ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ Б.Т.Ешмұхаметова Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы  №11 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы   «Өзіңді өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыр және адамгершілік құндылықтардың негізі»                                                           Сара Алпысқызы
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҮҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

Б.Т.Ешмұхаметова

Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы

№11 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі

Талдықорған қаласы


«Өзіңді өзің тану - рухани өркендеудің түп тамыры және

адамгершілік құндылықтардың негізі»

Сара Алпысқызы


Қазақстан Республикасының дамыған 50 ел қатарына енуді көздеген «мәуелі» мақсаты, әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке төтеп бере алатын тұлғаларды дайындау, білім сапасының халықаралық стандарттарға сай болуы әлемдік деңгейдегі терминдерді пайдалануды талап етеді. көтеріліп отырған мұндай өзекті мәселелер, білім беру жүйесін дамыту барысында білім берудің нәтижесі классикалық білім парадигмасы ұсынған білім, білік, дағды ұғымдарымен қоса, интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік, ақпараттық біліктіліктері мен тұлғалық сипаттарын, қасиеттерін, қабілеттерін қамтитын құзырлылық ұғымының әдіснамалық деңгейде зерттелуі - оның жалпы білімдегі жүйелі практикалық қызметтерімен, кіріктірілген метапәндік рөлімен тікелей байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты - өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу.Сонымен қатар ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасында: «Жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік, инттеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау», - көрсетілген.

Осының барысында Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер төмендегідей болып белгіленген:

● тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның

сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;

● білім беру жүйесінің барлық деңгейінде

тәрбиенің үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етеді;

● балалардың, жас өспірімдердің және жастардың

тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;

● салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;

● қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;

● барлық деңгейлі білім беру ұйымдарынд қолданыстағы

өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі сонда - бұл пән адами құндылықтарды оқытуға бағытталған. Ал «адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұл қағидалар практикада, күнделікті өмірде қолданылады дегенді білдіреді. Білім берудің шынайы мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады».

«Өзін-өзі тану» пәні - адам өміріне бағыт-бағдар, ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие беретін пән.Осы пәнді оқи отырып, адам бойында өз-өзіне деген сенімділік, өмірге деген құштарлық, адалдық, адамгершілік, достық, Отан, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі оянады. Адам өмірде: мен кіммін? Мен осы табиғатқа немесе туған еліме қандай еңбек сіңіре аламын? Мен адал доспын ба? Мен ата-анамның ақ сүтін ақтай аламын ба?- деген сұрақтарға жауап іздемейді екен.

Оқушыларға рухани-адамгершілік білім беруді мақсат еткен

«Өзін-өзі тану» пәні жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негіз етеді.

Қазіргі мектептердің міндеттерінің бірі - кез-келген жасөспірімге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани - адамгершілік қасиеттерін танып, ішкі жан дүниесіне әсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін - өзі дамытуына жол көрсету. Рухани-адамгершілік тәрбие - дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым - қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Рухани -адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Халқымыздың тәлім - тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Еліміздің білім беру жүйесінде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде руханилық пен адамгершілікке бағдарлап білім-тәрбие беру ісі өткір мәселе саналады. Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәні ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оны білім мазмұнына енгізу арқылы ұлттық тәрбие беруді, оны үздіксіз білім берудің көзіне айналдыруды, оның тереңдігі мен рухани шындығын балалық кезден бастап сіңіруді мұрат етіп отыр. Бұл орайда пән мазмұны арқылы ұлттық тәрбие беру желісі нені тұтқа етеді деген мәселеге келсек, мұндағы басты құрал оқу материалдары, яғни тақырыбы мен мазмұны жағынан бала рухын тербететін, жанын елжірететін, масаттандыратын, табындыратын, әсемдік сезімін, ар-намыс сезімін оятатын, білуге құмарлыққа, ақ көңілділікке, ерлікті көксеуге, күш-қайратты шыңдауға ұмтылдыратын - нағыз ұлттық, қазақша ойлайтын, қазақша сөйлейтін, тілеуі, қалауы, арманы қазақша болатын, өз бойынан ата-бабасының қаны мен рухын сезінетін, өз халқының би, батыр, шешен, даналарының өнеге-үлгісін ұстанатын, елінің тағдырына, тарихына жаны тебіренетін - көркем шығармалар, адамгершілік бастаулары, әдептілік қағидалары, өсиет әңгімелері, шешендік сөздері және т.б. Міне, осындай қуат бойына дарыған жас ұлан келешекте бәсекеге қабілетті болатыны сенімді. Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы - руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады. Тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау. Жас ұрпаққа рухани тәрбие мен білім беру адам дамуының рухани үйлесімділігін, өмірдің құндылықтарын түсінуге, өзін қоршаған ортамен үйлесімділікте ұстай білуі, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттілігін түсінуді қамтамасыз ету. Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады. Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмы­сы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты қағидасы. Сабақтарда пәннің мақсатқа сәйкес оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету міндеттері белгіленген. Сонымен бірге балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыруға және балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, махаббат, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейтуге негізделген. «Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі педа­гог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі. Осы орайда, 10-сынып бағдарламасы бойынша

«Рухани байлық - игілік көзі» тақырыбындағы өткізілген сабаққа назар аударсақ, оқушыларға берілетін рухани білім жеке тұлғаның дүниетанымын кеңейтуіне мол мүмкіндік беретініне көз жеткізуге болады.

Тақырыбы: Рухани байлық - игілік көзі

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының рухани байлығы мәдени құндылықтар туралы түсінік беру.

Міндеттері:

- рухани байлық көздерін ұғындыру;

- рухани байлықты бағалай білуге үйрету;

- рухани байлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

- Байлық дегеніміз не? (Байлық сөзіне ассоцация құру)

ата-ана, туысым туған ел мен жер денсаулық

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

тҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУабиғат достарым

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

кітап қазына алған білім ...

Байлық адами, материалдық, табиғи, рухани болып бөлінеді екен!

Ең басты байлық туған жер, туған ел екен. Сондықтан да бәріміз бірге шаттық шеңберін құрып, Н.Тілендиевтің Қ.Мырза Әлидің сөзіне шығарған «Өз елім» өлеңін орындайық.

Ойланайық, пікірлесейік

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де - байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді , бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата - бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз.

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы Н.Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып , талдау жасалады.

Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», - деп толғанады?

Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?

«Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,

Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

«Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі - заттық нәрсе емес, рухани дүние»

Платон

  1. слайд бойынша жұмыс)

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ 1-слайд

Рухани байлық - адамның өмірін қоршаған орта , тіршілік аясымен тұтастыратын және оның мақсат-мүддесін игі істермен ұштастыратын асыл арна. Рухани байлық адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады. Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен , ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.

Назар аударыңыздар!

Айдынды жақсы аймен тең,

Жомарт жігіт баймен тең,

Шешен жігіт дүрмен тең,

Имансыз көңіл кірмен тең,

Ақылы жоқ надандар,

Іс бітірмес жамандар,

Жүз болса да бірмен тең.

Шал ақын

  • Шал ақынның мына өлең жолдарынан адамның рухани әлемін нұрландыратын қандай адами қасиеттер көріп тұрсыңдар?

Шығармашылық тапсырма

(Оқушыларды тез топтап жіберіп, тапсырмалар беру)

1-тапсырма. Ә Асылбековтің мына өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, «Туған тілім-рухани асыл қазынам» тақырыбына өлең құрастырту.

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен , Қазақ тілім!

2-тапсырма. Ұлт мақтаныштарының халық игілігі үшін жасаған еңбектерін айту.

Мысалы, өзіміз оқып жатқан мектебіміз Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектеп. Ол кісінің игілікті ісі жөнінде айту:

Соғыс жылдары Еркін ауылына Есжан Берліқожанов төрағалық еткен. Бұл кісі де соғыс жылдарында ерен еңбек етіп, майдан даласына қомақты қаржы аударған. Есжан Берліқожаұлы 1943 жылы майданға көмек ретінде самолет сатып алу үшін өз қаржысынан 53601 сом аударған. Бұл еңбегі жоғары бағаланып, мемлекет басшысы И.Сталин алғыс хат жолдаған. 1980 жылдың қаңтарында «Есжан Берліқожанов» деген жазуы бар самолеттың қалдығы Киев қаласының түбінен табылды. 1941-1945 жылдары - соғыс жылдарындағы асқан еңбегі мен шаруашылықты басқарудағы шеберлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 22-желтоқсан 1945 жылғы жарлығына сәйкес « Құрмет белгісімен» марапатталған. Бүгінде бұл кісінің атында Көктал ауылында орта мектеп және көше бар.

3-тапсырма. Сахналап көрсету .

Түркістанда

Жолбасшы: - Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңір берген несібі ғой...- деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай,

Сіздер Қожа Ахмет ибн Ибраһим Махмуд ибн Ясауи кесенесіне келіп тұрсыздар.

Кесене 1978 жылдан бастап Республикалық мұражай болып қызмет істейді. 2003 жылдан бастап кесене ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мәдени мұралар» тізбесіне енгізілді. Ол әлемдік сәулет өнері жауһарларының бірі, еліміздің мақтанышы. Мешітті 1397 жылы Әмір Темір салдырған,сонымен бірге мешіттегі Тайқазанды көріп тұрсыздар. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі - Тайқазан 1399 жылы құйылған . Салмағы - 2 тонна,7 түрлі асыл металдан құйылған .

1935 жылы Тайқазан Санк-Петербургтегі Эрмитажға алынып кетіп, жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-де Отанымызға оралды.

«Рухани тірегіміз - Қожа Ахмет Ясауи» деп ,Н.Ә.Назарбаев баға берген кесене - бүгінгі күнде біздің ұлттық рухани байлығымыз.

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атында Халықаралық қазақ-түрік университеті бар. Мұнда 16 мемлекет пен 30-дан астам ұлт пен ұлыстан тұратын жастар білім алуда. Сіздердің де мектептеріңізден Алимханова Асель осы университеттің студенті, дінтану факультетінде оқиды. Сіздерді де осы оқу орнына шақырамын.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.

Оқу ақпараты

Игілікке қалай қол жеткізу керек?

Игілікке қол жеткізу қашан да екі шартты қатаң сақтауға байланысты. Алдымен қызметтің кез келген түрінде түпкі мақсатты дұрыс белгілеу керек, сонан соң түпкі мақсатқа жеткізердей тиісті жол іздеп табу қажет. Игілік - ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Ол табиғи және қоғамдық - әлеуметтік болып сараланады. Игілік, тұтастай алғанда, адам өмірінің қажетін өтейтін құндылық болып саналады. Ал игілікті адам деп игі іс-әрекет жасай алатын еңбек сүйгіш жандарды айтады. Істің игілікті болуы адамның жауапкершілігіне байланысты.

Дәйексөз

Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің,

Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,

Қиянаттың құрбаны боп,қорлықпенен өлерсің.

Мұхаммед Бабыр

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір - біріне жақсы тілек айтып төмендегідей берілген ойды жалғастырады:

Адам - ең жоғарғы құндылық, оның өмірі бәрінен де қымбат, ...

Ұлттық ұлағат рухани мұраларда көрініс табады, ...

Ата-баба дәстүрін құрметпен ұғынам, ...

Игіліктің ерте-кеші жоқ, ...

Туған жердің қымбат маған әр тасы, ...

Атадан қалған асыл сөз, нұр құяды көңілге, ...

ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол - халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану - адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі - ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.

Өзін - өзі тану пәні әлемдегі ең басты құндылық - адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, ба­лалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Бастауыш сынып оқушыларының өздеріне, өз ортасына, құрбыларына және үлкен адамдарға байланысты эмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сабақтың мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.

«Әр бала - керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі», - деп белгілі педа­гог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.

Адамгершілік - адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы 2009 ж, қараша

  2. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. Алматы: Атамұра, 1996ж

  3. Қажығалиева Ж.Б, Ізғұттынова Р.О, Сағымбаев Е. Өзін өзі тану. Алматы: Бөбек, 2010ж

  4. «Аңыз адам» журналы 2011ж, №15 (27)

  5. «Өзіндік таным» № 2 2007ж


ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ

© 2010-2022