» Ғасыр дерті»

Тақырыбы: «Ғасыр дерті» (конференция)   Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.                                                            Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.   Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 10-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.   1-жүргізуші: Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 10-сынып оқушыларының  арасында «Ғасыр дерті» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Парасат» мектеп-лицейі




Ғасыр дерті





(конференция сабақ)





Өткізген: Әлеуметтік ұстаз А.Қ. Мурзаханова











2011-2012 оқу жылы


Тақырыбы: «Ғасыр дерті» (конференция)


Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 10-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты - темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 10-сынып оқушыларының арасында «Ғасыр дерті» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз. Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:

  1. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Шаймерденов Шамшухан Нұрланұлы

  2. Мектебіміздің мейірбикесі- Ташмагамбетова Ляззат Елюбайқызы.

  3. «Аталар мен әжелер» клубының өкілі

  4. Биология пәнінің мұғалімі- Садвакасов Жанат Көпейұлы

  5. Мектебіміздің психологы- Саурбаев Марат Нұрбағытұлы.

  6. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері - Серік Сағынайұлы

  7. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінің қызметкері-

Кемелев Азамат Болатханұлы.

2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.

1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

І бөлім: Темекі

1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% . Қатерлі ісік ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

1-жүргізуші: Баяндама : «Шылымның адам өміріне зияны» .

Оқитын

Айгерім: Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.

Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы айтып береді.

Тарихшы: Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға

пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер көрінеді» депе айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен».

Биолог: Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады.

Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог маманы алып-қосары бар ма екен? Сөз кезегін Жанат Көпейұлына береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіз.

1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда өмірінде бір рет болса да темекі тартып көргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болдыңыз , осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айналып алады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізге ................................. алсақ.

Дәрігер...................: Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

Мұғалім: Оқушының осы жауабына дәрігер мамандар не дейді екен? Сөз кезегі Ляззат Елюбайқызы өзіңізде.

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог: Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек.

Марат Нұрбағытұлы сізге сөз.

2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Мирасбектен сұрасақ.

Дәрігер Айсана: Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық.

Дәрігер : Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

2-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.

1-жүргізуші Көрініс

(Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).

Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?

Дұр-ы-ы-ы-с! Қалай сабағың жақсы ма?

Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.

Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі

- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.

Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.

Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты

«Темекіні тастадым» өлеңі

Оқушы: Мен бүгін сергек күйдемін,

Жүрісім ширақ бүтіндей.

Түн де өтті тәтті түстей бір,

Жөтелсіз әрі түкірмей.

Оқушы: Атандым жұртқа танымал,

Қуақы кісі тілі өткрі.

Өз ортамның гүлімін,

Ал жүзім қызыл шырайлы.

Ақ жарқын өңім топ-толық,

Ұмыттым тұмау-сұмауды,

Төсек тартып жатқанды.

Оқушы: Азаматтар!

Келе ме емін білгіңіз?

Ашсам ба сырын әлде шын,

Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін

Темекіні тастаңдар.

Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды.

ІІ бөлім: Арақ

2-жүргізуші: Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі - мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды.


1-жүргізуші: Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

2-жүргізуші: Баяндама: «Арақ ардан бездірер». Оқитын:

Оқушы: Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

Оқушы: Тамырына құрт түсті де тектінің

Шерлі ғасыр шерменде боп,шекті мұң

Арақ сасып,шарап мүңкіп,сыра аңқып

Заман дерті санамызға септі уын.

Оқушы : Ішімдікті дастарханның сәні ғып

Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.

Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның

Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

Оқушы : Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Оқушы : Тоңсаң мені іш,жылынасың,

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!

Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!

15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

Оқушы : Ішсең қисандап жүресің,

Ретсіз ыржаңдап күлесін,

Ар-ұяттан айырыласын,

Оны өзің де білесің!

Біле тұра ішесің,

Өз кебініңді өзің пішесің.

Ұрлықты да жасайсың,

Түрмеге де түсесің.

Терме: «Қазақ пен арақ».

Орындайтындар

Мұғалім тақтадағы схемадан арақ тақырыбын түсіндіреді.

ІІІ бөлім

1-жүргізуші: Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

ІҮ бөлім

2-жүргізуші: 1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.

1-жүргізуші: СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш.

Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сөз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар СПИД дерті бар. «СПИД - ХХІ ғасыр дерті» деген тақырыпта сіздер 9-10сыныпта доңгелек үстел өткізілгенін білетін боларсыздар. 10-сыныпта осы тақырып төңірегінде шығармашылық жұмыстар орындалды, сынып оқушыларының арасында сауалнама алынды, суреттер салынды. Енді біздерге ол тақырыпты қайталап айтып жатудың қажеті болмас деп ойлаймын. Барлығыңыздың ол туралы білімдеріңіз қаланып, қалыптасты.

Енді тақтадағы схемадан СПИД-тің зардабына шолу жасап өтейін.

2-жүргізуші: 1) Бүгінгі конференцияда көтеріліп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы өз ойларын ортаға салу үшін дене шынықтыру пәндерінің мұғалімі Арман ағай мен Мұрат ағайларға береміз.

2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер төңірегінде өз ойын ортаға салу үшін сөз ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі қызметкері Азамат Болатханұлына береміз.

1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі - ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

2-жүргізуші: Жер үстіндегі байлық - адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасөз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам көз жұматынын көрсетіп отыр», - деп жазылыпты.

2-жүргізуші: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек.

1-жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сөз кезегін « Парасат» мектеп-лицейінің директоры Талабаева Гүлнар Темірболатқызына береміз.

2-жүргізуші: Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды -

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, -

дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.




© 2010-2022