Табиғат-тіршілік көзі

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат - тіршілік көзі

Мақсаты: оқушыларға табиғат туралы түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру.

Әдісі: сұрақ - жауап, мақал - мәтел талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық» слайд көрсету, өлеңдер оқу

Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті суреттер. Мақал - мәтелдер жинағы

Табиғат - бізді қоршаған орта. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік үнемі сақталып тұрады.

Сұрақ - жауап. (ауызша топтарға сұрақтар қою.)

* Адам өміріне не қажет?

* Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады

* Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?

* Тірі табиғатты ата.

І - кезең:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

*Табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

- Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

- Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым.

- Табиғатты қазақ халқының бар өмір - тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

ІІ кезең:

Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

- Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?

- Табиғаттың басты байлығы - жер. Жер - біздің қазынамыз, байлығымыз.

Жер біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды да, сүйе білуіміз керек.

* Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат» деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?, аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы табиғаттың сұлулығын білдіреді.

ІІІ кезең:

Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер білеміз?

Көлдің көркі - құрақ, 2. Орман - ел дәулеті,

Таудың көркі - бұлақ. Жер сәулеті.

3. Сулы жер - нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,

Басыңда болар саябақ.

ІV кезең:

Топтарға сауалнама

1 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер? ( суретін салу)

2 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?

Сыныпқа жалпы сұрақ.

«Туған жер табиғатын қорғау керек пе, әлде жоқ па?»

Оқушылардың пікірін талдау

Қорытынды:

Қазақстан Республикасының Конституциясында « Қазақстан Республикасының әрбір азаматы табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті» делінген.

Туған жерді сүю - парыз,

Сүю үшін білу - парыз

Қасиетін ұғу - парыз,

Күзетіңде тұру - парыз

Ендеше, Отанымызды, атамекен жерімізді аялай білейік, қадір тұтайық!

«Атамекен» әні орындалады

© 2010-2022