Детективтер әлемінде құқықтық турнир

1.Құрметті  оқушылар ! Сендер ,  бақытты  балаларсыңдар ! Олай  дейтін  себебіміз , мынадай  зәулім  мектепте , ата – ана  мен  ұстаздардың  мейірімді тәрбиесінде , мемлекеттің  қамқорлығында  білім  алып  жатырсыңдар . Әрдайым  осылай  жайнап , дендерің  сау  болып  жүре  беріңдер . Егер  қиындыққа  ұшырасаңдар , сендерді  қорғайтын  заң , яғни  « Балалар  құқығы  конвенциясы » , тіпті одан  қалса  БҰҰ  бар  екенін  әрдайым  есте  сақтаңдар . Сендер  әлі  орта  мектеп  оқушысыңдар ,   мемлекеті...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Детективтер әлемінде

Құқықтық турнир

1.Құрметті оқушылар ! Сендер , бақытты балаларсыңдар ! Олай дейтін себебіміз , мынадай зәулім мектепте , ата - ана мен ұстаздардың мейірімді тәрбиесінде , мемлекеттің қамқорлығында білім алып жатырсыңдар . Әрдайым осылай жайнап , дендерің сау болып жүре беріңдер . Егер қиындыққа ұшырасаңдар , сендерді қорғайтын заң , яғни « Балалар құқығы конвенциясы » , тіпті одан қалса БҰҰ бар екенін әрдайым есте сақтаңдар . Сендер әлі орта мектеп оқушысыңдар , мемлекетіміздің азаматысыздар.Құқықтарыңызды білесіздер. Біз бүгін сіздермен «Детективтер әлемінде» атты сайыс өткізгелі отырмыз .

2.Сайысты бастамас бұрын бүгінгі ойынның әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар :

1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Әбдіқадыр П

2. Құқық пәнінің мұғалімі - Шотбақова Г.

3.Мектеп психологы - Байсупакова Ж

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Оралбаева Г

5.Педагог - ұйымдастырушы - Қартқожаев Т

2 . Бәйгенің аттарындай шабыстары ,

Білімнің ұшқыр болсын табыстары .

Қол соғып қошеметтеп отырайық ,

Топтарымыз бүгінгі міне сайысады.

Ортаға сайыскер топтарымызды шақырайық !

№1«Бүркіт» із кесушілер тобы өз тобын таныстырады

№2 «Агент - 007» із кесушілер тобы өз тобын таныстырады

1.Ал,қырандар , сайысқа қалайсыңдар ,

Сендер өтер алдыда талай сын бар .

Айтыңдар қарсыластар қымсынбай кеп ,

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар !

Енді екінші сайысымыз «Сергіту» сәті, сұраққа жауап беру . Әр топқа төрт сұрақтан .Ойлануға 30 секунд .

1)Мемлекеттің негізгі заңы не ? Ол туралы не айтасың ?

2)Қылмыс деген не ?

3)Қылмыс істеген кезде неше жастан азаматтар қылмыстық жауапқа тартылады?

4)Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жазалар қандай ?

5)Әкімшілік құқықты бұзушылық дегеніміз не ?

6)Мемлекеттің негізгі белгілері не ?

7)Азаматтық дегеніміз не? Кім Қазақстан азаматы болып саналады ?

8)Жеке адамға қарсы қылмыстың қандай түрін білесіңдер ?

2.Үшінші сайысымыз «Заңгерлік кеңес» деп аталады , Әр топ өзіне берілген тапсырмалардың шешімін айту керек .Яғни , ситуациялық сұрақ :

А) 16 жасқа толмаған мектеп оқушысы масаң күйде дискотекада билеп тұрған бойжеткендердің мазасын алып , өзімен билеуін талап етеді. Билеуге келіспеген бойжеткендерді балағаттап арына тиеді . Осы қылығы үшін бұл оқушыны жауапкершілікке тартуға бола ма ?

Ә)Оқушы себепсіз 1 ай сабаққа келмей қалған . Осы оқушыға заң орындары қандай шара қолданады ?

1.Төртінші сайысымыз «Әдеби кейіпкерді анықтау»Кейіпкерді берілген портрет

бойынша анықтау және осы кейіпкер кімнің шығармасының кейіпкері екенін табу

А) Ол ұзын бойлы , жауырынды , шүңіректеу қара кер тобылғы көзді , қырқып жүретін сақалы , мұрты бар . Жасы 25 - 26 жас шамасында Сом сұлу денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай . Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі онда зор қайрат , үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді . Бет- аузы

бүркіттің бетіндей . Қыран саусақтарындай , күшті темірдей жұдырықтарын түйіп , кәрін тігіп ,

  • А - а !... қандай қылайын деп төніп келсе , шөпжеңді кісінің әруағы ұшып кететіндей азамат . Ол қоңыр елтірі тымық . Аты сұлы жеп жүрген , мейіздей қатқан құбақан ат ....

Б)Мен таңқы мұрын , бадырақ көз , шұнақ құлақтау , жарбақтау , кірпі шаш , қарыс маңдай , қара - сұр жігітпін . Жасым 35 - те . Әкем Тойбазар , өзім өз болғалы аузым асқа , ауым атқа жарыған емес . Ес біле есікте жүрдім . Ә , дегенде құны жоқ , былық , сараң , жаман Төлеубай дегеннің қозысын бақтым . Ел жайлауда , көк шалғында қымызға қызып , гуілдеп , мас боп жатқанда , мен босағада отырып , жырық сары тостағанмен саумал ішіп , дамбалым борша - борша , шекпенім өрім - өрім болып , жалбаңдап , қой іздеген қозыны ауылдан шығара алмай , дедектеп , кейіп жыламсырап жүргенім . Балалар алтыбақан теуіп , ақсүйек ойнап , шуылдасып асыр сап , өлең айтып , думан қып жатқанда «Таңертең оянбайсың , жат» деген байдың зекуін естіген соң , қара інгеннің қолаңса сасыған жабуын оранып , үй жанында бүк түсіп жатқаным . Әсіресе шырт ұйқыда жатқанда : «Тұр , қозыны ағыт! » деп байдың бүйірден теуіп оятқаны жаныңа батады - ау . Амал жоқ , бүрсеңдеп жүріп қозы ағытып , бір тостаған іркіт ішіп , көзіңді уқалап жүгіре жөнелесің .

2.Бесінші сайысымыз «Топбасшылар» сайысы

А)Батыс Еуропа елдерінде із кесушіні , қылмыстық істерді тергеушіні қалай атаған ?

Ә)Басқа бір адамның ұжданына тіл тигізу , масқаралау .

Б)Біреудің мүлкін ашықтан ашық алып кету .

В)Әр алуан құрылыстардағы жазуларды , суреттерді қорлау , бүлдіру немесе былапыт сөздер жазу

Г)Мемлекеттік , жеке ұйымдарға азаматтарға қарсы бірлесіп ұйымдасқан түрде шабуыл жасайтын , өзара мүше болып , келісім бойынша іс - әрекет ететін , ұйымдасқан топ .

Д)Біреудің мүлкін алдап - арбап иелену

Е)Бір істі тергеу немесе тінту кезінде шақырылатын адам

Ж)Заң бұзушының келтіріген жағымсыз зардабы

З)Әкімшілік жауапкершілікке істеген тәртіпсіздігіне орай неше жастан тартылады?

К)БҰҰ -ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары қашан қабылдады ?

Қ)Заңды кім шығарды ?

Л)Қазақстанның егемен ел болғанына неше жыл ?

М)Теңіз қарақшысын кім дейді ?

1.Осымен бүгінгі сайыс аяқталды ,

Сөз кезегін әділ - қазылар алқасына береміз .

2.Жеңістер мен жеңілістен тұратын ,

Өмір - күрес жеткізер ме мұратын .

Жеңбедім , жеңілдім деп ренжімегін ,

Қатысу да бір жеңіс , жан болсаң сен ұғатын .



© 2010-2022