«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлттар достығы - татулықтың тал бесігі»

1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған достық фестивалі

( Жәй әуен естіледі 2 жүргізуші сахна сыртында тұрып оқиды )

1«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»-жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Д«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»остық тапса діндер менен ділімді

Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,

Бір туғандай ұлтаралық келісім

Бір көтерген басқа түскен жүгімді.

Серт берісіп туыс болып қалуға

Нәубеттерден аман жеттік дамуға,

Байтақ елдің биік ұстап байрағын

Б«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»іздің достық мәңгі болып қалуда.

2-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір

Ұ«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»лы достық мәпелеген жүрек гүл,

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Қуаныштан желпілдейді түндігім

Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,

Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,

Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!

«Салем саған, туған ел» әні Коспаева Акмарал

1- жүргізуші: Армысыздар Құрметті ұстаздар, аяулы достар, Сіздерді 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, Бүгінгі 5- 9 сынып аралығында 1 - Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақтастығы күніне орай ұйымдастырылып жатырған «Ұлттар достығы - татулықтың тал бесігі» атты достық фестиваліне қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Біздің елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерін бірлік мерекесі тағыда құтты болсын! Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз. Құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы Темірбай Бесімбайұлы береміз

1- жүргізуші

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы,

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары.

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

2- Жүргізуші: Елтарихының 22 жылында халықымыздың бірлігі мен туыстығының арқасында қазақ жерінің құшағына 130 астам ұлт өкілдерін сидырып, солармен бірге жемісті жетістіктерге жетіп отырғандығы үлкен мақтаныш. Фестивалді ұйымдастырудағы басты мақсатымыз ұлттар арасындағы достықты ұлықтау, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, достыққа, ауызбіршілікке, бірлікке тәрбиелеу.

1- жүргізуші:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-брлігіміз арта берсін, ағайын.

2-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді. Бүгінгі біздің фестивалімызға орыс, украин, өзбек, түркмен, ұйғыр, қытай халықтарының ұлт өкілдерінен құрылған мәдени бірлестіктері қатысқалы отыр. Ендеше ортаға алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, әсем әнді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін берейік.

(«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі» Ортаға 8 а сыныбы шақырылады, ән орындайды, би билейді)

1 - жүргізуші: Но как родной люблю язык я русский,

Он нужен мне как небо, каждый миг.

Н«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»а нем живые трепетные чуства открылись мне

И мир отркрылся в них.

2- жүргізуші: Текут две речки в сердце мелея,

Становится единой рекой.

З«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»абыв родной язык я онемею,

Утратив русский стану я глухой .

Жүргізушілер хормен:

Зашумели березы, закачались красиво,

Это значит друзья мы попали В РОССИЮ!

Орыс ұлтының өкілдерінің ыстық сәлемін қабыл алыңыздар.

(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады.

1«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»-орыс халқының әні, 1-орыс биін көрсетіп, ұлттық тағамын таныстырады. Жауапты: 7а және 7б сыныбы.)

1-жүргізуші:

Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

М«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»ерекелі мерейлі айдың басы,

Құтты болсын, Бірінші Мамырымыз!

2-жүргізуші:

Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

(Ортаға түрік елінен келген қыздарымызды сахна төріне шақырамыз. Жауапты 8б сын.)

1«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі» - жүргізуші: Здваствуй, краса Украина,

Солью и хлебом богата.

От чудо Двины до устья Дуная,

В подсолнуках гордо шагая.

2- жүргізуші: Кім сүймейді ет жақыны, туысын,

Украин бауырым туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай ұлы достық,

Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Ортаға украин ұлтын шақырамыз

(Сахнаға Украин халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Украин ұлт өкілдері келеді 5а және 5б сыныбы)

1-жүргізуші:Ынтымақ, бірлік, достық, татулық,

Бабалардан қалған дәстүр айтулы.

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр,

Т«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»әуелсіздік туы мәңгі тұғырлы, -дей отырып қазақ жерінде мекен етіп жатырған барлық ұлттың өкілдеріне өзінің ыстық лебізін әнмен жолдауға келген Жауынбай А « Ал, құрбым » әнімен сахна төріне шақырамыз.

2- жүргізуші: Қадірменді бір досымыз - өзбегім,

Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.

Ө«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»з сөзімдей жанға жайлы сөздерің,

Өз көзімдей күлімдейді көздерің.

Дәм тұзымыз араласпыз әріден,

Дастарқандар жайылады сәнімен,

Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,

Кезек жейміз алма, өрік дәміңмен.

Ортаға өзбек елінен келген туысқан бауырларымыздың ыстық лебізін қабыл алыңыздар

(Ортаға 6а сыныбы шақырылады.)

1 - жүргізуші: Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

К«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»өзімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.

2«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі» - Жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы! - дей отырып ортаға қытай халық республикасынан келген өнерпаздарымызды қарсы алайық.

(Сахнаға қытай халқының биі орындалады 9 б сыныбы.)

1- Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен

Молдаван, тәжік үн қосқан.

Д«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»ос жүректер біріккен,

Мерейлері жарасқан.

2 - Жүргізуші: Қазақ, түркімен туыссыңдар, доссыңдар,

Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.

Дос туыстар көп болса да дүниеде,

Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

(Байлықтың ең үлкені- халықтар достығымен туыстығы, - дей отырып ортаға түркімен елінен келген туысқан бауырларымызды қарсы алайық. Жауапты 6б сыныбы)

1«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»- жүргізуші: Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен - бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр

Алатау, Кавказ ұласып,

Баурайы бұйрат кең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап ,

Құлаққа даусы кеп жатыр.

2 -жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық

Ән : « Көк тудың желбірегені» орындайтын Нұров Қайырбек

1-жүргізуші: Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

( ортаға барлық ұлт өкілдері келіп тұрады , Нұров Қайырбек ән орындаған кезде ортаға бір оқушы шаңырақты бақанмен көтеріп келеді, әр ұлттың өкілдері берілген жыр шумақтарын айтып шаңыраққа ілінген бауларды уық ретінде кереді)

(Орыс ұлтының өкілі)

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы,

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Туыспыз біз бәріміз,

Біз Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.

(Қытай ұлтының өкілі)

Барша халық,

Барша адам,

Тірлікпен ғана бақытты!

Тірліктегі барша жан,

Бейбіт күн, бейбіт уақытты,

Жүрегіне теңейді.

Одан артық өмірде,

Бақ - бақыт бар демейді.

Бақыт туы дінгегін,

Алтын шыңға тірейді.

Жер шарына бейбіт күн

Нұрлануын тілейді!

( Түркімен ұлтының өкілі)

Достықтың туы-

Желбіреп тұр ғой даламда,

Құшағын ашып ,

Тілейді бақыт адамға.

Бірлік пен Ерлік

Жалғаса бермек мәңгілік.

Бейбітшіл біздің

Осынау нұрлы заманда!

( Ұйғыр ұлтының өкілі)

Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Әуелеп шықсын әніміз,

Күмбірлеп шықсын күніміз.

Көбейсін тойлар елімде,

Даламыз нұрмен көгерсін.

Кіршіксіз ашық көгімде,

Шарықтап ұшсын көгершін.

(Украин ұлтының өкілі)

Зеңгір көктен,

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен,

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа,

Шақырады әніміз.

Тыныштыққа,

Нұр құшақта,

Бақыттымыз бәріміз!

( Өзбек ұлтының өкілі)

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта,

Бала біткен дос - бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.

Ақпыз қара сарымыз ,

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша - бау,

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.

Қазақ ұлтының өкілі

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп,

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.

Достығымыз ғасырларға жарасқан,

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Барлығы бірге:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік - байлық, ырыс - құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса тыныштық!

2 -Жүргізуші: Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

« Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге - қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі - Қазақстан халықтарының бірлігі. Осы бірлігіміздің тамыры тереңге жайыла берсін, достығымыз нығайа берсін ағайын.

1 - Жүргізуші: Ынтымағы жарасқан берік күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Бейбітшілік жасасын!

Ынтымақтастық жасасын!

2- Жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Ұлттар достығы - татулықтың тал бесігі» атты ұлттар фестивалімізді аяқтаймыз. Аман- саулықта жүздесейік ағайын.



Қарақұдық орта мектебі

Мемлекеттік мекемесі



«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі»


1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған достық фестивалі


Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Қарақұдық орта мектебі

Тәрбие ісі орынбасары

Исагалиева Жанагуль Асхатовна



© 2010-2022