“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау

Сыныбы: 5-сынып Тақырыбы: “Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау Мақсаты: білімділік: Лексика тарауы бойынша өткенді қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту; дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін, ой-өрістерін сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын молайту; тәрбиелік: “Алтын қақпа” ойыны арқылы білімділікке, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке баулу. Сабақтың түрі: Қа...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шалғымбаева Құралай Махмутжанқызы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, М.Горький атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы: "Алтын қақпа" ойыны арқылы лексика тарауын қайталау

Мақсаты:

білімділік: Лексика тарауы бойынша өткенді қайталау арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту;

дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырып бойынша алған білімдерін, ой-өрістерін сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын молайту;

тәрбиелік: "Алтын қақпа" ойыны арқылы білімділікке, сауаттылыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: Қайталау, ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тестпен жұмыс, пікір алмасу

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, топтардың атаулары жазылған тақтайшалар.

Сабақтың ұстанымы: Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа «Білім», «Ғажайып», «Қазына» деген аттар қойылды. Топ басшылары тағайындалып, ойын барысы таныстырылды. Мұғалім оқушылардың әр кезеңдегі берген жауаптарын бағалап, ең жоғарғы ұпай санын жинаған топ қана «Алтын сандықты» ашады.

ІІ. «Алтын қақпа» ойыны арқылы лексика тарауын қайталау.

Ойынның барысы:

  • Темір қақпа

  • Күміс қақпа

  • Алтын қақпа

  • Алтын сандық

Бірінші кезең - «Темір қақпа». Интерактивті тақта арқылы сұрақтарға ауызша жауап беру. Әр топқа үш сұрақтан.

  1. Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

  4. Омоним сөздері дегеніміз не? Мысал келтір.

  5. Синоним сөздері дегеніміз не? Мысал келтір.

  6. Антоним сөздері дегеніміз не? Мысал келтір.

  7. Табу дегеніміз не? Мысал келтір.

  8. Эвфемизм мен дисфемизм сөздері дегеніміз не?

  9. Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не? Мысал келтір.

Екінші кезең - «Күміс қақпа». Оқушыларға үш түрлі тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма: Өлеңмен жұмыс. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді тауып, қандай ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын түсіндіру.

1-топ: Миллион көздер қараған,

Миллион милар санаған.

Ұлы өзгеріс түрін айт!

Тұрмыстың кілтін бұраған,

Миллионның басын құраған,

Сол түрдің терең сырын айт! (Б.М.)

2-топ: Жеткіншегі жас батыр,

Тәуекелге бел байла

Ұмтылып алға бас, батыр,

Надандықтан жоқ пайда. (Ш.И.)

3-топ: Киімін шешінді де, шекпен киіп,

Балуанмен ұстасуға бет қойды. (Ж.С.)

2-тапсырма: Интерактивті тақта арқылы жазбаша жұмыс жүргізу. Берілген сөздерге антонимдік, омонимдік, синонимдік жұп жасау.

3-тапсырма: «Лексика нені зерттейді?» деген сұраққа ассоциация (топтау) жүргізу.

“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау




Үшінші кезең - «Алтын қақпа». Екі тапсырма беріледі.

1-тапсырма: Тест жұмысын жүргізу. Интерактивті тақта арқылы тест сауалдарының дұрыс жауаптарын көрсету арқылы бір-бірлерін бағалату.

1. Лексика дегеніміз не?

а) дыбыс ә) сөздік қор б) сөйлем

2. Омоним сөзді белгіле.

а) түс ә) ауа б) қызыл

3. Көп мағыналы сөзді көрсет.

а) шүберек ә) еден б) көз

4. "Мәтін" деген сөздің мағынасы.

а) байланысу, бірігу ә) құбылыс б) іс-қимыл

5. Ауыспалы мағынадағы сөзді тап.

а) менің көзім ауырды ә) біз бұлақтың көзін аштық

б) оның көзінің түсі қара

6. Синонимдік қатарды тап.

а) ақ, қара, көк ә) кілт, құлып б) күшті, мықты, қайратты

7. Антонимдік қатарды тап.

а) бас-аяқ ә) отыр-тұр б) жат-ұйықта

8. Фразеологиялық тіркесті көрсет.

а) бармағын шайнау ә) жақсы қыз б) дене мүшесі

9. Мақалды ажырат.

а) Кең болсаң, кем болмайсың ә) Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді

б) Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда.

10. Эвфемизм сөзді көрсет.

а) қырт ә) қолды болды б) боқмұрын

Тесттің бағалануы:

"5" - 9-10

"4" - 6-8

"3" - 1-5

2-тапсырма: Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.

1 - топ: Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрау.

2 - топ: Тұрақты сөз тіркестерінен синонимдік қатар жасау.

3 - топ: Тұрақты сөз тіркестерінен антонимдік жұп жасау.

Төртінші кезең - «Алтын сандық». Үш кезең бойынша жинаған ұпай сандарын топ басшылары есептеп, көп ұпай жинаған топ «Алтын сандықтың» тапсырмасын орындайды.

«Алтын сандықтың» тапсырмасы: Жалпы лексика туралы не білесің? (Пікіралмасу)

Сабақтың шешімі: Оқу - инемен құдық қазғандай.

Үйге тапсырма беру: 10 мақал-мәтел, 10 тұрақты сөз тіркестерін жаттап келу.

Қорытынды: Жеңімпаз топқа «Ең білімді топ» атағы беріледі.


“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау

“Алтын қақпа” ойыны арқылы лексика тарауын қайталау

© 2010-2022