Классный час на тему Ерлік ұрпаққа үлгі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7

Классный час на тему Ерлік ұрпаққа үлгіКлассный час на тему Ерлік ұрпаққа үлгіКлассный час на тему Ерлік ұрпаққа үлгіТәрбие сағатының мақсаты:

Ұлы жеңісті дәріптеу, өз Отанын , туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп,рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту.

Әдісі;ардагермен сұхбат,мерекелік монтаж,сахналық көрініс.

ӨТУ БАРЫСЫ;

1.Кіріспе бөлім.

Гульмира Әділбекқызы;

Ардақты ардагерлер,құрметті қонақтар,оқушылар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңіске 70 жылдығына байланысты «Ерлік - ұрпаққа үлгі» деген тақырыппен өткелі отыр.

Қан майдан жүректе жарасы бар,

Қайғысы бар,зілі,наласы бар.

Арамызда жүресіңдер алшаң басып,

Ардагерлер төрден орын аласыздар.

Мерекелік кездесу кешіміздің қонақтары - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері тыл еңбеккерлері.

Әдеби монтаж

(Ардагерлерге гүл шоқтарын беру).

АЯЖАН;

Шығыс шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын.Ояу жүрген тек шекарашылар ғана.Кенет батыс жақтан қызылды- жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді.Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді. Соғыс осылай басталды.(соғыстың басталғаны туралы радиодан берілген Левитан дауысы естіледі)

Қара түнек серпілді,

Ұйқысынан ел тұрды.

Аңсаған атты алтын таң,

Майданға,майданға!

ДИДАР:Фашисттік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді,соғыс басталып кетті.Фашисттер күзге дейін ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты.Фашистерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді.

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

ДИАС;Соғыстың алғашқы күндерінен бастап ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады.

Әрбір ауыл,әрбір қала неміс басқыншыларымен аянбй шайқасты.

Тас талқан ғып фашистті ,

Қиратқан біздің ер күшті

Москва ,Ленин қаласын

Ағы мен көздің қарасын,

Отанын гүлді даласын

Қорғап жатқан ерлерім,

Жауға қарсы аттанды,

Борасын қардай оқтарым!

ҚҰДЫШ;Ленинград 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1943 жылдың 18 қаңтарына дейін жау қоршауында болды.Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен байланысты тек Ладога көлі арқылы және әуе жолымен ғана жасады.

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс

Соғыс деген- қиылған жан, аққан қан

Соғыс деген екі жаққа жеңіліс

Мадияр : Біздің Қазақстанда да соғыс оты шырпамаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған әкеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де , ешқашан да ұмытпауға тиіс.

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз,

Біз күштіміз күштілердің бәрінен

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз

Біздер нағыз құдыретті елденбіз,

Ғасыр көшіп бастау үшін келгенбіз

ЖАНЕРКЕ:

Төбеден қайта зулап оқ борайды

Айналаны алқызыл отқа орайды

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер

Бейбіт өмір еліне төкті арайды. Ерлік пен қаһармандықтың теңдесі жоқ үлгісі көрсеткендердің алдыңғы шебінде ұшқыштар жүрді. Жалпы бұл соғыста 2420 ұшқыш Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның 101 қазақ еді.

ЕЛНАЗ:

Ұлы Отан соғысына Қазақстанның 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандарыдң күшіменен

Өркендеттік өмір менен өнерді

ШҰҒЫЛА:

Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 316- атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің аттары Ұл ы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. 28 панфиловшылардың 23 қаза тапты 28 дің 22-і қазақстандықтар еді.

Өршеленіп соқты боран

Орман шулап тартты қобыз

Қарды қуы п құйындаған

Келе жатыр 28

28 жау тобырын

Алға адым жер бастырмады,

Сақтамаққа ел өмірін,

Қорғап жатты Москваны


  1. Көрініс «Соғыс қасіреті»

Немересі: РАУАН Әже , әже мен бүгін тайға мініп үйрендім. Мен сондай бақыттымын.

Әжесі: АРУЖАН Талабыңа нұр жаусын. Тамағыңды іше ғой балам,

Немересі: Қазір тамағымды ішіп , қозыларыммен ойнап келемін.

РАДИО: МҰХАМЕТ ; Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7- де ресми түрде мәлімдеді. Тыңдаңыздар , тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін , жер үшін барлық ер-азаматтар отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: РАУАН

Аттан деді ол қазір аттанады,

Жауынгердің рөлін атқарады

Неге бізге үмітсіз тесілесің

Аттан әке жолыңнан кешігесің

Кеудесінде жаны пақырлардың

Тауып жейді сенсіз де несібесін

Әжесі: АРУЖАН

Иә сұмдықтың болатыны сезіп ем

Ел әлсіреп күшті дауыл тезінен

Тыныш жатқан берекелі Отанға

Қанішердің көз қадарын сезіп ем

Әкесі: ӘЛИ

Тыңда балам тыңда күнім

Болуға жара қолқанат

Кәрі анам сәбиінің

Барлығы саған аманат

Әжесі: АРУЖАН

Оралшы аман жеріңе

Көрісші туған еліңмен

Келін ау көздей қалтаға

Топырақ салып жіберші

Келіні; АЖАР

Кебін киген өледі

Кебенек киген келеді

Үлкен үйден дәм татса

Кешікпей елге келеді.

Әкесі: ӘЛИ

Барамын тартып батысқа

Жортуыл қырғын түн қату

Өлтіру өлу атыста

Жігіттің жігіт болғаны

Жаудан елін сақтаса

Жау шапқанда еліне

Қояндай бұғып қашпаса

Атой сап жауға кіремін

Ұлы Отаным сен үшін

Мына бір қалған бел үшін


  1. Көрініс «Суық хабар»

Пошта тасушы «қара қағаз» әкеледі мұңлы әуен

Келіні: АЖАР

Қалай сені жұбатаам аңыра ана

Рас болса мына келген қара қағаз

Маған жар балаға әке табылама?

Жалынған ғазиз анам сұрап қалған

Жоғалды сол бетіңмен бірақ арман

Сенбеймін сенбейбін әкелерің өлгеніне

Себебі ол үйден тірі аттанған

Немересі: РАУАН

Айтшы ана сонда сезіппең

Қара бұллтың төнгенін

Ұйтқи соққан дауылдан

Бақыт шамы сөнгенін

Естідің бе сонда сен

Нөсер үшін селдеткен

Үрейді алып өрекпіп

Сұрапыл соғыс көлдеткен

Әжесі;АРУЖАН
Оу немерем қайдағыны қозғадың?

Шәйіт болды талай- талай боздағым

Бірақ бірақ тәңіріме табынып,

Ел қорғайтын ұл-қыздарым тұрғанда

Бейбіт өмір болатынын болжадым.

Радио: МҰХАМЕТ

Тыңдаңыздар тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың қаһармандық ерлігі жеңспен аяқталды, бұл жеңіс 20 милион жерлестеріміздің қанымен тірілердің табан ет , маңдай терімен келді. Соғыста ерлікаен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге


  1. Көрініс Жеңіс , Жеңіс

Әже: АРУЖАН

Соғыс бітті мінекей аспан ашық,

Бой жазылды жетектеп үміт

Жігері тасып шіркін-ай жеттік пе

Жетпедік пе осы күнге

4 жыл бойы тілген болып асық

Бала; РАУАН

Жеңіс туы

Жеңіс туы

Желбіресін мәңгілік

Жеңіс жыры

Жеңіс жыры

Асқақтасын жаңғырып,

Келін: АЖАР

Жеңістің парақын білейік

Бас иіп үлкенге аман жүрейік

Өлгенге құран бағыштап

Тіріге өмір тілейік

Гулмира Әділбекқызы:

Қанды қырғын қан майданда талай боздақ етігімен қан кешіп жүріп, өздерінің жастығын күш жігерін жұмсады, сол соғыстан оралмаған солдаттарды күтіп артында аңыраған ана мен әкелер желкілдеп өсіп балалар махаббатын сүйгенін күтіп бойжеткен қыздар қалды. Армандарына жетпей өмірден ерте озған қыршын жастарды майдангер ерлерімізді бір сәт еске алып, аруақтарына іштей дұға арнайық.

Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті, жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе ? от пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты әрбір минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ, бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып, жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су кешіп жаумен бетпе- бет соғысса тылда қалған қарт адамдар аналар, жас балалар, ер азаматтардың орнын басын еңбек етті. Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ сол соғыс ауыртпалығын көзімен көріп, басынан кешірген майдангер аталарымыздың әңгімесін тыңдалық.

Сөйлеңдер ал сөйлеңдер ардагерлер

Әкелер қатарынан қалған ерлер

Жорық жолын жеңістің тамамдаған

Теңдесіз тарихтағы майдангерлер

Сөйлегенде ақылды данасыңдар,

Шежіре бұлағы боп ағасыңдар

Асыл тастай санаулы қазына да

Күннен күнге азайып барасыңдар

Өтер уақыт мәңгіге тұрмас бәрі

Сендер отан тарихы сырластары

Ескерткішке айналып барасыздар!

Қайран біздің аталардың құрдастары

О бабалар ерлігіңе бас ұрдым

Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың

Ерен ерлік жасайды әлі, күмән жоқ,

Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың!

Ортамызда бүгінгі тәрбие сағатымыздың қадірлі қонақтарына сөз берейін

5 «А» сыныптың концерттік бағдарламасы:

Ән. Сарбаздар Ажардың орындауында

Би Джой Хоу :

Би Катюша

Ән. Көңілді күн





«Благодарное орта мектебі» КММ










© 2010-2022