Внеклассное мероприятие к Наурыз мейрамы

Внеклассное мероприятие проводилось среди девушек 8-10-х классов к празднованию Наурыз мейрамы в виде конкурса "Көктем аруы - 2014". Форма проведения интересна как самим конкурсантам, так и зрителям-болельщикам (для них также была подготовлена викторина назнание традиций и обрядов казахского народа). Знание государственного языка, уважение и знание традиций народа,  умение быстро и правильно находить ответы, выразительное чтение, вокальные данные смогли показать все участницы данного мероприятия...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: "Көктем аруы-2014" қыздар арасында байқау.


Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

1-Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті достар! Көктемнің ең сүйікті мерекесімен - келе жатқан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.

Наш конкурс проходит в преддверии нашего главного национального праздника Наурыз мейрамы. Не так ли, Азамат?

2-Жүргізуші: Иә, Қанат! Наурыз мерекесі қарсанында өткізіліп тұрған «Көктем аруы-2014» байқауына қош келдіңіздер! Баршаңызға бақытты өмір, амандық пен қуаныш тілейміз!


1- Жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Көктем аруы» қыздар байқауын ашық деп жариялаймыз!
Мен біздің қыздарымызға қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам. (Қыздарды таныстырып, ортаға шақыру)

2- Жүргізуші:
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Аида қыз өнерлі
Бойға өнер жиған қыз.
Аида қыз білімді
Меңгерген бар ілімді

1- Жүргізуші:

Арайлым қыз елгезек
Алады тез тіліңді.
Арайлым қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.

2- Жүргізуші:
9 - сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
Яна өнерлі қызымыз.

1- Жүргізуші:
Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Ольга да қатарынан қалмаған.

2- Жүргізуші:
Атыңнан айналайын Марджан деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

1- Жүргізуші:
Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Марина алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

2-Жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық. (Әділқазы алқасы мүшелерімен таныстыру)

1.

2.

3.

1-жүргізуші
Бүгінгі байқауымыздың шарттарымен танысайық.
1 - шарт. «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады.
2 - шарт. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).
3 - шарт. «Қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру»

4 - шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі сұрақтарға жауап беру.

Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен білімін тамашалауға баршаңызға қош келдіңіздер дейміз!

2-Жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.

Ендеше І тур - Таныстыру. Марина, Ольга, Арайлым, Яна, Аида, Марджан

1- жүргізуші. ІІ тур: Өз өнерін көрсету
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
Марджан, Аида, Ольга, Марина, Арайлым, Яна

2-жүргізуші. ІІІ тур: Қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстыру.
Марина, Аида, Ольга, Марджан, Яна, Арайлым


1-жүргізуші. IV тур: «Білімді мыңды жығар»
Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ - жауап сайысында
сыналар білімі мен парасаты - дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

Сұрақ-жауап.
1.Қазақ халқының ұлттық киімдерін атаңдар? (айыр қалпақ, сәукеле, шапан, ішік, кимешек, қамзол, мәсі, бөрік т.б.)

2.Қазақтың қыздары ертеде қандай аяқ киім киген? (саптама, кебіс, етік)

3.Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай мейрамды білесіңдер? (Наурыз мейрамы)

4.Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер? (көже, қазы-қарта, жал-жая, қымыз, ет, қуырдақ, айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)
5.Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар? (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т.б)
6.Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні (Беташар)
7.Қысқы аяздарда арналып малдың немесе анның терісінен тігілген бас киім (Тымақ)
8.Киім-кешек т.б. зат салуға арналған үй жиһазы (Сандық).
9.Жас нәрестеге арналып ағаштан жасалған төсек (Бесік)
10.Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар? (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, қыз қуу, бәйге т.б.).

11. Шашқа тағатын әшекей қалай аталады? (шашбау, шолпы)

12. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

2-жүргізуші

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есепте-генше, көрермендермен ойын ойнайық!

Ал, көрермен, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық - дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1-жүргізуші

1. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін атаңыз. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Ою - өрнек түрлері нешеге бөлінеді. (4, жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық).
4. Киізге ою - өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
5. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
6. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
7. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
8. Тамақ әзірлеу өнері қалай аталады? (кулинария)
9. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
10. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? (каллория)
11. Қолдан тоқылған суретті - кілем қалай аталады? (гобелен)

12. «Наурыз» қай халқының сөзі? (парсы)

2-жүргізуші

Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Марапаттау рәсімі. «Өнерлі ару», «Білгір ару», «Тапқыр ару», «Сыпайы ару», «Көктем аруы-2014» номинация бойынша..................марапатталады.

1-жүргізуші

Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымыз-ды айтамыз.

2-жүргізуші

Осындай іс - шараларға белсене араласып, ат салысып қатысқан-дарыңызға көп-көп рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Жүргізушілер: Төлеген Азамат - 9 «Б» сынып оқушысы

Оразалиев Канат - 9 «А» сынып оқушысы







© 2010-2022