Отчет по воспитательной работе

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Салқынкөл орта мектебі

2014-2015 оқу жылы

7 - сыныптың ІV тоқсан және II жартыжылдық бойынша өткізілген тәрбие жұмыстарына есебі

7-сыныптың сынып жетекшісі Тюлешева Арайлым Балғабайқызы. Сыныбымда барлығы оқу жылы басында 8 оқушы болды. Олардың бесеуі ұл,үшеуі қыз бала. Сынып оқушыларының ұйымшылдығы мен бірлігі, өзара талап пен көмек көрсету дағдылары жақсы деңгейде. Мұғалімге қарым- қатынастары, сыйластықтары жақсы. Сынып оқушылары оқу әрекетіне де, тәрбиелік шараларға да қызығушылықпен белсене қатысады. Сынып өте ұйымшыл, кез-келген іске жауапкершілікпен қарап, тиянақты орындауға тырысады.

Тәрбие жұмысы бойынша « Оқушыларды тәрбиенің жаңаша әдіс- тәсілдері арқылы өзін - өзі тануға, адамгершілікке, мәдениеттілікке, білімқұмарлыққа, белсенділікке тәрбиелеу» тақырыбын негізге ала отырып, келесідей іс-шаралар атқарылды:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие мақсатында «Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күніне» орай ақпараттық бұрышы орнатылды, « 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі» спорттық іс-шараға қатысып, Байгазина Назира жүгіруден екінші орынды иеленді, « Көп ұлтты, тату елім-Қазақстан!» атты өнеге сағаты, 7 мамыр « Отан қорғаушылар мерекесіне» орай мектепішілік сапқа тұру іс- шарасына қатысты, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған мектепішілік және округтік митингке белсене қатысты. «Мемлекеттік рәміздер» ақпараттық сынып сағаты өткізілді. 25 мамыр соңғы қоңырауға қатысты.

Рухани-адамгершілік тәрбие беруде «Кітап патшалығына саяхат» тақырыбында сынып сағаты және « Борыш дегеніміз не?» өнеге сағаты өтті.

Отбасылық тәрбиеде « Ең бақытты отбасы» тақырыбына шығарма жазылып, « Отбасы-тіршілік тірегі» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруда және эстетикалық тәрбие беру мақсатында « Іңкәр көңіл, нәзік сезім» және «Жақсы көңіл күй-жан шуағы» тәрбие сағаттары өтті.

Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыруда «Жүрегіңді мейірімділікке толтыр» сынып сағаты мен « Менің идеяларым менің елімде» суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыруда «Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту» тренингі жүргізілді, «Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбы аясында әңгіме өтті.

Экологиялық тәрбие беруде сыныпты жинастыру, мектепішілік сенбілікке қатысты, « Экологиялық жаршы» қабырға газеті шығарылды.

Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру мақсатында «Зиянды заттарға жол жоқ!», «Нашақорлық -ғасыр дерті!» тәрбие сағаттары мен «Есірткісіз болашақ!» суреттер байқауы өтті.

Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын қалыптастыруда «Еңбек-өмірдің мәні», « Кәсіби таңдауым-өмірлік қалауым» атты өнеге сағаттары жүргізілді. Сондағы алға қойған мақсат еңбек және кәсіби қауымдастық құндылықтарды игеруге баулу.

Білім алушылардың белсенді ойлау қызметтерін дамыту, негізгі құндылықтары мен осы замаңғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда «Ең үздік шығарма» атты еркін тақырыпта шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Соның ішінде Шакина Дидардың «Мен сені сыйлаймын» атты шығармасы үздік деп танылды.

Оқу жылының басында қойылған барлық тәрбиелік мақсаттарға жеттік.

Жыл қорытындысы бойынша сыныпта Байгазина Назира «үздік» оқыса, Байғазы Диана, Назымбек Талап және Шакина Дидар «жақсы» деген нәтиже көрсетті. Сонымен бірге, спорт өміріне белсене қатыса отырып, Тулеген Ислам, Малғаждаров Нұрсұлтан, Назымбек Талап мектепішілік, мектепаралық және аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сейтқазы Мадьяр шығармашылық байқау қатысушысы.

Сынып жетекшісі: Тюлешева А.Б



© 2010-2022