«Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі»

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда


Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі - ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде, яғни, 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Ата-ана өзінің мінезі, дағдысы, сөзі, іс-әрекеті арқылы баласына үлгі көрсетеді.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп айтады. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ата-ана - отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-ананың тірлігінде көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы ол - перзенті.

Іштен ешкім біліп тумайды. Тәрбие ұлға да, қызға да бесік пен босағадан басталады. Өсе келе ұлым - дарақы, қызым - сорақы деп бармақ тістеп қалмау үшін әкеңнің қабағы, анаңның сылап- сипауы айрықша мәнге ие.

Ұлыңды - жарығым, қызыңды - жалғызым деп ішер-тамақ, киер-киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ етіп құр мәпелеу - бұл тәрбие емес. Ұлтымыздың ар-иманын, ынсап-қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ, алдымен ата-анасының, сосын өз бетін шиедей етеді.

Ата-ана балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбие бала өсіруі екіталай. Өткені бала ересектерге еліктегіш келеді, көп нәрсені - жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, соны қайталайды.

Кей жағдайларда кейбір ата-ана жұмыс-бастылыққа салынып, бұған мән бермейді, тіпті, кейбір ата-ананың бала алдында жаман сөз айтуы, баланың есейгенін аңғармауы, үйінің шырқын бұзуы - баланы теріс жолға итермелейді.

Ата-ана өзінің міндеті мен жауапкершілігін жақсы білуі керек.

  1. Мәдениетті адам тәрбиелеуге және өз баласын таза өмір сүруге бейімдеуге міндетті;

  2. Білім алуына көмектесуге міндетті;

  3. Жүйелі білім алуына жағдай жасауға міндетті;

  4. Үнемі ата-аналар жиналысына қатысуға, мұғаліммен кездесуге, баласының мектептегі өмірмен танысуға міндетті;

  5. Баланың өміріне, денсаулығына зиян келетін темекі, арақ, т.б. улы заттарды қолданбауға, олардың балаға зиянды екенін түсіндіруге міндетті;

  6. «Баланы жетіне келгенше тыйма, жетіден он төрткекелгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» деген қағиданы берік сақтауға міндетті.


Ата-ананың жауапкершілігі:

  1. Балаға арамза әрекет жасағаны үшін жауапты;

  2. Мұғалімге, мектептің педагогикалық ұжымына балағаттау және әдепсіз қарым-қатынас жасағаны үшін жауапты;

  3. Бала тәрбиесі үшін қабылданған барлық қаулылардың орындалмағанына жауапты;

  4. Баланың адамгершілік тәрбие алу үшін, өз жанұясында бірлік пен татулықты ұстануға жауапты;

  5. Мектептен кейінгі баланың білім мен тәрбие алуына бақылау жасауына жауапты;

  6. Кәмелеттік жасқа жеткенге дейінге баланың салауатты өмір салтына сай тәрбие алуына жауапты.


Қазіргі мектеп балаларына қарап отырып, тәрбиеге үлкен көңіл бөлу керек екенін ата-аналарға жеткізгім, «Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге сүйрер» деп бабалар сөзін естеріне салғым келеді.


© 2010-2022