Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Мақсаты:

1)8 - наурыз туралы түсінік беру, жеңешесі мен қайынсіңлісі арасындағы қарым - қатынасты нығайту,

2) бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;

3) мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:презентация, қабырға газеттері, нақыл сөздер, гүлдер, тапсырмалар.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 - Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

1 - бөлім.

1-жүргізуші: Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын, Көкжиектен таң сайын асықты Күн. Келді тағы көктемнің мерекесі Дидарыңа шуағын шашып бүгін. 2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік ән - шашуымызды өздеріңізге арнаймыз.

Бақытжанның орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,

«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.

«Ана» деген - бәйтерегі өмірдің,

«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

2-жүргізуші:

Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп,

сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние жүзінің озық ойшыл жандары

8 - наурызды халықаралық әйелдер күні етіп белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі.

Балтабектің орындауында «Анашым»,(сөзі. Қайрат Жұмағалиевтікі, әні. Марат Омаровтікі) әнін назарларыңызға ұсынамыз

1-жүргізуші :

Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар.

Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды,ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту - таралғының керегі жоқ.

Көрініс: «Ананың жұмбағы».

Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:

Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?

Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.

Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.

Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.

Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол - асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.

Ана: Жарайсың, кенжетайым!

Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.

Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!

Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып «Ана - өмір шуағы» деп жадыраған, жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Міне, көңілді патшалықтың мен көрген бір күні осылай шаттықпен өз ұясына қонды.

2-жүргізуші:

Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,

Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.

Төрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!

Жадыраның орындауында би «Қосалқа»

ІІ бөлім.

1-жүргізуші:Ендеше келесі кезекті «Сырғалы жеңешем» сайысына береміз

2-жүргізуші:

Сонымен, бүгінгі сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз

Қайынсіңлі сөзін жерге тастамай,

Келіп тұр ортамызға жеңгелер-ай.

Бүгінгі күн сіздер бізге қонақсыздар,

Олай болса, төр сіздікі,төрлетіңдер!

1-жүргізуші:Олай болса, сахнаға шығу реттілігі мен топ атын таңдайық.

2-жүргізуші:Әділдікпен баға берер сайысқа,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Рет-ретімен таныстырып бастайық.

2-жүргізуші:Әділқазылар мүшелерімен таныс болайық

- Бекібай Марал Кітабайқызы - тәрбие ісінің меңгерушісі;

-Тұрғанбаева Мира - ата-ана;

- Бердіқұлова Гүлшат - ата- ана.

1-жүргізуші: Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Таныстыру (Жеңгесі қайынсіңлісін, қайынсіңлісі жеңгесін таныстырады)

2. «Өнерлінің өрісі кең» (топтың өнерін тамашалау)

3. «Халқын сүйген-салтын сүйер» (Қыз бен жеңгесі қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық тағамдарына қатысты сұрақтарға жауап береді)

4.Сырымыз бір жеңгелер (сұрақ-жауап)

5. Ептілік сайысы. (бірлесіп жасаған қолөнерлерін көрсетеді)

6. «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті ас» бірлесіп дәмді тағам дайындау.

2-жүргізуші

Қайынсіңлісін қолдап келген жеңгелер,

Сендерге артар міндет көп.

Көтер биік ата-салтын құрметтеп,

1-жүргізуші:1 кезең: Таныстыру. Арулар мен жеңгелер,сайысқа дайынсыздар ма?

Олай болса,бірінші тапсырма-көпшілік қауымға өздерін таныстыру.

2-жүргізуші:2 кезең:«Өнерлінің өрісі кең» ( реттілігімен ортаға шақырамыз)

1-жүргізуші: 3-кезең:«Халқын сүйген-салтын сүйер» (салт-дәстүрге қатысты сұрақтар)

Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды,ұнасымды ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап,жаңартудан қашпайық.

2-жүргізуші. Ендеше қыздарымыз бен жеңешелерімізді ортаға шақырамыз. Әрқайсы бір сұрақтан таңдайды. Әр жұп 2 сұраққа жауап береді.Дайындалу уақыты 3 минут.

1-жүргізуші: Дайын болған жұптардың жауаптарын тыңдайық.

2-жүргізуші:4- кезең: «Сырымыз бір жеңгелер» (Сұрақ-жауап)

1-жүргізуші:

Көз тартады көктем-нұр

Жүрек тербеп сыңқылдап.

Қыз қиыла сұрайды,

Жеңгесінен қыңқылдап:

-Бойжеткен боп көрдің бе?

Сылаң қағып назданып,

Қызғалдақтар тердің бе?

Кестелеген орамал

Ағайыма бердің бе?

2-жүргізуші:

Бойжеткен боп көргенмін,

Сұлу бұрым өргенмін.

Қыз сүйетін қызғалдақ

Қырға шығып тергенмін.

Кестелеген орамал

Сүйіктіме бергенмін

Жасыратын сырым жоқ,

Жаным,сенен жеңгеңнің.

1-жүргізуші:

Қыздар бір бөлек,жеңгелер бір бөлек отырады.Қыздар мен жеңгелерге бірдей сұрақтар беріледі.Егер екі жақтың жауаптары сәйкес келсе-онда олар жақсы сырлас болғаны.

(Сұрақтардың мазмұнымен таныстырып,әділқазы мүшелеріне бағалату, ұпайларын есептету).Сұрақтарға жауап беруге 5 минут беріледі. Сайыскерлеріміз дайын болғанша ортаға Бағлан мен Айбекті шақырамыз.

2-жүргізуші: 5 кезең «Ептілік сайысы», қолөнер сайысы, құрақ құрау

1-жүргізуші: сайыскерелеріміз дайын болғанша назарларыңызға Мұратов Айбектің орындауында «Мама» әнін ұсынамыз!

1-жүргізуші: 6 кезең. . «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті ас» бірлесіп дәмді тағам дайындау»

2-жүргізуші: сайыскерелеріміз дайын болғанша назарларыңызға Орынбасарова Ақбаянның орындауында Мұқағалаи Мақатаевтың «Арулар» өлеңін ұсынамыз!

1-жүргізуші:Сөз кезегін әділ қазылар алқасына берміз.

Қорытындылау: Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтаймыз!Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Тәрбие сағатынан көріністер

«Сырғалы жеңешем» сайысына қатысушылар

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Ақбаян жеңешесімен Айзада жеңешесімен

Таныстыру

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Жеңгесі мен қайынсіңлісі бірін -бірі таныстырды

Ептілік сайысы

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешемТәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Жеңгесі мен қайынсіңлісі бірлесіп құрақ құрады

«Таңдайдан дәмі кетпес тәтті ас» бөлімінен көрініс

Қайынсіңлілерімен жеңгелері бірлесіп дәмді тағам дайындау.

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешемТәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

«Сырғалым» тобы

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешемТәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

«Айкөркем » тобы

«Сырымыз бір жеңгелер»

Тәрбие сағаты Сырғалы жеңешемТәрбие сағаты Сырғалы жеңешем

Қыздар бір бөлек,жеңгелер бір бөлек орналасып, қыздар мен жеңгелерге бірдей сұрақтар берілді. Екі жақтың жауаптары сәйкес келсе - бұл олардың жақсы сырлас екенінің дәлелі.



© 2010-2022