Мамаңдықты таңдау маңызды іс 9 класс

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мамандықты таңдау маңызды іс.

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;

Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

Міндеті:

Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;

Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;

Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;

Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.

Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар, тренингтер.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат, слайд көрсету.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Тақырыбы: Туған тілім- тұғырым.

ІІІ Жаңа сабақ .Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз Мамандықты таңдау маңызды іс.

2. Мұғалімнің сөзі :Тіл - қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Оқушыларды тыңдайық
Қазақ тілі -ұлт тілі (1 оқушы)
Дүние жүзінде халықта тіл де көп.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі - кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл - халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу - қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

2 оқушы Тамыры терең, тарихы бай тіл
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазақ тілі - батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер - қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі - ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз - мейлінше жетілген ұлттық тіл.

4. Самат Айымгүлдің орындауында мына өлең жолдарын тыңдайық . Тіл туралы мәнерлеп оқу.

Қазақ тілі өте бай тіл білгенге.
Оның сырын түсіну де тереңде!
Сан ғасырды бастан кешкен қазақ тіл
Дәл қазірде жойылуы мүмкінбе?

Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!

Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.

Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!

Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.


Бар тілегім қазақ тілі гүлдеуі
Өзге тілмен араласып жүрмеуі.
Бұл тілімнің кемшілігі кәзіргі.
Кей қазағым тілін мүлдем білмеуі!

6. Тіл туралы мақал -мәтел, қанатты сөздерді айтайық.

Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!

- Атақты ғұлама Әл - Фараби айтқандай:

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз.

Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз : Мамандықты таңдау маңызды іс.

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз және өздеріңіз білетіндей 10 - сыныпта бағдарлы оқыту сыныбына көшесіз.

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды.

Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.

Ойланайық, пікірлесейік:

Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 - оқушы: Мамандық дегеніміз - адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан, деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мамандық дегеніміз не?

Оқушылардың пікірлері сұралады

• - Біздің болашағымыз - біздің мамандығымызда;

• - адамның болашаққа апаратын жолы;

• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;

• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;

• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;

• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру;

• - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады;

• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол

• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады.

Мұғалім:

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия - латын сөзінен шыққан, "professio"- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

Жаңа ақпарат:

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.

Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.

Мамандық таңдау мен үшін оңай емес. Ата - анам мұғалім не дәрігер бол дейді. Ауыл шаруашылығы саласы қыздарға қол емес, мұнайшылық кәсіп те жеңіл деуге болмас. Жалпы қай саланың да өз қиындығы бар ғой. Тек адамның белгілі бір мамандықты игеруге ынта - ықыласы болса, алынбайтын қамал жоқ. Ата - анам көп ақылдасады, кейін өкініп, опық жеп жүрме дейді. Сөйтіп мен экология саласының маманы болуға талаптанам. Ата - анам бұл талабымды құптайды.

Ел жастары кең байтақ қазақ жерінің қай түкпірінде болмасын, ел экономикасын түлетуге аса қажет мұнайшы, эколог, инженер, геолог сияқты мамандықты таңдаған жөн деп ойлаймын. Сонымен қатар шет тілін оқып үйренуге, осы тілде шетелдіктермен мүдірмей сөйлесетіндей деңгейде болу қажеттігін ұғынғанын қалаймын. Бұл нарық талабы. Менеджмент пен менеджерлікті меңгермей нарық көшіне ілесу мүмкін емесі жастар жадында жүрсе деймін.

Компьютерді жетік меңгерумен қатар, интернетке шығудың қыр - сырын меңгерген дұрыс деп ойлаймын. Бірнеше шет тілін білсең тіпті жақсы. Әрине алдымен ана тілін жетік меңгеруім керек. Менде техник - программист мамандығын қалаймын.

«Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың»- деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай еңбектеніп білім алып, оқу оқымасаңыздар тілек білдіріп отырған маман иесі бола білу де оңай емес.

Елбасымыздың жобаларының бірінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары қолға алынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қолынан іс келетін адам шағын кәсіпкерлікті ашуға толық мүмкіншілігі бар. Тек еріншектікке жол бермеу керек.

Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, сыныптастарыма болашақта атқаратын кәсіптерін дұрыс таңдай біліп, Қазақстанымыздың мықты маман иесі болуына тілек білдіремін.

Әңгімелесу: Сұрақ- жауап. Меннен сұрақ , сеннен жауап деп аталады.

1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2. Қандай мамандық таңдайсың?

3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?

4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?

5. Бұл заман талабына сай ма?

6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.

7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?

- Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?

- жақсы маман болуы үшін адам нені білуі және нені үйренуі қажет?

- Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыңдар?

- Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр оқушыға бір әріптен беріледі. Қай оқушыға қандай әріп түседі , сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол оқушы жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.

«А», «Д» ,«К», «Ж», «М», «Т»

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2 - оқушы: Еңбек - адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3 - оқушы: Ал мамандық - еңбек қызметнің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділкті талап етеді.

4 - оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін оқу керек. Оқуды біздер мектептен аламыз.

«Қол мидың жалғасы». Алақан бойынша мамандық саласын анықтау. Саусақтарымызды кеңірек ашып, ақ параққа алақандарымызды түсірейік. Бас бармақпен шынашақтың орта О нүктесімен белгілеп, әрбір саусаққа түзу сызық жүргіземіз. Осы жүргізілген сызба бөліктерін сызғышпен олшеп шығарыңыз.

Жауап.

1 Егер алақан сызығыңызда бас бармақ пен О нүктесі арасында сызба бөлігі ұзын болса, сіз басқарушысыз.

2. О нүктесі мен сұқ саусақ нүктесінің арасындағы сызық басқармаларынан ұзын болса, сіздің қорғаушы әскери қабілетіңіз мол.

3. Ортаң қол сызығы ұзынырақ болса, сіз дін адамы, саясаткер болуға бейімсіз.

4. Аты жоқ саусақ сызығы үлкенірек болса, сіз өнерге бейіміңіз мол, суретші, музыкант, архитектор, дизайнер болуға қабілеттісіз.

5. Шынашақ сызығы үлкенірек болса, сіз - дәрігерлік, шипагерлікке бейімсіз.

3. «Ең жақсы» ойыны.

Қатысушылар екі партада отырған оқушыларға сұрақ қойылады. Әрбір оқушыларға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:

Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.

Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.

Ең тәтті - аспазшы, кондитер.

Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.

Ең жауапты - сот, бухгалтер.

Ең салмақты - мұғалім, заңгер.

Ең қарым - қатынасы күшті - бизнесмен

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздікадминистратор шығады

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай - ақ шығармашылық қабілетін, ой - өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.

«Қасиет» Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр:
Тренер----------- тапқыр
Дәрігер---------- әділ
Мұғалім--------- өте ақылды
Журналист----- шыдамдылық
Механизатор----өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы------ой - өрісі жоғары
Заң қызметкері---мейірімді

Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
Жүргізуші. Сіз алыс жолдан шаршап келіп дем алып жатырсыз, досыңыз келіп, сізге бір жерге алып баруыңызды өтінді. Не деп жауап берер едіңіз?

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі - жар таңдау, екіншісі - мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау - жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық.

Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Үйге тапсырма беру.
«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу. Әр оқушы өзі қалаған мамандығын жазып келеді..
Жүректен жүрекке Ж. Баласағұн

«Еңбек туралы»
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап,
Барлық істі сарапқа сап істегін,
Қисаппенен қазынаңды үстегін.
Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.
Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.
Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады
Сонымен оқушылар, бүгінгі « Мамандықты таңдау маңызды іс » атты ашық сабағымызды аяқтай келе , жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік. Сабағымыздың соңында барлығымыз бірге бір - бірімізге сәттілік тілей отырып, «Алақан ұстау » ойынын ойнасақ. Сол жағымызда отырған адамның алақанымызды алақанға қойып, бір мақтау сөз және бір тілек айтып сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Бұл сыныптағы барлығымыздың татулығымызды арттыруға арналған жаттығу.

Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.



© 2010-2022