Соңғы қоңырау жоспары 25 мамыр, мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауы

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекші сөзі:Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар! Міне күндер мен түндер сырғып, олардан жыл құралып, талай уақыт арттта қалды. Соңғы қоңырау мерекесі әр адамда әр түрлі көңіл-күй туғызады:ұстаздар үшін кезекті оқу жылының аяқталғанының белгісі, ал 11сыныптың жетекшілері үшін әр баламен жүрегінің кішкентай бөлшегі кеткендей, біреулер үшін тағы бір жылға есейгенінің белгісі болса, мектеп бітіріруші түлектер үшін бұл ешқашан ұмытылмайтын мереке, өйткені сендер үшін сыңғырлаған қоңырау үні соңғы рет соғылды.

Он бір жылғы мектеп өміріне үңілсек және оны математика тіліне шақсақ мынадай сандар өрнегін көруге болады екен(флипчарт№1) 31,5 мың қоңырау енді осы сандарды сөйлетейік.

Кім көп біледі?

Құрметті ұстаздар ата-аналар, №4 орта мектепке келгелі бері балаларыңыздың шыққан биіктері мен алған асуларын еске түсіріп кетейік (флипчарт№2), қарап отырсақ көз алдымнан бір кинолента тәрізді оқиғаның бәрі өтуде, сол кинолентаны сіздер де тамашалаңыздар!(Оспан Әсем мен Сейтжан Аиданың шығармашылығнынан)

Мерекелік тізгінді Әсем мен Аидаға берейін.

1ж. Қайырлы күн құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар және түлектер! Бүгінгі күн мектеп түлектері мен қаншама білім нәрін сусындатқан ардақты ұстаздарымыздың ұлы мерекесі!

2ж.Менің Қазақстаным! Туған жерім! Алтын ұя мектебімІ Сен бізге күш жігер,қайрат,сенім беріп отырдың! Балапандай баптап,ұядан қияға өз қолыңмен мыңдаған ұлдарың мен қыздарыңды биікке самғатқансың, самғатып отырсың, самғатасың!

1ж.Бұл мереке - дүрліктірген ел ішін,

Бұл мереке - жас түлектер сен үшін.

Кең болсыншы қанат жаяр кеңісің,

Көрсін- ұстаздар еңбегінің жемісін.

2ж.Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,

Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр!

1ж.Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын.

Шашу, шашу.

2ж: Той деп бүгін - көңіл шіркін тасады,

Той деп бүгін - көңіл шіркін асады.

Ендігі кезекте түлектеріңіз дайындаған,

Өнер шашуларын шашады.

1ж:Алдарыңызда 11ә сыныбы.

Аида С: Қадірлі ұстаздарымыз!

Біржан: Асыл ата-аналарымыз!

Қалжан: Көңіл қимас достарымыз!

Аида Ж: Бүгін біз балалықпен қоштасқалы отырмыз...

Мөлдір Қ: Енді бізді күмбірлеген күміс қоңырау сабаққа шақырмайды...

Мұрат: Енді біз,шәкірт болып ұстаз алдында отырмаймыз...

Назерке: Енді біз, тақтаға шығып сабақ та айтпаймыз...

Мөлдір Д: Енді біз,мектеп формасын да кимейміз...

Айгерім Қ: Енді бізде каникулдың өзі де өзгеше болады...

Алина: Бірақ...

Қамар: мектеп қабырғасында алған өнегені,

Айтолқын Т: тәлім-тәрбиені,

Айтолқын Р: жандарыңыздың жылуын,

Сания: ешқашан

ҰМЫТПАЙМЫЗ!

1ж: Мектеп өмірінің бір күнінен...

Динара Тұраровна - Гүлмира

Роза Бейсетаевна - Алина

Айгүл Тоқтаровна - Жанат

Ботагөз Абаевна - Камила

Гүлшат Құрманқұловна - Мирас

Гуля Бейсеновна - Қалжан

Суджата Саятовна - Қамар

Сынып жетекшісі сабақ кестесімен таныстыру.

Бүгінгі сабақ кестесі:

1.Математика

2.Тарих

3.Химия

4.Ағылшын тілі

5.Информатика

6. Гүлшат Құрманқұловна

2ж: Міне осылай балалықтың балғын шағы да өте шығыпты.

Айдана, Гүлмира...

1ж: Өзіміз де керемет екенбіз, иә Әсем?..

2ж:Жоқ,қайдағы, Аида мектепте өзіміз ғана емес, бізбен қоса ата-аналарымыз да оқыды ғой...

1ж:Қалай?!

2ж: Жеті мен жетпіс.

1ж: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз, ата-ана әнмен бірге жолданған,

Түлектердің сый- құрметін қабыл ал.

1ж: Гүлмираның орындауында «Перзент сыры»

«Қош бол, енді мектебім» хор

1.Сынып жетекшінің тарапынан оқушыларға деген тосын сый. «Ақ сандығым ашылды, ішінен сыйлық шашылды» (Сандық ішінен сыныптың әр оқушысына дайындалған сыйлығымды беремін, әр оқушыға арнап жазылған бір шумақ өлең жолын оқимын)

2. Надежда.

3.Сиқырлы ағаш

4.Тілек айту.



Чудеса там, где в них верят!

Лучше зажечь свечу, чем проклянать темноту.

Китайская пословица

Выигрывает сражение не тот, кто придумал план битвы, а тот кто взял на себя ответственность за его выполнения.

Н. Бонапарт

Білімді болу дген сөздің мағынасы-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым.

Әл-Фараби




© 2010-2022