдан

Дүниеге сені әкелген жанды ардақтап

«Ана туралы жыр» әні шырқалған

Ән: «Ана туралы жыр» орындайтын Жұмағазиева Ақерке

1-ж: Шәмші жүрегінен шыққан ән әуездері Мұхтар жүрегінен жыр болып төгіліп, өзара үйлесімділік тауып жатты. Бірде екі дос достарының үйлену тойына бармақшы болады. Не сыйласақ екен деп ойлана отырып, тойға сыйлық ретінде екеуінің қаламынан шыққан жыр «Ақ бантик» тарту еткен екен.

Әні: Ш.Қалдаяқов Сөзі М.Шаханов : «Ақ бантик»

2-ж:Шәмші ағамыз «Мені танығысы келетіндер әндерімді тыңдасын. Патшалар небір үкіметтер келеді-кетеді, ал-халық мәңгілік. Бар бақытым- халықтың маған деген сүйіспеншілігінде, ән айтқанның бәрі әнші емес, ән жазғанның бәрі-Шәмші емес»,- деп өз-өзін жұбатып қояды екен.

Ән: «Өмір -өзен

2-ж:Шәмші өмірімен шығармашылығының зерттеуді қажет ететін белгісіз тұстары жетерлік. Осындай мақсатта Құмсай орта мектебінде «Дарын» жетекшісі Ибраева Алтынай Жолшықызының жетекшілігімен 2007 жылдан бастап зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Өз облысымыздың көлемінде айтылғанымен, тарих беттерінде Ш.Қалдаяқовтың алғашқы еңбек жолын қай жерде бастағандығы туралы жазылмаған. Шәмші Шымкенттегі Қапланбек атындағы ауылшаруашылық техникумын бітірген соң, 1950-1951 жылдары Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Құмсай ауылында /бұрынғы Жұрын ауданы Темір кеншарында/ зоотехник болып жұмыс жасаған. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында оқушыларымыз Қонақова М.Қ, Сарина А.Ж, Құрманбаев З.Д ғылыми жобалар қорғап, жүлделі орындар иеленіп, тарихқа кішкене үлестерін қосты. Шәмші осы шамалы уақыт ішінде ауыл тұрғындарымен достасып, әскерге де осы ауылдан аттанған. Шәмшінің әскерлес достары Искаков Ахмеди, Абат ақсақал, Хасенов Болат. 1976 жылы Шәмші Құмсайлық досы Жұмағазы ақсақалдың шақыруымен Құмсай ауылына екінші рет келіп, ауыл адамдарымен дидарласады. Кейін Ор бойына арнап ән жазатындығын айтады. Жұмағазы ақсақалдың сол 1976 жылы дүниеге келген немересіне «Айнұр» деген есімді Шәмші қойғанын мақтанышпен еске аламыз. Шәмшінің көзін көрген замандастары жыл санап азайып барады. Дегенмен, ортамызға Шәмшінің көзін көрген тұрғындарымыз зейнеткер ұстазымыз Балқия Садуқызы, мал шаруашылығына еңбегі сіңген малшы зейнеткер Байболов Темірғали атамыз келіп отыр, осы кісілерге сөз кезегін береміз.

Болар ма, әсте, осыдан артық сый деген,

Жазира жолға шыққандай әсем күйменен.

Буыны балқып, шаттықтан басы айналып,

«Бақыт құшағында» билеген.

Ән: «Бақыт құшағында»

Өлең: «Шәмші» Т.Молдағалиев поэзияға жаны құмар 8кл. оқушысы Бегенов Ғалым

Халқымның жүрегінде мәңгі есімің,

Сазыңмен тербетеді тал бесігін.

Қазақтың вальстерін қасиетті

Шәмші аға орынына қойып бердің.

Шәмшінің «Қуаныш вальсін» білмейтін жан кемде-кем болар. Осы әнді бимен өрнектесек одан да сұлулана түсері сөзсіз.

Би: «Қуаныш вальсі» 9кл. оқушылары

1-ж

Әндерің ғасырларға жалғасатын,

Жаңғырып жадымызда қалар атың.

Дүбірлі дүниені түгел шалсам

Өзіңнен артық сазгер бар ма асатын?!

Әуезді әуеніңе дала тұнған,

Ауаның торабымен таралды ән.

Ерекше ел аузында дара тұлғаң

Жүрегің сазды әуеннен жаратылған.

Қазақтың бұлбұлы Б.Төлегенова : «Қалдаяқов - бәрінен ерекше, ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Өзінің ерекше жолымен жүрді. Оның шығармалаларын кәсіби әншілер де, эстрадалық әншілер де көп орындайтын. Қазіргі уақыттағы композиторлар маған ренжімей-ақ қойсын, Қалдаяқовтай композитор жоқ.»- дейді әнші.


-21-

--

Шәмші аяғы басқан киелі өлкеден өнерпаз жастардың шықпауы мүмкін емес. Аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы, Республикалық «Ақ көгершін» ән байқауының дипломанты 10кл. оқушысы Убайдоллаев Әділханның орындауында «Сыған серенадасы» әнін қабыл алыңыздар.

2-ж.Мектебіміздің жас ақыны, аудандық ақындар мүшайрасының жеңімпазы 10кл. оқушысы Алимов Әбілманатты Шәмшіге арнаған өлеңімен ортаға шақырамыз

  1. ж.Бағдат. Алтаев «Арыстың жағасында» 6-кл.оқушысы Әубәкіров Бахтияр

Арыстың жағасына

Шақырсам барасың ба?

Мөп-мөлдір тамшыларын

Моншақ қып тағасың ба?

Ақынды тамсандырған

Бұлбұлға ән салдырған

Кербезім, басымды идім

Өмірге ән қалдырған

Жағаға барайыншы

Есіме алайыншы.

Мұхтар мен Шәмші салған

Әуенді салайыншы.

Сол өзен өзің көрген,

Жан аға, әлі ағады.

Мұхтарың бірақ жалғыз

Жәудіреп тұр жағада

Қазақта дарасыңдар

Арысқа баласыңдар.

Бірің -ән, бірің-өлең

Аңыз боп қаласыңдар!

-22-

Мектебіміздің жас әншісі, аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы Мұқан Нұрбибінің орындауында 3 тілде «Арыс жағасында» әнін қабыл алыңыздар.

2-ж.

Хош иісті бұйра бүршік аршаға,

Ұқсатушы ем, нұр бейнеңді біршама

Ақпан соқса, Тоқпан соқса өлмейтін

Әдемі әндер қалдырдың сен, Шәмші аға!

Атың -аңыз, жұрт айтады тамсана,

Арманға асар жолда дейсің шаршама.

Алдың-пейіш, артың кеніш болса екен,

Алты алаштың аяулысы - Шәмші аға.

Алты алаштың аяулысы - Шәмші аға!

Аудандық патриоттық әндер байқауының, облыстық «Жас талант» ән байқауларының жүлдегері 10кл. оқушысы Мұңайтпасов Жансеріктің орындауында «Қайықта» әні

  1. ж.Ағылшындық Роберт Файлер «Қазақтың ұлы композиторымен танысқаныма қуаныштымын. 300-ге тарта ән шығару үлкен ерлік. Ондайларға ескерткіш орнату керек»,- деп баға берсе,

Мұхтар Әуезов «Шәмші саздары Ақан сері, Біржан сал өнерпаздығынан кейінгі бір жыл келгендей жаңалық сездіретін үздік құбылыс»деп өзінің жылы лебізін білдіреді.

Аудандық мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы 10 кл. оқушысы Жұмағазиев Нұрымжанды Шәмшіге арнауымен ортаға шақырамыз

  1. ж:

Шәміл-ау!

Шәмші қайда ?

Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,

Тағы да бір таңдандырсын!

Жандандырсын, жүректі, жандандырсын!

Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер,





-23-

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын!- деп Мұқағали ақынымыз жырлағандай, ортамызға аудандық ән

байқауларының жүлдегері, Республикалық «Ақ көгершін» байқауының дипломанты 7кл. оқушысы Сағынова Жарқынайдыт«Әнім сен едің» әнімен шақырамыз.

1-ж:

Отрардың ән, жыр даңқы қазір екеу ғанамыз

Ал рухи көшбасшымыз Әбунасыр данамыз

Екеумізді он орайтын өтті қанша бабамыз

Тіпті оларды түсінуге жетер емес санамыз

Сол тұлғалар арасында біздер мүлде баламыз,

Біз төменнен санағанда бірінші орын аламыз,-

деді Шәмші Қалдаяқов бұдан 30 жыл бұрын

Әуеніне жалғап тұрып Сырдың сұлу сыңғырын-деп Мұхтар ағамыз жырлаған Шәмші ағамыз, өз уақытында атақ, даңқ иеленбеген жан. Жыл өткен сайын Шәмші шығармашылығы жаңарып, жасарып келеді. 1965 жылы Жастар сыйлығының лауреаты атанса, « Халық әртісі» атағын өмірден қайтар шағында 1991 жылы желтоқсан айында алған. 1992 жылы, 29 ақпанда қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы Ш.Қалдаяқов өмірден озды.

Өлең: «Қалдаяқов өзені» М.Шаханов /Жантілесов Нұржан/

Бар қазақты тамсандырған,

Таңнан-таңға ән салдырған Шәмші едің.

Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.

Зорсығанның көбісі құры сүлде.

Ешкім көзі тірісінде

Ән көгінен дәл өзіңдей таба алған жоқ нар сенім,

Қандай ғажап кереметің бар сенің.

Ұлылыққа еліктегіш отсыз, нәрсіз көздер көп,

Біреулер жүр саусағының көмегімен сазгер боп,

Ал сен ұлы жүрегіңмен.

Пейіліңмен, тілегіңмен,

Дарын едің алдыңа жан салмаған,

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған

Отрардың еңкеймеген рухын

Әр қазақққа ән арқылы жалғаған.

Бәлкім, содан маңдайыңның қасіреті тым қалың,

Пенделік пен кенделікті көп көрсең де, сынбадың.

Заманында ұшырсаң да әннің небір сұңқарын,

Тіпті сазгер қоғамына мүше болмай кеттің -ау

2-ж:

Табиғи талантының арқасында халқының шексіз сүйіспеншілігіне бөленген Шәмші мұрасы - мәңгілік. Қазақ халқын 40 жыл әсем әуенімен сусындатқан, «Вальс королі» Шәмшінің өзі де әнге айналып кеткендей. Асқар таудың биіктеген сайын асқақтай түсетіні секілді, жылдар өткен сайын Шәмші саздары асқақтап, Шәмшіге деген құрмет күшейіп келеді.Тума таланттың түбінде тұғырына қонары сөзсіз.

Ән: «Ән-аға» Убайдоллаев Әділхан

Ән әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған кешімізді аяқтаймыз.


© 2010-2022