Баяндама: Мұғалім, ата-ана және қоғам - бала тәрбиесінің үш тұғыры

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалім, ата-ана және қоғам - бала тәрбиесінің үш тұғыры

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушы туралы сөз қозғар болсақ, ең алдымен ол баланың тәрбиесі, содан соң білімі туралы айтарымыз анық. Себебі, бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Ұлы ұстаз, ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осы орайда тәрбие ұғымының терең мағыналығына, тәрбие кеңістңгінің кендігіне назар аударғанымыз абзал. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында болып жатқан жат қылықтар, жанды қинайтын жауыздықтар осыны меңзейді. өзге біреуге күш көрсету, ұрап-соғу, үлкенді бетке алу, кішіге әлімжеттік жасау, тонау, тіпті өз-өзіне қол жұмсау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар да мектеп қабырғасында көп орын алып жатқаны жасырын емес. Мұның барлығы мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмыстары діттеген мақсаттарына жете алмай жатқандығын айқындайды. Рас, адамгершілік тәрбиесінің маңызы мектептің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің арасына шынайы қарым-қатынасы кезінде дариды. Жоғарыда айтылған ойда, әрине, мектептерде тәрбие жұмыстары жүргізілмей жатыр деуден аулақпын. Мектеп қабырғасындағы жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының орны бір бөлек, ал бала тәрбиесі алдымен отбасынан басталарын баршамыз да білеміз.

Қазіргі кезде оқу-тәрбие жұмысын қайта қарастыру қажет. Бұл жұмыс мектепте тәрбие және білім берумен айналысатын мұғалімге де, баласының адал, тәрбиелі, көренді, заманауи білімге ие болуын қалайтын ата-анаға да, бүгінгі кішкентай жеткіншек ертіңгі болашақ екенін мойындаған қоғам үшін де міндет болып табылады.



© 2010-2022