Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. «Түбінде адам болатын бала»

Көпір тапсырмалары1.Бердібек Соқпақбаев кім?Жауабы:Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер,дарын иесі,балалар жазушысы.2. Айтуға ықшам, құлаққа жағымды,мағына жағынан да жоғары идеялы есімдер деп қай есімдерді айтуға болады? Теориясы: «Түсіну»( неге? себебі? неліктен? не үшін?)1. Қай сәт бейнеленген? Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, ш...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі.


« Түбінде адам болатын бала».

Көпір тапсырмалары

1.Бердібек Соқпақбаев кім?

Жауабы:Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар қаламгер,дарын иесі,

балалар жазушысы.

2. Айтуға ықшам, құлаққа жағымды,мағына жағынан да жоғары идеялы есімдер деп қай есімдерді айтуға болады?

Жауабы:Мұрат, Болат,Ербол,Бақыт деген аттар мағына жағынан да

жоғары идеялы есімдер деп атауға болады.

3.Қожа қандай бала?

Жауабы: Қожа соншалықты бұзық бала емес. Оны бұзатын Сұлтан

деген өзінен үлкен бала. Қожа қиялшыл,сезімтал,зерек бала.

ІІ кезең ( топтық жұмыс) жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары.

Теориясы: «Білу» (кім?

Не? Қашан?қайда? не істеді?)









Теориясы: «Түсіну»

( неге? себебі? неліктен? не үшін?)

1. Қай сәт бейнеленген?

Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!

Жауабы: Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағандағы сәт.

2. Есікті аша бергенде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.

Жауабы: Бақа оқиғасынан кейін апасына кездесер сәт.

3. Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп,ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?

Жауабы: Педкеңес болып жатқан сәт.

4.. Тағы да мамам тұрып,басын изеп,мақұлдап,бірдеңе айтты. Анасының сөзі.

Жауабы: Шығарсаңдар,шығарыңдар мектептен!Кетсін қаңғып.Менің де жүйкемді жүн етіп құртып бітті бұл оңбаған!

5. Көк көз келіншек сатушыға не деп дауыстап жатыр?

Жауабы: Анау сұр кепкалы балаға бермеңіз. Ол кезексіз кіріп кетті.

6. Қожаның айтуы бойынша Жантас қандай бала?

Жауабы: Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап сыпсыңдағыш,өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш бала.

7. Саған бұл жолы жолдама берілмейді.Екінші кезекте барасың.

--Неге?

--«Неге болушы еді»-деп Майқанова қандай себеп айтты.

Жауабы: Барлық оқушыға бірден жетіспейді.Ал,екіншіден,ең әуелі біз

Лагерьге үлгілі,тәртіпті оқушыларды жібереміз.

8. Сабақты жақсы оқу-үлгілі оқушының бірінші белгісі. Мен осы тоқсанның ішінде қалай еткенде де озат оқушылардың қатарына қосылуым керек.

Ол үшін құпия кеңесте Қожа не істеймін деп шешті?

Жауабы: а) Сабақтан бір сағат та себепсіз қалмаймын.

ә) Үйге берілген тапсырманы мезгілінде орындап отырамын.

Неліктен Қожаның келбеті көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсады?

Себебі: Бұл сәтте ол бақа оқиғасынан кейін апасымен кездесетін еді.

Неліктен Қожа лагерге бара алған жоқ?

Себебі: Қожаға лагерге жолдама берілген жоқ. Жолдама үлгілі, тәртіпті оқушыларға берілетін еді.

Неліктен Қожа құпия кеңес жасады?

Себебі: Қожа үлгілі,тәртіпті оқушы болғысы келді.

Теориясы: «Талдау»(1.Салыстыр,

2.Айырмашылығы не-де? 3.Ұқсастығы неде?)

1.Венн диаграммасы арқылы Қожа мен Жантасты салыстыр.

Қожа Ұқсастығы Жантас

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».

Теориясы: «Жинақтау» ( қоры-

тынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле)

Жаңа тақырып бойынша Қожаның жағымды,жағымсыз жақтарын көрсет.

Жағымды жақтары Жағымсыз жақтары

Практикасы:

«Қолдану»

Қожаның көңіл-күйіне байланысты сөздерді тауып жаз

Қуанғанда айтқан сөздері

Өкінгенде айтқан сөздері

Ренжігенде айтқан сөздері


Практикасы «Баға беру» ( сен қалай ойлайсың? не істер едің?)

Сен қалай ойлайсың?

Оқулық сатып алудағы Қожаның ісі дұрыс па? Оның орнында өздерің болсаңдар қайтер едіңдер?

....................................................................................................................... .

ІІІ кезең: (жеке жұмыс)

Деңгейлік тапсырмаларды орындап ,балл жинаңдар

1- деңгей ( 5 балл)

Теориясы: «Білу»

1.Қожаның шын атын белгіле

а) Қара қожа б) Қожаберген в) Қожағали

2.Қожа нешінші сыныпта оқитын еді?

а) бесінші б) алтыншы в) төртінші

3. «Қысқы кеш» кімнің өлеңі?

а) М. Лермонтов б) А.Пушкин И.Крылов

4. Қадыров түбінде адам болатын бала. Бұл сөзді кім айтып бара жатыр

еді?

а) Анфиса Михайловна б) С. Майқанова в) Ахметов

5.Қожаның құпия кеңесінде қабылданған қаулы неше бөлімнен тұратын еді?

а) жеті б)бес в) алты

Практикасы: « Қолда-

ну»

Кейіпкерлердің сөздерін тауып сәйкестендір

----Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Қожаның сөзі

----Сіздің не шаруаңыз бар,қоя беріңіз Мамасының сөзі

----Ал балалар, Пушкиннің « Қысқы кешін» Майқанованың сөзі

жаттап келдіңдер ғой?

----- Осы сен не боп барасың күннен-күнге. Оқу бөлімінің инс-

Бұл не сұмдық! Жүрген жеріңе шөп шықпағыр пекторы

боп барасың ғой.

---Жоқ,Қадыров түзелмейді.Ол уәдесін бізге Анфиса Михайлов- талай берген.Қадыровты оқудан шығару керек. наның сөзі

--- Мынау біздің мектептің ақыны, болашақ Жантастың сөзі. Сәбит Мұқановымыз.

2-деңгей (5балл+4балл- 9балл)

Теориясы: «Түсіну»

Неге? себебі? неліктен? не үшін?

Неліктен Қожаның маңдайынан суық тер бұрқ ете қалды.

Себебі: Қожа «Қысқы кешті» жаттап келмек түгіл, ондай тапсырманың берілгенін ұмытып та кеткен болатын.

Неліктен Қожа маңдайынан буы бұрқырап, омырауын ағытып , қатты ойланып тұр.

Себебі: педкеңесте оның мәселесі қаралып жатқан еді.

Теориясы: «Талдау»

( салыстыр, айырмашылығы неде?


«Теріп алу» стратегиясы (Дәптермен жұмыс)


алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз


Қожа - алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.


Жантас - өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз.

Практикасы:

« Қолдану»

( ІІ кезеңдегі тапсырмалардың өзгертілген нұсқасы орындалады.)


Жантас немене ..... менен артық болғаны ма?

Бермесеңіз, қойыңыз .

«Япыр-ай, енді мені шақырып қалмаса игі еді.

Жазған басым кеше осы өлеңді бір жапырақ

қағазға көшіріп, балыққа ала кетсем ғой,ерігіп демалып отырғанда,тез-тез жаттап алам ғой.»

Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді! Мөп-мөлдір

Мына ғажап дүние!

3-деңгей (5балл+4балл)--- 12балл

Теориясы:

«Жинақтау»


1. Оқиғалар тізбегі
(Ойынның шарты: шатасқан оқиғаларды рет-ретімен қою)
1. Оған байқатпай, жерден жұдырықтай тас жіберіп қалмақшымын
2. Бақаның әлегі
3. Педсовет
4. Жолдама алған Жантас
5. Оқулық емес, қант аламын

Практикасы:

«Баға беру»

(Сен қалай ойлай-

сың? Не істер едің?)






2. Қожаға хат.


3. Қалай ойлайсыздар, әдепті жолға түсуіне не себепкер? Анасын аяуы ма, Сәйбек қарт, Оспановтар айтқан естеліктер ме, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі ме?


4. Абдолла Қарсақбаевтың "Менің атым Қожа" фильмі мен Еркін Рахышевтің "Менің де атым Қожа" фильмін салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.
"Менің қиялымдағы Қожа..." эссе жазып келу






Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
ә) дамытушылық: өлеңдері жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: Оқушының тіл байлығын жетілдіру,

М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: үшөлшемді әдістемелік жүйе, сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадан презентациялық слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, қатысын түгелдеу, оқушыларды сабаққа дайындау

Сынып оқушыларына парта үстіндегі қима қағаздарда жазылған қағаздарды алғызу арқылы төрт топқа бөлемін.

«Ақындар» тобы

«Жазушылар» тобы

«Би-шешендер» тобы

«Жыраулар» тобы

Интерактивті тақтадағы презентациялық слайдтар арқылы үй тапсырмасын сұрап пысықтаймын. Үшөлшемді әдістемелік жүйенің көпір тапсырмалары арқылы үй тапсырмасынан жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Бұл сабақ жоспарындағы асты сызылған, қарамен жазылған сөздер оқушының жұмыс дәптерінде бос тұрады. Оқушылар сабақ барысында сол бос орындарды толтыру керек. Деңгейлік тапсырмаларды үлгергенінше сыныпта орындайды да, қалғанын әсіресе үшінші деңгейлік тапсырмалардың үшінші, төртінші тапсырмаларын үйде орындап келуге беріп жіберуге болады.




Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы

Көпір тапсырмалары

1.Мағжан Жұмабаев кім?

Жауабы: Мағжан қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі.

2. Мағжанның туып-өскен жері және туылған жылы?

Жауабы: Мағжанның туылған жері Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Булаев ауданы.

3. Мағжан алғашқы білім алған жер?

Жауабы: Әкесі Бекен ашқан өжет, зерек Мағжан төрт жасында оқуға барады.

4.Мағжанның білім алған жоғары оқу орындарын жаз.

Жауабы: Уфадағы Ғалия медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер

семинариясында, Москвадағы жоғары көркемөнер

институтында оқыған

ІІ кезең ( топтық жұмыс) жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары.

Теориясы: «Білу» (кім? Не? Қашан?

қайда? не істеді?)








Теориясы: «Түсіну»

( неге? неліктен? себебі? не үшін?)


1.Ақын лирикасының тақырыптары қандай?

Жауабы: Ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен ,халық тағдыры, шынайы махаббат, ар-адамгершілік, және т.б.

2.Мағжанды неліктен эпик ақын деп атаймыз?

Жауабы: Мағжанның «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан»

сияқты поэмалары бар.

3. Өлім, өмір жайлы терең философиялық толғанысты поэмасы қайсы?

Жауабы: Өлім, өмір жайлы терең философиялық толғанысты поэмасы бұл - «Қорқыт» поэмасы

4. Туған жерге деген махаббаты қайсы өлеңдерінде көрініс тапқан?

Жауабы: Туған жерге деген махаббаты «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер» өлеңдерінде шынайы көрініс тапқан .

5. Ақын поэзиясында пессимистік сарын не үшін бел алды деп ойлай-сыңдар?

Жауабы: Мағжан поэзиясында бүкіл түркі жұртшылығына жаны егіліп, қамығып қайғырады.

6.Өзі туралы жазылған романтикалық сарындағы өлеңі қайсы?

Жауабы: Мағжанның өзі туралы жазылған романтикалық

cарындағы өлеңі «От».

7. Мағжан «От» өлеңінде өзінің мақсат-мұратын қалай көрсете білді ?

Жауабы: Мағжан «От» өлеңінде өзінің мақсат-мұраты жолында от болып лапылдап, жанартаудай жарылғысы келетінін анық көрсетеді.

8. Мағжанның Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты қайсы өлеңінде көрініс тапқан?

Жауабы: «Пайғамбар» өлеңінде ақындық шабытымен қоса,

Шығысқа, оның ұлдарына деген мақтанышы көрінеді.

9.Туған тіліне арнаған өлеңі не деп аталады?

Жауабы: Мағжанның туған тіліне арнаған өлеңі «Қазақ тілі»

10. Шынайы махаббатты жырлаған өлеңдері қайсылар ?

Жауабы: Шынайы махаббатты жырлаған өлеңдері: «Шолпы», «Сен сұлу», т.б.

Неліктен Мағжан лирикасы адамды нәзік сұлу сезімдерге бөлейді?

Себебі: Мағжан лирикасының тақырыптары сан алуан еді.

Неліктен Мағжан эпик ақын атанды?

Себебі: Мағжанның «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» поэмалары оның эпик ақын екендігін дәлелдейді .

Неліктен Мағжан өлеңдерінде пессимистік сарын бел алды ?

Себебі: Мағжан қазақ халқының рухани жағынан тоналғанын көріп, ашына тіл қатты.

Теориясы: «Талдау»(1.Салыстыр

2.Айырмашылығы не-де? 3.Ұқсастығы неде?)

1.Абайдың өлеңдері мен Мағжан өлеңдері арасындағы ұқсастықты жаз.

Абай Ұқсастығы Мағжан

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі. « Түбінде адам болатын бала».

Теориясы: «Жинақтау» ( қоры-

тынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле)

Мағжан «Сағындым» өлеңінде кімдерді, нелерді сағынады? Топтастыр.

Практикасы:

«Қолдану»

Өлең жолдарын сәйкестендір

« Алаш деген елім бар» Туған жер

«Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнім» Сағындым

«Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял» Жауға түскен

жанға

«...Дамыл көрмей ерте кеш,

Жұрттың қамын көп жедің...» Түркістан

Сен қалай ойлайсың? Ақын поэзиясында пессимистік сарынның орын алғаны дұрыс па ?

.........................................................................................................................

.........................................................................................................................

.......................................................................................................................

Практикасы «Баға беру» ( сен қалай ойлайсың? не істер едің?)

ІІІ кезең: (жеке жұмыс)

Деңгейлік тапсырмаларды орындап ,балл жинаңдар

1- деңгей ( 5 балл)

Теориясы: «Білу»

1. Мағжан қай жылы қайтыс болды?

а) 1935ж б) 1938ж в) 1937ж

2. Мағжаннығ неше поэмасы бар?

а) 3 б) 2 в) 4

3. «От» өлеңінде Мағжан өзін неге теңейді?

а) алтынға б) от пен жалынға в) күнге

4. «Пайғамбар» өлеңінде ақын Шығыстан нені күтеді?

а) жақсылықты б) қара бұлтты в) әшекей бұйымдарды

5. Мағжанның ұлтжанды ақын екендігін немен дәлелдеген?

а) ұлттық өлеңдерімен б) поэмаларымен в) ұранды сөздерімен.

Практикасы: « Қолда-

ну»

Мағжанның қайсы өлеңін басшылыққа алар едің?

2-деңгей (5балл+4балл- 9балл)

Теориясы: «Түсіну»

Неге? себебі? неліктен? не үшін?

Неліктен бүкіл талантын ұлтына, Алашына бағыштаған?.

Себебі: Мағжан ____________________ ақын.

Неліктен Мағжан от болып лапылдағысы, жанартаудай жарылғысы келді?

Себебі: Мағжан _________________________ жақсы түсіне білді.

Теориясы: «Талдау»

( салыстыр, айырмашылығы неде?


«Теріп алу» стратегиясы (Дәптермен жұмыс) Өз тұсына мінездерін белгіле

«ақылы мол, мақтан сүйгіш, қайратты, мейірімді, тойымсыз, өжет , қанішер, сұлу, долы, кекшіл, парасатты»

Мағжан---

Практикасы:

« Қолдану»

( ІІ кезеңдегі тапсырмалардың өзгертілген нұсқасы орындалады.)

--Бүгінгі күнде Мағжандай ақындар бар ма? Мағжанның қайсы қасиетін ерекше қадірлейсің?

3-деңгей (5балл+4балл)--- 12балл

Теориясы:

«Жинақтау»


1.Мағжанның өлеңдерін тақырыптары бойынша топтастырып жаз.

Туған жер тақырыбына:

Сүйіспеншілік тақырыбына:





© 2010-2022