Қазақстан халықтарының ассамблеясына 20 жыл мерекелік шара 1-11 класс

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Бүгінгімерекеміздебіз 8 ұлтөкілдерініңбасынқосыпотырмыз. Әрине, қазіргітаңдаелімізде 130-дан астамұлт өкілдері тұрады.2-жүргізуші: 1995 жылыұлтаралықтатулық пен тұрақтылықтыңфеномені – ҚазақстанхалықтарыАссамблеясықұрылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясына биыл 20 жыл толып отыр,Бұл – ешбірелдеболмағанерекше, саясимаңызызорқұрылым.1-жүргізуші:Ортақмекенжер шары,Төбеміздебіраспан.Барлықұлттыңбаласы,Достығымыз жарасқан.2-жүргізуші: ОртақбізгебірОтан,Ортақ жердің байл...
Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Әлем халықтары - Қазақстанда!» атты

1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сценарии


1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: 1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Әлем халықтары - Қазақстанда!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

2-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр - Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1-жүргізуші: Той шашу ретінде «Сұлтан» биі. Қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Бүгінгі 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына «Жас қыранға» 2 класс оқушыларын қабылдағалы отырмыз.

(2 класстың топ басшысы ант береді)

1-жүргізуші: Төсбелгі тағу рәсімі мектебіміздің директоры Кусниязов Төлеген Қалжанұлына, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және де Оқушылар комитетіне жүктеледі.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Кусниязов Төлеген Қалжанұлы. Ендеше, ағай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

Hello, ассалаумалейкум, ni hao, bonjor, саламатсыз ба,

2-жүргізуші: Нұрсұлу әр халықтың өзінің сәлемдесу салты бар. Ендеше кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз.

/3 ор сыныбының оқушылары/

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз 8 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясына биыл 20 жыл толып отыр,Бұл - ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені - халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз.

/Орыс халқының сәлемі/ /3, 7сыныптары/

2-жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

1-жүргізуші: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/ /6, 10 сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

1-жүргізуші: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті грузин мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Грузин халқының сәлемі 2-сынып/

2-жүргізуші: Ағайын-туған - бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

1-жүргізуші: Ортаға көршілес татар мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/Татар халқының сәлемі/ /4-сынып/

2-жүргізуші: Республикам менің,

Республикам менің,

Абатым!

Көркіңді көрсе - мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

1-жүргізуші: Сөз кезегі араб мәдени орталығының өкілдеріне беріледі.

/араб халқының лебізі/ /5-сынып/

2-жүргізуші: Тілегі бір,

Жүрегі бір.

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

1-жүргізуші: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға дағыстан мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз.

/дағыстан халқының лебізі/ /8 сыныптары/

2-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші: Сөз кезегі сыған мәдени орталығына беріледі.

/Сыған халқының құттықтауы/ /5 ор сынып/

2-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!

1-жүргізуші: Келесі кезекте ортаға үнді мәдени орталығының өкілдеріне береміз.

/Үнді халқының лебізі/ /9-сынып/

2-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!

1-жүргізуші: «Ел бірлігі - ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!

Ұлттар биі Ендеше, бейбітшілік жасасын!

Ынтымақтастық жасасын!

Қазақстан жасасын!

1-жүргізуші: 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

2-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Әлем халықтары - Қазақстанда!» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!


© 2010-2022