Жаңа форматтағы ата-аналар жиналысының жоспары

Раздел Классному руководителю
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірінші (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп - гимназиясы базасындағы тірек мектебінің мұғалімі Г.Р.Сыздыкова өткізген ата-аналар жиналысының жоспары.

6 «А» сыныбындағы жаңа форматтағы ата-ана жиналысы.

Күні 3.10.2015

Уақыты : 1730 - 1830


Сынып жетекші Сыздыкова Гульнар Райымкуловна


Тақырыбы

«Табысты мектеп - мінсіз оқушы». Критериалды бағалау модулімен таныстыру



Мақсаты

1.Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін,жауапкершілігін, өзін-өзі реттеудің,ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.

2.Ата-аналарды оқу процесіне кіріктіру.

3.Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.

4.Ынтымақтастық педагогикасы аясындағы «Мектеп - Ата - Ана» қағидасын ұстану

Күтілетін нәтиже

1.Ата - аналардың мектептегі оқу үрдісіне деген көзқарастары өзгереді.(Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелеген жұмыс,оқу үрдісіндегі әр түрлі стратегиялар, «Борт журналы» және т.б.)

2.Ата - аналар балалардың оқу үрдісінен үнемі хабардар,ықпал етеді,көмектеседі.

3. Ынтымақтастық педагогикасы негізіндегі ілгері жұмыстар. «Мектеп-отбасы-оқушы»

Ресурстар

Мұғалім нұсқаулығы - І деңгей,ролик,презентациялар,модуль «Критерииалды бағалау»

интернет ресурстар

Коучинг барысы

Уақыты

60 мин

Коучтің іс-әрекеті

Ата-аналардың

іс-әрекеті

Сынып жетекшісінің коучингтің тақырыбымен таныстыруы.

Өткен 2014-2015 оқу жылындағы сыныптағы «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру» іс-жоспарының барысымен және нәтижесімен таныстыру.

10 мин

Презентация ұсынады

Тыңдайды,сынып жетекшісіне сұрақтар қояды.

1.Топтарға бөліну.

Топ ережесімен таныстыру.

5 мин

1.Топтарға ертегі кейіпкерлерін жинақтау арқылы бөліну.

2.Сіздердің алдарыңызда топта жұмыс істеуге байланысты «Топ ережесі» жатыр. Танысуларыңызды сұраймын.

  • Сенімділік қарым-қатынас

  • Бір-бірінің көзқарасын құрметтеу

  • Өз ойын ашық айту

  • Топтың жұмысқа белсенді қатысу

1.Топтарға бөлінеді

2. «Топ ережесімен» танысады

«Миға шабуыл»

10 мин

1.Ролик «Бүгінгі күннің жаңа технологиялары»

2.Бұл ролик сіздерге қандай ой туғызды?

3.Бұл біздің мектепте болуы мүмкін бе?

1.Роликті тамашалайды

2.Өз ойларын айтады



  1. «Табысты мектеп-мінсіз оқушы» тақырыбын талқылау

5 мин

1.Оқушы өз білім деңгейін өзі бағалап,өзі реттеп, одан әрі дамытуда ізденсе мінсіз оқушы болады. Мінсіз оқушы-табысты мектеп айнасы. Формативті,суммативті бағалау түрлерін түсіндіру, қажеттілігі,маңыздылығы.

1.Ата-аналар критериалды бағалау туралы түсінік алады.

Проблемалық сұрақты шешу

15 мин

Табысты мектеп-мінсіз ата-ана,мінсіз оқушы деп кімді айтамыз?

1.Табысты мектеп-мінсіз ата-ана,мінсіз оқушы туралы 3 топ « Автор орындығына» отырып айтады.

Проблеманы шешу

10 мин

1.Өзін-өзі бағалау парақтарымен таныстыру. 2.Топтық жұмыс,презентация,шығармашылық жұмыс,бақылау жұмысын бағалау парақтарымен таныстыру.

3. «Бортовой журнал» дегеніміз не?-таныстыру

Танысады,өз пікірлерін айтады,оқушы білімінің сапасын көтерудегі ата-ана рөлі тақырыбында постер салады

Рефлексия

5 мин

Критериалды бағалаудың тиімділігі неде деп ойлайсыз? Ата-аналар жиналысынан алған әсеріңіз.

Өз ойларын кері байланыс парағына жазады.







© 2010-2022