Разработка на тему Қыз - елдің көркі

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қыз елдің көркі" бағдарламасы бойынша сынып жетекшіге көмек

Қыздарға өнегелі ақыл беру жолдары
Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, ұрпақ тәрбиесі-ұлт тәрбиесі. Адамзат ес білгелі өз баласын өте тәртіпті, кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, үлгілі отбасы иесі, үлгілі әке немесе шеше, бақытты ата немесе әже ретінде көргісі келеді. Сол арман, сондай тұлға әр адамның бойында қалыптасқан. Әркім өз баласының бойынан осындай қасиеттерді көргісі келеді. Оқушыларды отбасылық өмірге дайындау өте күрделі, қажымас еңбекті қажет етеді.
«Отан-отбасынан басталады» дейміз, ал біз қалай өмір сүріп жатырмыз, әке-шешенің, ата-әженің, ағалы-інілінің, апалы сіңлінің бір-біріне деген қарым-қатынасына тығыз байланысты. Олардың бір-біріне деген қарым-қатынасына тығыз байланысты. Олардың бір-біріне деген жанашырлық сезімдері, бір-біріне деген аналық, әкелік, енелік, аталық, ағалық, апалық, інілік махаббаттары, сыйластықтары өсіп келе жатқан ұл-қызға тікелей әсер етеді. Отанымыздың да, отбасымыздың да алтын босағасы - әйел адам, әйел - адал ана, ол да қыз болған. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі, кішіге үлгі болатындай әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім тәрбиесін үйретумен болады. Міне, сондықтан анаға кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болу қажет. «Аяғына қарай асын іш, анасына қарап қызын ал» - деген ата-бабамыздың асыл сөзі осының айғағындай. Өнегелі, тәрбиелі қыз бала қандай болу керек? Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт-байлық ошағы, адамзаттың өсіп-өркендеп, тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы. «Тәлімді ана-тәрбиелі келін» атанады. Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Ендеше, ішкі жан дүние - мінез-құлық. Дауыс көтеріп оспадарсыз сөйлесең, сыртқы бейнең қанша сұлу болып, әдемі киініп тұрсаң да жарасым таппайды.
«Киіміне қарай шығарып салады» деген ұғым осыны меңзеп тұрған секілді. Адаммен қарым-қатынасың сөз ғой, міне, сондықтан да айналаңнан күнделікті өмірде жақсы, жанға жағымды сөзбен даусынды, сөйлеу мәнеріңді түзетіп, жақсылықты бойыңа жина. Рухани байлығың білім мен тәрбие. Сыртқы киім киісі, жүріп-тұрғаны көңілге қонымды, күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстаз да, ата-ана да мақтаныш тұтады. Теледидардан, көргеннің бәрін електеуге, үйренуге болмайды. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген бар ғой, жақсы мен жаманның арасын ажырата білу қажет. Батыстың мәнсіз музыкасын тыңдап, соған бой алдырып, еліріп қисаңдаған қыздардан не күтесің, қазақтың әсем сазын, асқақ әуенін бағалап тыңдай білген жоқ болар. Мұқасан мен Нұрланның «Әзіл шумақтарынан» бір дәлел:
«Көйлек киіп бір қыз жүр,
Ашық-шашық борбайға,
Жырық-қарыс етегі.
Суық тисе тоңбай ма?
Жалтыраған жанбасы,
Ұят қайда, ар қайда.
Бұлтың-бұлтың етеді.
Ұрсу керек мұндайда?»
Ашық-шашық киінгеннен жақсы көрінбейсің, керісінше көрген адам «Мынаны айтатын ата-анасы, ұстазы жоқ па?» деген ойға қалады. Ерсі бояну да көруге қолайсыз әсер қалдырады. Көпшілік орындарда қатты күлу, қатты сөйлеу, мініп келе жатқан көлік ішінде үлкенге орын бермеу, ешкіммен санаспай өз беттерінше даурығып дөрекі сөйлеп, айғайлап сөйлеу өте ұят, өзімшіл, өркөкіректікті көрсетеді. Қалай болса солай сөйлеу, киіну талғамсыздық пен тұрпайылық белгісі. Үлкеннің айтқан сын ескертпесін, ақылын өзімдікі дұрыс демей, «қалай айтылды, неге айтты?» деп өз-өзіңе талдау жасаған дұрыс. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген бар ғой. Әрбір қыз бала өзінен кейінгілерге үлгі болу керек. Үлкенді сыйлайтын, кішіні сипайтын жақсы қыз, өнегелі тәрбиелі қыз. Әрбір отбасында «баланы бастан...» деп басталатын тәрбие қандай тағылым, десеңізші? Оны ата-бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, осыны бойына сіңіре білген адам тәрбиелі адам.
1. Адамның басшысы - Ақылы.
2. Жетекшісі - талап.
3. Жолаушысы - ой.
4. Жолдасы - кәсіп.
5. Қорғаны - сабыр.
6. Қорғаушысы - мінез.
7. Сынаушысы - жолың.
Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұщырамауы үшін, жаза қадам баспау үшін қыздарына мынадай он түрлі талап қойған.
1. Әдепті.
2. Ар-ожданы пәк болу.
3. Кең пейіл, кешірімді болу.
4. Мейір-шапағатты болу.
5. Ақыл-парасатты болу.
6. Сабырлы-салмақты болу.
7.Адал, ақ жарқын болу,
8Моральді мұратты болу.
9.Өжет,батыл болу,
10.Ұят намысты болу.
Инабатты қыз өсіру ниетімен тиым сөздерінде де пайдаланған,қызға 40 үйден тиым болған:
1.Жарыса сөйлеуге тиым.
2.Жалғыз қыдыруға тиым.
3.Жыртақтап күлуге тиым.
4.Орынсыз ұрынуға тиым.
5.Басқаларға қол тигізуге тиым.
6.Өтірік өсекке тиым.
7.Суық жүріс сумаң қылыққа тиым.
8.Кісіге қарай керіліп есінеуге тиым.
9.Талтайып отыруға тиым.
10.Шалқайып жатуға тиым.
11.Тамақты обарлана асауға тиым.
12.Ұрлыққа-қарлыққа тиым.
13.Ұятты мүшелерін ашып жүруге тиым.
14.Бұрандап қылымсуға тиым.
16.Түске дейін ұйықтаға тиым.
17.Кісі алдына қасынуға,киім ауыстыруға тиым.
18.Салт-дәстүрден аттауға тиым.
19.Елді ғайбаттауға тиым.
20.Үлкендердің жолын кесіп,атын атауға тиым.
21.Ішімдік пен шегімдікке тиым.
22.Ұрыс-керіске тиым.
23.Беттен алып,төске шабуға тиым.
24.Қараулыққа,ысығандыққа тиым.
25.Рахымсыздық пен қатыгездікке тиым.
26.Түнде суға жалғыз баруға тиым.
27.Жат жыныстылармен араласып жатуға тиым.
28.Күйеуге қашып тиюге тиым.
29.Әдепсіз сөзден тиым.
30.Тарс-тұрс журіске тиым.
31.Адам мен жануарларды тебуге тиым.
32.Кісіні қорлап жәбірлеуге тиым.
33.Тәкәппарлық пен сайқымазақ жасануға тиым.
34.Айғай сүреңге тиым.
35.Шектен тыс сыланып жасануға тиым.
36.Қызғаншақтық пен күншілдікке тиым.
37.Менмендік пен өзімшілдікке тиым.
38.Алдап-арбауға тиым.
39.Көрсеқызарлыққа тиым.
40.Нәпсі құмарлыққа тиым.
Бұл тиым сөздердің мағынасын түсініп,есте сақтау қажет.Айтылған өнегелі тиым сөздер ұстаздардың сынып жетекшілерінің үйреткен,ақыл-кеңес,білімі ата-ананың берген тәрбиесі бәрі-бәрі адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.Қыз балалардың жасыратын еш нәрсе болмау керек.Түсінбеген,өз басына кездескен кейбір жағдайларды ашық айтып пікірлесу де адамдықтың белгісі.Ұстаз-ақылшың,оқутышың,шын досың.Әр уақытта пікірлесіп ішкі жан дүниеңді ашуда ата-анаңмен бірдей адам.Ата-ана мен ұстаздың арасына қаяу түсірме.Сыйла,айтқанын тыңдау керек.Олар сендерді қорғайды да,қолдайды да.
Сонымен қорытындылай келе,қыздарымызға айтарым:»Кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойыңа сіңіріп,үлкеннен өнеге алып,ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы,инабатты,білімді қазақ қызына лайық бол»демекпін.
Ата-анаға сөз келтірмейтін,ананың мақтанышы болыңдар.Тәртібіңмен,өнеріңмен ұлтының намысын қорғайтын мектеп мақтанышы болыңдар.



© 2010-2022