Туым-теңдігім, елтаңбам-елдігім, әнұраным-айбыным. Ашық тәрбие сағаты

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран,елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды. -Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. -Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына б...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Туым-теңдігім,елтаңбам-елдігім,әнұраным-айбыным.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұран,елтаңбасы мен туы туралы білімдерін тереңдету.Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге баулу.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Оқушылардың рухани патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, сөзжұмбақ, суреттер, мақалдар.

Әдіс-тәсілдері: суреттеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлематсыздар ма, балалар!

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

-Бүгінгі тәрбие сағатымызды бастамас бұрын сіздерге мынадай сұрақ қойғым келеді.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болды.

-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер?

Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет.

-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғанына биыл неше жыл болады?

-ҚР-сының тәуелсіздік алғанына биыл 20 жыл болады.

-ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?

-Қазақ тілі.

Ал,енді балалар, мына сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын ашып алайық.

Сұрақтары:

1.Батыс Қазақстан облысындағы қала қалай аталады? /Орал/

2.Отбасындағы асқар тауымыз кім? /әке/

3.Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. /мектеп/

4.Сендер мектепке не үшін келесіңдер? /білім/

5. Біздің ұлтымыз қалай аталады? /қазақ/

6.Көктемде көктеп масағы,

Шілдеде жайнап шашағы.

Тамызда толық толықсып,

Қауызын күзде ашады. /бидай/

7.Ел іші-алтын /бесік/

8.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. /бор/

Сөзжұмбақтан қандай сөз оқуға болады? (рәміздер)

-ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.

-Ту,елтаңба,әнұран.

-ҚР-сының мемлекеттік рәміздері қашан дүниеге келді?

-1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер дүниеге келді.

Мұғалім: Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім ӘнұранғТу,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

-Олай болса, балалар, Мемлекеттік рәміздер туралы не білетінімізді ортаға салайық?

Мемлекеттік туға сипаттама беру.

А.Даулет: Мемлекеттік ту-мерейіміз.Мемлекеттік туымыздың сол жағында ұлттық өрнек салынған

Ақтілек: Ортасында алтын түстес күнмен шарықтаған бүркіттің бейнесі бар.

Перизат: Тудың түсі ашық көгілдір, бұл түс адамдық біртұтастықты, көгілдір аспанның бар екендігін көрсетеді.

Эльдар:Әлем көптеген ұлттар мен діндерге бөлінеді,бірақ аспан олар үшін біреу-ақ.

Фарзана: Күн-өмір энергия көзі. Сол себепті күннің бейнесі-тіршіліктің бейнесі болып табылады.

Нұрберген: Бүркіт-бостандықтың,биікке ұмтылудың, болашаққа қол созудың белгісі, жас тәуелсіз Қазақстанның өркениет биігіне ұмтылуын білдіреді.

Кенен: Тудың ұзындығы-2 метр, ені-1 метр.

Аида: Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты,еңбек сіңірген суретшісі.

Ту туралы өлеңдер оқу.

Арсен: Еліміздің жалауы

Желбірейді аспанда.

Бар әлемге танылып,

Биік тұрар қашанда!

-Балалар, мемлекеттік Туды қайда орналастырамыз?

Елтаңба туралы сипаттама беру.

Алтынай: Елтаңба толық шеңбер кескінін береді.Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.

Әлішер:Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы,елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.

С.Даулет:Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.

Есбол:Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар.

Меңтай:Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді.

Малика: Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.

Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте,достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.

Гүлім:Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов

ҚР еңбек сіңірген архитекторы,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.

Елтаңба туралы өлеңдер.

-Мемлекеттік Елтаңба қайда орналасады?

Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.

Мейірхан:Мемлекеттік Әнұран- халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.

Лунара:Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан.

Нұрмұхамед:Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы.

2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.

Малика:Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Перизат:Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Нұрдаулет:Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар,болмаған деп-Әнұран.

Гүлім: Әні сөзбен толығып,

Маздар бойда мол үміт.

Намыс, жігер жұптасқан,

Ол-Әнұран зор рух!

Оттай жанып жанарым,

Одан қуат аламын.

Әнұран

Ол тынысы,

Кең жазира даламның,

Қастерлемес даңқын кім?

Қастерлемес салтын кім?

Әнұраны елімнің

Үні, тілі халқымның.

Мемлекеттік әнұран қай кезде орындалады?

Гүлназ: Конституция-елдің басты құжаты.Бұл-мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы.Онда азаматтардың құқығы мен міндеттері жазылған.

Тәрбие сағатын әнұранды орындаумен аяқтау.



© 2010-2022