Внекласное мероприатие Мұқағали Мақатаев (11 класс)

Раздел Классному руководителю
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Внекласное мероприатие Мұқағали Мақатаев (11 класс)«Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш.

Мақсаты: Ғсыр ақыны М.Мақатаев

  1. Өмірімен өзектес өлеңдерін таныстыру.

  2. Жыр бұлағының құдіретін сезіну.

  3. Шындықты жырлап, турашылдығы мен адами қасиетінің маңыздылығын жас ұрпақ өкілдеріне таныту, үлгі алу.

Көрнекілігі: кітап көрмесі, слайд, автордың портреті «Хан тәңірі тауының суреті»

Мұғалім сөзі:

Ақиық ақын, халқының жүрегінде мәңгі сақталатын, М.Мақатаев 9 ақпан туған күні. Жыл, күн, ай өткен сайын Шолпан жұлдызындай жарқырап, күннен- күнге халқына жақындай түсетін ұлы тұлға, қазақтың ғана маңдайына біткен ақын кешіне қош келдіңіздер!

  1. Жүргізуші (Диана): Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен

оқушылар және қонақтар! Жырлары сұлулық сезіміне, терең ойға, көркем образдарға құрылған үздік лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты кешімізді бастауға рұқсат еріңіздер!

Өлеңдерің жай болып айтылғанда,

Айтылғанда аспаннан атылғанда.

Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға.

  1. Жүргізуші (Ержан)

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер ер тұлғалы,

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.

Келер ұрпақ, ақын өлеңдерін биік шыңға көтеріп, жоғалмайтынына күмән келтірмесе керек. Мемлекеттік сыйлықтың иегері ақиық ақын тірі болғанда Мұқағали Мақатаев 85 жасқа толар еді.

Настя:

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көреміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бар-ақ нәрсе,

Көшеде өлең немесе өшеді өлең!

Алина:

Көрер едім,

Шаламын ба, отпын ба?

Білер едің

Ақынмын ба, жоқпын ба?...

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,

Кектешнетін Махамбет те жоқ мұнда!

Дана:

Сырым да - осы,

Жырым да - осы,

Алдында

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба?

-Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты -

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

Ержан:

Поэзия - Хантәңірі, поэзиямен жаны егіз Мұқағали өлеңмен сырласып, бар сыр, жырын поэзиямен баяндайды.

Шамиль:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Руслан:

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасынан-да,

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,

Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.

Ержан:

Минуттардан іздедім, сғаттан да,

Сені іздедім.

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз ғып жаратқан ба?

Ақынның өлеңінде жырлаған Отаны бүгінде тәуелсіздік алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып отыр.

Өлең «Саржайлау» (Қыздар тобы)

Алина:

Көлің қайда, туған елім,

Шабақ болам титтей.

Белің қайда, туған елім,

Ойнақтайын киіктей.

Ира:

Далаң қайда, туған елім,

Жатайын да ойлайын.

Бабам қайда, туған елім,

Сақалымен ойнайын.

Руслан:

Шөлің қайда, туған елім,

Шөліркейін, аңсайын.

Құлазыған құмдарыңда

Ғұмырыңды тауысайын.

Гульнара:

Көгің қайда, туған елім,

Желігейін, қалқиын.

Желің қайда, туған елім,

Желпінейін, шалқиын.

Ира:

Тауың қайда, туған елім,

Табынайын ардақтай.

Жауың бар ма, туған елім,

Атылайын садақтай.

Диана: Мөқағали атамыз Отан, ел, жер мен бірге өз обасын әсіресе анасын өлеңге көп қосқан.

Дана:

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай түсіп датқан да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Шамиль:

Бармын ғой,

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып , өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын!

Ержан:

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

Ира:

(Тәңірім кеше гөрсін кесірімді.)

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше!

Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдан иілген бесігіңді...

Дана: Мұқағали жұлдызы қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрінеді. Атырау, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағалидің жыры мне әні алыстан қол бұлғап тұрғандай.

Ән: «Аққулар қош болыңдар!» (Гульнара)

Ержан: Ақын табиғатты сүйіп, бар қасиетті табиғаттан алады. Табиғатпен бірге қуанып, өз елінің табиғатын өзінше жырлайды.

Руслан:

Тамаша еді жазғы орман,

Құстар сайрап, мәз болған.

Көлшіктерде, суларда,

Үйрек ұшып, қаз қонған.

Алина:

...Тамаша еді жазғы орман,

Тамашалап, мәз болғам,

Қайран, Қарасазым-ай!

Үйрек ұшып, қаз қонған!...

Саша: Кең байтақ қазақ даласының әр түпкірінен өзінің оқырмандарын тапқан М.Мақатаев өлеңдері ешқашан өлмейді. Жыр сүйер ұрпақтары, мұрагерлері, тыңдаушылары ақынның өлең ғұмырын жалғайлы.

поэзияда

скульптурада

Мұқағали кинода

жырда

әнде

Мұқағали жыры - мәңгілік жыр.

Настя:

Ел жұртым деп, еміреніп, соғар қаны,

Елсіз ақын -есалаң, жоғалғанға!

Ақын елдің ағайын, еркесі емес,

Ақын - елдің елшісі ООН-дағы.

Настя:

Жұртыңның ақыны бол жаралғансоң

Барыңды жұртыңа бер қаламдасып!

Алдыңда аждаһаның тұрсаң-дағы,

Махаббат жұртқа деген жлғалмасын!

Ира: М.МАқатаев туралы ақындар былай жырлайды:

Айдын көлім сабасына сыймайды,

Толқындары елегізіп тулайды.

«Жетім көлдің» жағасында аққулар,

Ақынды іздеп ән салады, шулайды.

Саша:

Күннің әсем елжірейді нұры да,

Қарасаздың мөлдірейді суы да.

Ақынды іздеп көз саламын қияға,

Хан-Тәңірдің асқар биік шыңына.

Көрермендермен ойын «Бұл кім?»

Алина:

Сағындық қой жырларыңды

Жан сырыңды Мұқағали!

Алашымның ардағы сен,

Қыр алыбы Мұқағали!

Жыр алыбы Мұқағали!

Саша:

Жыр алыбы, поэзия шыңы, Мұқағалиді мәңгі есімізде сақтаймыз. Ғасыр ақыны ғасырға жетеді.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

«Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған әдеби-сазды кешімізді аяқтай келе сөз кезегін сыныбымыздың оқушысы Гульнараға береміз.

Ән «Есіңе мені алғайсың»

Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың

Тұнжырап тұрған ортанға,

Тұнжырап жалғыз барғанда,

Мен бар деп мына жалғанда,

Жоқ деген сөзге алданба.

Есіңе мені алғайсың!

© 2010-2022