Открытый урок на тему улкенге курмет

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімі:

Мерзімі: 21.11.14 № Сынып: 2 Оқушылар саны:

Тақырып: Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлау, тілалғыш болу, ұрыспау.

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығын үлкендерді сыйлау, тілалғыш мәні болу, ұрысқақ болмау қасиеттері арқылы ашу.

Міндеттері:

1.Оқушыларға үлкендерді сыйлау, тілалғыш болу, ұрысқақ болмау қасиеттерінің мәнін түсіндіру.

2. Оқушылардың бойында үлкендерді сыйлау, тілалғыш болу, ұрысқақ болмау қасиеттері арқылы адами қарым-қатынас ізгіліктерін дамыту.

3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, тілалғыш болуға, ұрысқақ болмауға тәрбиелеу.

Ресурстар: интерактивті тақта, ватман қағазы, маркерлер, «Нұрға бөлену» әуені

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Нұрға бөлену»

Тыныштық сәті «Гүл»

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз.

Көзіңізді жұмып,терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,

Сабырлы болуға тырысыңыз.

Ыңғайлы отырыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Басыңыз бен қолыңызды төмен түсіріңіз. Өзіңізді гүлдің дәні деп есептеңіз. Міне, күннің жылы шұғыласы жер бетіне түсіп, дәнді қыздыра бастады. Гүлдің тұқымынан өскін пайда болды. Өскіннен әдемі гүл өсіп шықты. Орныңыздан тұрып, қолыңызды жоғары көтеріңіз. Гүл күнге қарап әрбір жапырағын жылыту үшін қозғалады. Иегіңізді көтеріңіз, күнге қарап күлімдеңіз, басыңызды оңға - солға бұрыңыз.

Бұрынғы қалпымызға келейік.

Енді гүл болған кезде өзіңізді қалай сезінгеніңізді айтып беріңіз.

Сабақ барысын талдау:

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің айтар ақылым» тақырыбына ( қарындасына, сіңлі, іңіне) жазылған ақыл хатты оқу.

3. Дәйек сөз. «Өзгеге жасаған ізетің-өзіңе жасаған құрметің»

Халық даналығы

  1. Хормен айтқызу

  2. мағынасын қалай түсінесіңдер? ( Ізет-үлкендердің кішілерге көрсететін сыйластықты қарым-қатынасы. Өзің сыйласаң, сені де сыйлайды.Сондықтан жастайыннан үлкенді құрметтеуді, үлкен болғанда кішіге ізет жасауды білсең өмір бойы сыйлы болып өтесің.

  3. дәптерге жазу


  1. Әңгімелеу

Мұғалімнің әңгімесі

«Рақмет, ата!» мәтінін әңгімелеп беру

  1. Мәтіннің басты кейіпкері кім?

  2. Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?

  3. Өздерін үлкендерге қандай құрмет көрсеттіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөліп, тапсырма беру.

1 топ «Әдептілік ережелерін» құрады

2 « Үлкендерге құрмет» тақырыбына 5-6 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазыңыз.

3.«Кішіге ізет» тақырыбына 5-6 сөйлемнен тұратын шағын мәтін жазыңыз.

  1. Әдептілікке байланысты мақал-мәтел жаз.


  1. Топпен ән айту

Сөзі Ә. Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз-өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз


  1. Үй тапсырмасы

«Кешірім-сыпайылық белгісі» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңдар.


  1. Тыныштық сәті

( баяу музыка ойналып тұрады)

Мұғалім: - Балалар, бәріміз көзімізді жұмып тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет!





© 2010-2022