Өзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинар

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинарӨзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинарӨзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинар«Бекітемін»

Мектеп директоры

_____________С.Смаилова

«___»__________2015ж.



Тақырыбы:

«Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

(семинар)















Өткізген: Калдыбаева С.Ж.



Жарқайың, 2015

Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары

Мектеп Уәлиханов орта мектебі Семинарды тыңдаушылардың саны

Мерзімі « » қараша 2015ж Мұғалім Калдыбаева Сауле Жаксылыковна

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы «Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар - рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру.

Міндеттері:

  • Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру.

  • Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани -адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау.

  • Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына ықпал ету.

Ресурстары: (материалдары, көздері) слайд, плакат.

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

  • Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

  • Бейнебаян «Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!»

2.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

  • Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі

  • «Мектеп өмірінен» әңгімесін талдау

3.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен ықпалдастыру.

  • Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы.

  • Заманауи білім кеңестігінің ізгілендірудің жаңа тәсілдері.

  • Бейне фильм бойынша ой бөлісу "Звездочки на земле"

Слайдтар, бейнебаян «Жақсылық жаса және ол қайтын келеді»


Слайд

Әңгімені таратып беру.

Слайдтар, бейне фильм «Звездочки на земле»

Жиналыстың қорытынды сәті.

Жақсы болыңыздар!

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар!

Жақсы нәрсе айтыңыздар!

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар!

Жақсы нәрсе көріңіздер!

Жақсы нәрсе жасаңыздар!

Бақытқа жеткізер жол-осы!

Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға рахмет!

Ұстаздарға сөз беру.


Мұғалім _______________________

Директор ______________________










Мұғалімдерге арналған семинардың сценариі


Тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі»



«Ізгі ниеті жоқ адамның қолындағы білім, ақыл-есінен ауысқан адамның қолындағы қылышпен тең»- Д.И.Менделеев деп айтқан.

1.Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер! Бүгінгі «Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» атты семинарымызға қош келдіңіздер.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік бағдарламасының негізін қалаушы Сара Алпысқызының:

«Рухани кәусәр бұлаққа барар жолды іздеу-әр адамның міндеттерінің міндеті екеніне сенімдімін...» Рухани бастау ол адамгершілік, риясыз мейірімділік, махаббат, өзара түсінушілік, төзімділік арқылы жүзеге асырылады. Рухани-адамгершілік-адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямау сияқты жеке қасиеттерін қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңарту керек, өзінің бастауына оралуы қажет дейді.

Рухани-адамгершілік білім беру үдерісі жүрекке арналған білім, ол интелектуалдық білімнен айтарлықтай өзгеше. Рухани-адамгершілік білім-ішкі білім.

1. Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы.

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...»

О.Гадецкий

Өзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинар

Өзін-өзі тану «Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» Мұғалімдерге арналған семинар

Айналамызды, қоршаған ортаны, елімізді, жақын туысқандарымызды, бауырларымызды, достарымызды нұрға бөлейік!

Бейнеролик «Жақсылық жаса және саған ол қайтып келеді!»

Сұрақтар:

  • Фильмнің соңында адамдарды не біріктірді?

  • Бұл түйіннен қандай ой қорытасыздар?

2. Өзін-өзі тану пәні мен басқа пәндердің ықпалдасуы.

Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар: Рухани - адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.

1).Биологиялық тұрғыда: Бауыр -ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Адамгершілік тұрғыда: Ағайындылар бауырына ренжемейді, ренжеседе бірден ішке түсірмей ренішін ұмытып кетеді. Өйткені ол бауыры. Әр адамда солай болу керек өкпе ренішін ішінде сақтамай ыдыратып жіберу керек. Адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділігі, жанашырлығы, қамқорлығы- бауырмалдықты білдіреді. Ол-адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау, көпшіл болудан көрінеді.

2). Дүниетану. Ауа. Ауаның қасиеттері.
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз - Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Ауаның қасиеттері: Мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, жылы, суық, қатты, т.б.
Адамгершілік тұрғыда: Ауа бізге қаншалықты қажет болса, сол сияқты адамдардың жылы сөздері, ақ пейілі, мейірімділігі қажет. Ал егер пейіліміз тарылса, мейірімсіз болсақ адамгершілігіміз жойылады.

3). Математика. 3 сынып
Бір жұмысшы 1сағатта 10 км жердің қарын тазалады. Екінші жұмысшы 1 сағатта 15км жердің қарын тазалады. Ал екеуі бірігіп жұмыс жасаса 3 сағатта қанша км жердің қарын тазалар еді.
Шешуі: 3*10+3*15=75км
Адамгершілік тұрғыда:
Жалғыз адам бір өзі жұмыс жасағаннан гөрі екеуі бірігіп жасаса жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Бір адам жалғыздан - жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды, жасаса да қызықсыз,әрі қажыр-қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты,әрі тез,әрі тиянақты бітеді. Бұл адамды достыққа, бірін-бірі жақсы танып білуге,сыйлауға,қамқор болуға, ұйымшыл болуға жетелейді.

4). Геометрия.
Шеңбер дегеніміз - бір нүктеден сызықтың бірдей арақашықтықта орналасқан тұйық қисық сызық.
Адамгершілік тұрғыда:Егерде біз осы шеңбер бойымен жүретін болсақ, еш уақытта шегіне жете алмаймыз. Айталық біреу сізді ренжітті оны кешірудің орнына керсінше қарсы әрекет етіп оны ренжіттіңіз, сөйтіп оның шегі болмайды. Егерде ренжіткен адамды кешірсек онда шексіздік үзіліп, біз бақытты өмір кешкен болар едік.

5). Физика. Магнит өрісі

Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез - келген заттарды бір - біріне үйкелеп, соңынан бір-бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір-біріне тартылады.

Адамгершілік тұрғыда: Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір - біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.

3.Заманауи білім кеңестігінің ізгілендірудің жаңа тәсілдері.

Заманауи педагогиканың рухани бастауға қайта бет бұруы.

Ш. Амонашвили Ізгілік педагогикасының манифесі

Ізгілік педагогикасының үш постулаты

  1. Баланың бойындағы жоғарғы рухани бастауы оның жарқын тағдырына, шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

  2. Өз бойындағы жоғарғы рухани бастауға, оның жарқын болашақ тағдырына шексіз кемелдену мүмкіндігіне деген сенім.

  3. Тек ізгі әдістердің күшіне деген сенім.

Г.С. Батищев бойынша педагогиканың үш типі

  • Қалыптастыру педагогикасы

  • Қабілеттерін дамыту педагогикасы

  • Кемелдендіру педагогикасы

Кемелдендіру педагогикасының мақсаты- адам бойындағы рухани бастаудың көзін ашу және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.

Педагогикалық қызметтік сұлбасы

Рухани бастау

Мұғалім Оқушы

Мектепті реформалаудың қажеті жоқ. Мұғалімнің жан дүниесін реформалау керек.

"Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды"

Ш. Амонашвили

«Кез келген шешімді оқушының өзі таба білгенін қалаймын».

М. Монтень

«Адамның адамшылығы - ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». А. Құнанбаев

"Мұғалім-баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты тұлға".

А.Байтұрсынұлы

Педагогтың үш стилі

Авторитарлық (өктем) мұғалім оқушыларға қатал болады. Өктемдік көрсету арқылы білімді талап етеді. Бұл жерде педагог жоғары ал оқушы төменгі сатыда болады.

Либералдық педагогтар үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды,

яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны.

Гуманистік (ізгіліктік) бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді.

Сана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет:

  • Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін;

  • Кемелденуге ұмтылыс.

(Ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған).

Бейне фильм бойынша ой бөлісу "Звездочки на земле"

  • Бұл фильмнен қандай ой қорытасыздар?

  1. Өзін-өзі тануды оқытудың аксиологиялық аспектілері.

Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім - «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.

Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз - жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.

Құндылықтар туралы мәселені алғаш рет - ежелгі философ Сократ қарастырды.

«Кімде шынайы бейне мен ұшқыр ой болса ол бақытты»

"Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынастың ешқандай құндылығы жоқ"

Сокра́т

Т.И.Петракова (д.пед.наук.профессор МПедГУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жүктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.

Табиғи құндылықтар - бұл адамның күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары: яғни ақыл - ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы)

Жүре пайда болған құндылықтар - бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б)

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды.Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.

"Әрбір адам ақиқатты танып, іске асыруға қабілетті, әрбір адам абсолюттік бүтіндіктің жанды бейнесі, бүкіл әлемдік өмірдің саналы әрі дербес органы бола алады"

Владимир Соловьев

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады.Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді.

Оқыту үрдісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді.

Мәңгілік құндылықтар білім негізі және оның өзегі болып табылады.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар

Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.

Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды.

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:

Қиянат жасамау - рухани аспект.

Ақиқат - интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік - адамгершілік аспект.

Тыныштық - эмоциялық аспект.

Дұрыс әрекет - физикалық аспект.

5.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі


  • «Егер мұғалім өз ісін сүйіспеншілікпен атқарса, ол жақсы мұғалім болады.

  • Егер оның өз оқушысын туған әке-шешесі сияқты сүйген болса, ол барлық кітапты оқып шыққан, бірақ не ісін, не оқушыларды жақсы көрмейтін мұғалімнен артық.

  • Егер мұғалім өз ісіне және балаларға деген сүйіспеншілігін біріктірген болса, ол - КЕМЕЛ МҰҒАЛІМ».

Лев Толстой

«Баланы қалай сүю керек?»

«Балалар жоқ - адамдар бар. Бірақ түсінік ауқымы басқа, тәжірибелік қоры басқа, қызығушылығы да, сезіну де басқа».

«Ең өрескел қателік - педагогиканың адам туралы емес, бала туралы ғылым деп санайтыны. Бала сезімінің аясы үлкендерден асып түседі, яки тежелу өтелмеген. Интеллект аясында аз дегенде, оларға тең, тек тәжірибе жетіспейді».


  • ...Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады.

  • …Дрессировкамен, қысыммен, қиянатпен қол жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз.

  • Жағымсыз тосынсыйды қаламайтын және болуы мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші - тиран.

  • Денсаулық - бұл басты өмір игілігі.

  • Көптеген балалар ойыны - үлкендердің байсалды әрекеттеріне еліктеу.

Януш Корчак

Мұғалім - бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам.
Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді.
Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады.

Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.

Топпен ән айту.

Мейірімді болайықшы бауырлар

Сөзі: Серік Қалиев

Әні:Құрмаш Маханов

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


Қорытынды:

Жақсы болыңыздар

Жақсы нәрсе туралы ойлаңыздар

Жақсы нәрсе айтыңыздар

Жақсы нәрсе тыңдаңыздар

Жақсы нәрсе көріңіздер

Жақсы нәрсе жасаңыздар

Бақытқа жеткізер жол-осы!

Бүгінгі семинарға қатысқандарыңызға рахмет!


© 2010-2022