Мектеп пен ата -ана ынтымақтастығы

Данный материал предложен молодым учителям для работы с родителями и с учителями - предметниками. Много советов и рекомендаций для молодых учителей для использования в педагогической деятельности работы с родителями и сотрудничестве с учащимися.Даны формулы для тесного сотрудничества семьи и школы: это, в первую очередь, родительские собрания, на которых рассматриваются главные проблемы воспитания и обучения.Еще одной из формул тесного взаимодействия является педагогические чтения для родителей....
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ата - аналар мен мектептің ынтымақтастығы» Атырау облысы,

Құрманғазы ауданы

Ақкөл орта мектебі

Молдағалиева Э.З.

Тәрбие ісі жөніндегі

орынбасар

Тәрбие мақсатын жүзеге асырудың орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені, оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп, дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Қазіргі уақытта орта және жоғары оқу орындарының мақсаты - жастарды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары құқықтық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді қажет етеді.

  • Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан - жақты дамуының негізін қалау;

  • әлеуметтік функцияларды еңбек, танымды, қоғам үйелмен және бос уақытты пайдалану тағы басқаларды орындау үшін жастарды ойдағыдай даярлауды қамтамасыз ету;

  • кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдырын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау, тұлғаның өзін өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
    Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделді.

  • Олар:
    - тәрбие мақсатының реализм идеясы;
    - тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы;
    - өзін - өзі талдау (анализдеу идеясы);
    - бала күнінің жартысы;
    - қиын мақсаттық идеясы;
    - сүйеніш идеясы;
    - ірі блоктар идеясы;
    - ата - аналармен ынтымақтастық;
    - мұғалімдердің ынтымақтастығы;
    - өзін - өзі сыйлау идеясы;
    - өзін - өзі басқару (реттеу) тағы басқа.
    Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту. Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін игеру. Осыдан тұлғаның "базалық мәдениеті" тәрбие мазмұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге өз бағдарын өзі шешу мәдениеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік және экологиялық мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас мәдениеті.
    Ересек балалар мен балалардың бірлесу іс - әрекетінің идеясы
    "Ынтымақтастық педагогикасы" принципінен туады, өйткені, ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ереске адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамаыз етілуі тиіс.
    Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие жұмысының барысында еске алатын басты тұлға -бала. Ол педагогикалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
    Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық идеясының мәні өте зор. Бірыңғай тәрбие жұмысы - бұл тәрбиешілер мен тірбиеленушінің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөніндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорлығы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиешілер ұжымдық шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
    Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтың мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
    Өзін - өзі талдау идеясы. Балаларды өзін - өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е.Н. Ильин оқушыларын өздерінің өімірі, іс - әрекеті жайында ойлануға үйретеді.

Ата - аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы

Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы шырайлық қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата - аналар жиналысында балалар туралы сын көзімен ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата - аналар арасында ұрыс- керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата - анаға айтып наразылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата - ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Осындай жылы қамқорлықты сезген бала ата -аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықыласын оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы қарым -қатынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың принципі.
Баланың абыройы, мұғалімнің абыройы - бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеу мен бірге өзін-өзі құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы абыройын шын құрмет ету.
Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі. Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді.Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесін шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар тағы басқа) реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл- ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек.
Қабілет, өз абыройын сезу және өзін-өзі реттеу- демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері.Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы сұрақ қояды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істедім?» Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?» «Мен қалай істеуім керек?», «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» тағы басқа. Мұндай сұрақтарда талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады.
Жаңашыл ғалым И. П. Ивановтың әдісі бойынша тәрбиенің басты элементі ұжымда өзін-өзі талдау болады.Әрбір жалпы іске- өнімді еңбек пікір талас жарыс, жорық, демек, түрлі іс-әрекеттеріне қатысушылар ұжымдық талдау жасаулары қажет. Оқушыларда ұжымда өзін-өзі талдауға үйрету зор педагогикалық шеберлікті талап етеді.осыдан ересек адамдар мен балалар арасында ынтымақтастық туады. Оқушылар жалпы іс үшін тілектес болуға оның барысың қадағалап бақылауға үйренеді. Өздерің сол істің иесімін деп сезінеді.
Оқушылар еңбегін жалғыз мұғалім ғана емес, барлық ұжым бағаласа, онда олар өздерін лайықты ұстап және жұмысты жақсы істеуге тырысады.
Міне, мұны демокрацияландыру мен жариялылық принципті дейді.
Оқу-тәрбие жұмысының барысында орын ала бастаған жаңа идеяның бірі бұл бала күнінің жартысы жайлы.
Бала күнінің жартысы оқушының бірегей мүмкіншілігінің дамуына көмектеседі. Күннің екінші жартысы оқушылардың өз ынтасымен орындайтын түрлі іс-әрекеттеріне (спорт, музыка, пән үйірмелері, өнімді еңбек тағы басқа) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде азайту керек. Ол үшін шәкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс
Тірек идеясы - әдетте балаларды қабілетіне қарай үшке бөліп ( күшті, орта, нашар) оқыту мектептерде орын алған. Бұл бізге Америка мектептерінен келген оқытудың бір түрі. Мектеп мұғалімдерінің балаларды оқыта білмегендігінен, оларды қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар балалармен қосымша сабақтар өткізу де мектеп өмірінде қолданылып келді. Баланы қабілетіне қарай бөліп оқыту және қосымша сабақ өткізу мәселелеріне жаңашыл мұғалімдер қарсы болып, қабыл алмады.
Оқытудың мұндай формалары балалардың жан-жақты дамуына, бірқалыпты білім алуына кері әсер етеді, өйткені балаларда күдіктену байқалады. Осының нәтижесінде олар бізде екінші қатардағы оқушыларымыз ба деген ойға бөленеді, оқуға ықыласы төмендейді. Олар жеке - жеке эксперимент жасап, бәрі бір тірек идеясына келді: В.Ф. Шаталовтың тірек сигналы, С.Н. Лысенкованың тірек үлгілері, Е.Н. Ильиннің тірек бөлшегі (деталь) тағы басқа. Тірек формалары әр түрлі, бірақ жалпы принцип айқын көрсетілген: ең нашар оқушы тақтада тұрып еркін жауап береді. Ол сабақ қарқының бұзбайды, оның тірек болуы қажет. Тірек бұл кесте түріндегі көрнекі құралдар емес, ол ережелердің, әңгімелердің жол көрсеткіші. Әрбір оқушы түрлі тірек формаларын өзінің жауабында пайдаланады. Мысалы: ереженің жол көрсеткіші, есептер шығару тәсілдер тағы басқа.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру қажет.
Жаңа идеялар мектептегі демократияландыру және ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру - бұл тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның мүддесі мен мұқтаждығына қарай бет бұруы, бұл мектептің ашықтығы, оған қоғамдық күшті және қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру.

Мектеп -бұл мемлекеттің, сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білім жайындағы тілегін қанағаттандыратын қоғамдық- мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық процестің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс.

Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Ізгілендіру - бұл мектептің баланы өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол әрбір жас сатысында - балалық шақта, жеткіншектік шақта және жасөспірімдік шақта баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасың жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді егеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Ата - анамен ынтымақтасты нығайту мақсатында мектепте ата-аналар үшiн балалардың қатысуымен ата-аналық лекторийлер, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзу көзделген.Осы мақсатта оқу кабинеттерінде, кіреберіс фойеде БҰҰ-ның бала құқықтары жөнiндегi

Конвенциясына арналған стендтер, бұрыштар, кiтапханада құқықтық бiлiм беру жөнiндегi стендтер ресiмделген.

Ынтымақтастық технологиясы тек білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының тәрбиеленуіне, жеке тұлға болып қалыптасуына, әлеуметтенуіне, педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Ынтымақтастық технологиясын пайдалану барысында мұғалім әрбір оқушының өзін-өзі іске алуына ыңғайлы психологиялық - педагогикалық жағдай туғызуы қажет. Егерде ынтымақтастық технологиясы мен дәстүрлі оқыту әдістерін салыстыратын болсақ көптеген ерекшеліктерін атап өтуге болады.

Ынтымақтастық технологиясы

Дәстүрлі оқыту әдісі

1

Сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы болмайды, барлығы қандай да болмасын оқу-танымдық іс-әрекетке басқалармен бірігіп қатысып отырады, жұмыссыздыққа уақыт болмайды.

Сабақ үстінде оқушылардың жартысынан азы ғана нақты оқу-танымдық жұмыспен айналысады, қалғандары сабаққа немқұрайлы қарайды.

2

Сабақта өз пікірін көпшілік талқысына салмаған оқушы болмайды, барлығы сабақтағы қарастырылып отырған мәселе бойынша ойларын ортаға салады.

Әр сабақ сайын тек белсенді оқушылар ғана сабақ айтып бағаланады, қалғандары сабаққа дайындықсыз немесе дайындықтары толық қанағаттандырмайды.

3

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша оқулықтан тыс қосымша материалдарды өте көп іздестіреді, жауаптары мазмұнды, фактілерге негізделген болады.

Көптеген жағдайларда оқушылардың жауабы жаттанды, кітап көлемінде ғана болады.

4

Оқушылар өзара көмектесіп, ынтымақтастық негізінде өздерін өздері дамытуға бағытталған.

Әрбір оқушы өз бетінше білім алуға тырысады, өзара көмектесу байқалмайды.

5

Мұғалім оқушылардың кеңесшісі ретінде тек бағыт қана беріп тұрады, барлық белсенділікті оқушыларға жүктейді.

Оқушылар мұғалімнің айтқанын ғана орындайды, барлық белсенділік мұғалімге, оқушылардың барлығынан танымдық белсенділік, қызығушылық бірдей байқалмайды.

6

Ынтымақтастық технологиясымен

оқытылған оқушылар ұйымшыл, алғыр, белсенді, өз күштеріне сенімді, пікірлерін еркін жеткізе алады.

Оқушылардың

көпшілігінде еркін өз ойларын жеткізу, көпшілік алдында дәлелдеу қабілеттері толық дамымаған, өзара ұйымшылдық байқалмайды

Сонымен, ынтымақтастық технологиясының идеялары қазіргі көптеген педагогикалық технологиялардың негізі болып табылады. Аталған педагогикалық технологияның жетекші идеясы -гуманистік, тұлғаны дамытуға бағыттылық, субъект -субъектілік қарым-қатынас идеясы.

Мұғалім - оқушы деген қарым-қатынастық жүйеде тепе-теңдік, демократиялық стиль орныққан, ешкім ешкімге бұйрық бермейді, тек жағымды жағдай туғызуға ұмтылады. Ынтымақтастық технологиясының негізгі бағыттары:

  • оқушы тұлғасын гумандық- жекелік тұрғыдан қарастыру, ішкі күштері мен мүмкіншіліктерін ояту;

  • дидактикалық, дамытушылық бағыт, оқыту мазмұны жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде қарастырылады;

  • тәрбиелеу тұжырымдамасы, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • қоршаған ортаны педагогизациялау, мектеп, жанұя, басқа әлеуметтік институттарды ынтымақтастық әрекеттерін қалыптастыру.

Ынтымақтастық технологиясын пайдалану болашақ мұғалімдердің педагогикалық практика кезінде оқушылармен тікелей қарым-қатынас жасауда көп септігін тигізеді. Себебі қазіргі мектептегі балалардың талаптары, даму деңгейлері тез өзгеруде. Оларға жай келісімділік позициясы жеткілікті емес, олар мұғалімдермен оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтасуды қалайды. Дұрыс ойластырылып ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас арқылы ғана оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру, олардың қабілеттерін, дене, ой және моральдық сапасын дамыту мүмкін.

Сондықтан болашақ мұғалімдерге, жас мұғалімдерге қазіргі педагогикалық технологиялардың тұжырымдамалық негіздерін, психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан танып білу абзал.

Ата -ана мен мектептің ынтымақтастығын жүзеге асыру:

Мектеп оқу - тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата - аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады.

Мектеп пен ата- ананың ынтымақтастығының бірнеше формалары бар.

Басты формасы ата - аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.

Байланыс формаларының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірімен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әртүрлі тақырыптарда ата - аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу.

Мектеп пен ата -ананың ынтымақтастығының тағы бір формасы педагогикалық насихат, яғни ата - аналарға педагогикалық білім беру.

Қазір ата - аналар және қалын бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту

мен тәрбие міндеттерін шешуде болымды әсер етеді. Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата - аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын.

Ата - аналардың тәрбие жұмысы процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық - психологиялық білім негіздерімен ата - аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.

Мектептің ата - аналар комитеті мұғалімдерге, ата - аналарға көмектеседі, балалардың демалысын, қиын отбасыларды шефке алуды, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Ата - аналар жиналыстарын, олардың конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізудің дайындық жұмыстарына қатысады.

Мектептің, отбасының, бүкіл халықтың және мемлекеттің негізгі мақсаты қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.

Міне, осы тұрғыдан тәрбие бүкіл жұтшылықтың ісі болып отыр.

1. Оқушының жанұясына барып тұру. Бұл-ата-аналармен жеке жұмыс істеудің неғұрлым кең тараған және тиімді түрі. Жанұяға барғанда сынып жетекшісі өз оқушысының үйдегі өмірімен, тұрмыс жағдайымен танысады. Ата-аналарымен және жанұяның басқа мүшелерімен әңгімелескенде ,сынып жетекшісі оқушының мінезі, қызығуы мен икемділігі туралы ата-аналарына, үлкендер мен кішілерге қарым-қатынасы туралы мағлұматтар алады. Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек. Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

2. Ата-аналармен хат алмасу. Кейбір сынып жетекшілері жанұямен байланыста ата-аналармен хат жазысып тұру түрін қолданады. Хат арқылы мектеп оқушысының үлгерімі мен тәртібі туралы хабарлап тұрады. Кейде хат жазғанда ата-аналардан жанұя тәрбиесіндегі қиындықтар туралы сұрауға, бала тәрбиесі жөнінде олар қандай әдебиеттер оқитынын біліп, ол жөнінде тиісті жаңа кітаптар ұсынуға болады. Ата-аналармен хат жазысуға оқушының күнделік дәптері пайдаланылады. Сынып жетекшілері онда оқушысының оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі туралы қысқаша жазып отырады.

3. Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл-сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса-маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай оқу жылының басында және әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі. Олардың мақсаты ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып, жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады. Сынып жетекшілері ең бірінші өзіміздің жетекшілік етіп отырған сыныбымыздың ата-аналарына арналған педагогикалық білімдерді насихаттау үшін әңгімелер мен лекциялар өткізуіміз керек. Олардың мазмұны ата-аналардың талаптарына, оқу-тәрбие жұмыстарының нақтылы міндеттеріне байланысты болады. Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі

14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11. «Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.

Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;

-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар. -Қателігін түсіне білетін, Дұрыс жүріп, күтіне білетін, Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін, Білімді жинап, дүниені шолатындай,

балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!

Сөз соңын ұлы ұстаз Антон Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды деген", - парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.



© 2010-2022