Ана көрген тон пішер 4 сынып

Раздел Классному руководителю
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« Ана көрген тон пішер »

Бұланды ауданының Капитоновка орта мектебінде Наурыздың 6-сы күні

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне арнап бастауыш сынып мұғалімдері Наурызбаева Динара, Құрмахан Мәншүктің ұйымдастыруымен «Ана көрген тон пішер» атты мерекелік кеш өтті. Бұл сайыстың басқа сайыстардан ерекшелігі бұнда тек оқушылар емес,сонымен бірге аналары да қатысады.Бұл мерекенің басты мақсаты: Балаларды аналарға деген сүіспеншілікке баулу,ана еңбегін ардақтап,мейірімділікке сый-құрметке тәрбиелеу,оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын ,ойлау қабілеттерін дамыту болды. Оқушылардың ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктер туралы айтылып та өтті.

«Аннаның көңілі балада,баланың көңілі далада»

Анаңды Меккеге арқалап барсаңда,қарызынан құтыла алмайсын,дегендей анаға қанша жақсылық жасасан да,оның орнын ешқашан толтыра алмайтынымыз айдан анық. Сонымен бұл сайыс 6 бөлімнен кұралған.

  1. «Тегін білу тектілік» яғни өзінің қай жерден шыққаны жайлы сөз қозғау.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету

  3. «Адам көркі шүберек» қолдан келетін өнерлерін көрсету

  4. «Шеше көрген тон пішер»қос бұрым етіп қыздардың шаштарын өру

  5. «Қонақжайлылық -ата дәстүріміз аты аталғандай ас әзірлеп,оның қалай жасалғандығы туралы түсіндіру

  6. «Кездейсоқ оқиға» сұрақтарға жауап

Бұл сайысқа Капитоновка ауылынан 4 отбасы қатысты.

Олар: Таукеловтар отбасы, Калиулиндер отбасы,Айтжановтар отбасы және Қизатовтар отбасы. Барлық отбасылар да мерекеге жақсы дайындықпен келгені көрініп тұр. Бірінші бөлімінде әр отбасы өздерінің шыққан тегі туралы қысқаша айтып өтті.Екінші бөлімге келетін болсақ онда өз өнерлерін көрсету.Атап айтатын болсақ Таукеловтар отбасы өзбек биін билесе,Қизатовтар отбасы және Калиулин отбасы Ана туралы ән айтып ән айтып өз өнерлерін ортаға салды. Еңдігі кезекте Айтжановтар отбасы қазақтың ұлттық биі «Қамажай» биін биледі. Бұл биде айта кететін жай анасы Қамажай әнің орындап,қызы би биледі. «Шеше көрген тон пішер» бөлімінде қыздар мен аналар қазақтың ұлттық оюын қиып,оны ақ қағазға желімдеу. «Қонақжайлылық-ата дәстүріміз» бөліміне келетін болсақ,Таукелов отбасы рафаэлла суық тағамы,Қалиулин отбасы өзбекетің палауын дайындап,қызы қалай дайындағаны жөнінде айтып өтті.Ал Қизатов тар отбасы қазақтың ұлттық тағамы «Бешбармақ» әзірлеп,ішіндегі мүшелерін қызы толығымен атап шықты. Айтжанов отбасы өзбектің тағамы самса дайындады. Соңғы бөлім «Кездейсоқ оқиға» жүргізуші сұрақ қойып,аналар жауап берді. Сонымен қатар әділқазылар да аналарға сұрақ қойып,сайысқа белсенді қатысып отырды.Сонымен сайыстың шешіміне келетін болсақ әділқазылар өзара ақылдасып 3-орын тағайындады. 3-орын Калиулин отбасы-26 ұпаймен,2-орын Қизатовтар отбасы -27 ұпаймен, және 1-орын Таукеловтар отбасы-29 ұпаймен жеңіп шықты. Ал 4-ші отбасыға сыйлық берілді.

Анам менің -аялаған ақ гүлім

Анам менің -бақытым мен шаттығым

«Анашым» -деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Анам менің-өмірдегі тірегім

Анам менің-кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін -деп аналарға арналған мерекелік кеш аяқталды. Кеш аяқталған соң барлық қатысқан оқушылар мен аналар дастарқан басында бас қосып,бір-біріне тілектерін айтты.Барлық сайысқа ат салысқан отбасыларға үлкен рахметімізді айтып,келе жатқан 8-халықаралық наурыз күнімен барлық барлық әйелдерді құттықтаймын. Алдағы уақытта осындай сайыстар жиі болып тұрады деген жоспарымыз бар.

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жакина Ж.Б

© 2010-2022