Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы, Көксу ауданы,

Балпық би ауданы

Н.Алдабергенов атындағы

орта мектептің қазақ тілі

мен әдебиеті пәні

мұғалімі А.Б.Құсайнова


Тақырыбы:"Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық! ән-шашу

5а сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
1-жүргізуші:
Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі
Әрбір жанды қуанышқа теңеді.
Міне, бүгін құлын болып құйғытып,
Көк аспанға құс боп ұшқын келеді.
2-жүргізуші:
Көктем-думан! Бар қызыққа бөледі,
Айдын көлде жүзсе және демеді.
Нұр көктемді дария - суға теңесең
Сәукелелі құрақ болғың келеді демекші

Хор: Ана туралы жыр әнін тамашалаңыздар

Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!

1-жүрг:
Неткен жылы, неткен ғажап ел еді
Құшағыңа қуаныш боп енеді.
Нұр сәулелі әркез көктем шуағын
Мейірлене аймалағың келеді.
Елкондин Сабыржанның орындауында Маматай әні

Қыздардың орындауында Би шашу Тау-тау сезім биі
1-жүрг:
Ана -әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
2-жүрг:
Ана - жүрек. Ана - тірек, тіректі құрметте. Ана - шыңың, шыңына сағынып жет. Ана - күнің, күніңе табынып өт.
Иә, шынында да Ана - құдірет Бар игі жақсының бастауы -Ғазиз Ана, Асыл да ардақты Аналар!
1-жүрг:
Ана маған Күн сыйлап, ғұмыр берген,
Қасиетті Анамның тілін берген
Шарласаң да шар дала күн-түн мейлі
Артық жанды таппадым Жұмыр жерден.
Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!

Ән: Нурсагилов Диастың орындауында

Ұл-қыздардың орындауында би Арива
2-жүргізуші:
Әсем би әрбір елдің рәсімі екен
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,

КВН ойыны үш жігіттің әңгімесі
Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!


1-жүргізуші:
Аяулы Ана!
Күнім де Ана, ай да Ана,
Жетеді саған қай дана?!
Асылым өзің,
Ғашығым өзің,
Бас иіп өтер әулием менің сен ғана.
2-жүргізуші:
Айбының биік,
Айдының тұнық,
Теңізім терең өзіңсің
Таң шығы мөлдір
Тамшысы мен бір сендегі асқақ сезімнің.

Дүйсенбай Аяулымның орындауында ән «Ақжаулықты аналар»
1-жүргізуші:
Анашым менің, саялы қамқор шынарым,
Баулуға мені сан азап көріп шыдадың.
Тілерің болса алдағы жерде анашым,
Үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр-әнім!

Би орындайтын Жапарбай Айсұлу Рэп биі

2-жүрг:
Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана десең -мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл Ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Айғожанова Аяжан мен Жақыпбай Жансаяның орындауында ән «Ертегілер елі»
1-жүрг:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.
Би ұлдардың орындауында Тиктоник биі
1-жүрг:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі -Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
1-жүргізуші:
Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,
Жыр жаздым тұңғыш саған
Анашым айтарым көп, тіл жетпейді
Бір сендей асыл жанды таба алмадым.
2-жүргізуші:
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған
Тілей тұғын сырттай жүріп бақ саған.
Тіршіліктің тынысы мен ажары
Ана деген - теңдесі жоқ жақсы адам.

2-жүрг:
Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан - Ана. Ол бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақанын, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын арнайды.
Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.

Ән: «Ана тілегі» орындайтын Қалмұханбет Олжас
1-жүрг:
Ақ тілеген жат-жақын жуығына
Өмірдің көніп ыстық-суығына
Алпыс қанат орда бұл елімнің
Шаңырағы сендерсің, уығы да
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! -дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!

1-жүргізуші:

Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.

Мұғалім:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,

Хор : оқушылардың орындауында Анаға сәлем әні

Аналарға сыйлық тарту кезегі

Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!

Тәрбие сағаты 5 сынып Сарқылмайтын жылылық, ана аты-ұлылық!

Аналар мерекесіне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты - ұлылық» атты мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз!



© 2010-2022