Сыныптан тыс жұмыс Шеберлікте шек жоқ (5 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Шеберлікте шек жоқ » топтық сайыс
Мақсаты: Сынып оқушыларының арасынан өнерлі де шебер, іскер жандарды анықтап, олардың ептілігі мен алғырлығына, тапқырлығы мен шапшаңдығына баға беру. Келешекте өзі ұстанған қай өнер саласы болмасын сол бағытқа негіздеу.
Жүргізуші. (Аманбаева Аружан ) Құрметті оқушылар, сіздер дің бойларыңыздағы шеберлік пен ептілікті анықтайтын «ШЕБЕРЛІКТЕ ШЕК ЖОҚ» атты өнер сайысына хош келдіңіздер!.
Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Алдарыңызда

Әшекей тобы, Шеберлер тобы
1.Гүлжанат, Самғат,Сымбат,Айбат 2.Әйгерім, Айбат,Еркежан, Еламан

Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Оңталапова Аяулым
2.Қайырмағамбет Асылай
3. Қаржаубаев Бағдаулет

Жүргізуші; Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.
І Бөлімі. «СӘЛЕМДЕСУ, ӨЗ ТОПТАРЫН ТАНЫСТЫРУ». Ортаға «Әшекей» тобынын шақырамыз, келесі «Шеберлер» тобын шакырамыз

ІІ бөлім «ЖАРНАМА». Шарты; алдарыңыздағы қоржыннан бір зат алып соған жарнама жасау қажет. Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі. Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық.
Міне көзді ашып жұмғанша екінші бөлімімізде аяқталды. Осы бірінші және екінші бөліміміздің жалпы ұпай санын айтуға әділ қазыларға сөз берейік

ІІІ бөлім «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ» ортаға шашы ұзын екі қыз және екі ұл бала шақырылады. Шарты шашқа әдемілеп бантик тағу қажет. Бантикті әдемілеп, сәндеген командаға 5 ұпай беріледі.

ІV бөлім «ЖОРҒА» сайысы. Бұл сайыс ең шешуші кезең болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты; 10 сұрақ оқылады.Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.

«Әшекей» тобына
1. Иық бұйымдарына не жатады? ( Көйлек, халат, шапан, тон, жейде, камзол.)
2. Ботқаны неден жасайды? (Жармадан)
3. Дене өлшемін өлшеу үшін не қажет? (өлшеуіш таспасы)
4. Мақта матасы неден алынады? (Мақтадан)
5. Тігін машинасының астынғы бөлшегі? (Шөлмек)
6. Жібек мата неден алынады? (Тұт құртынан)
7. Ең көп пайдаланатын асханалық құрал? (Пышақ)
8. Қалталы аң? (Кенгуру)
9. Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)
10. Тойымды мамандық? (Аспазшы )
11. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа)
12. Ыстап кептірілген ет? (Сүр ет)
13. Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді. (Қасық)
14. Биенің сүтінен дайындалатын сусын? (Қымыз)
15. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (Кимешек)

« Шеберлер» тобына
1. Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс? (Қызылша)
2. Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
3. Тігін машинасының неше түрі бар? (Ұш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
4. Қазіргі замандағы машинаның негізін салған американдық инженер? (Исаак Зингер)
5. Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (Құрт)
6. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты? (Ұн)
7. Сүт тағамдарына не жатады? (Сүт, айран, қатық, кілегей, шубат,
қымыз, ірімшік, құрт, шалап.)
8. Шұлық пен қолғаптың резинкасын қандай шалулармен тоқийды? (Оң, теріс).
9. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім усынды? (Леонарда да Винчи)
10. Инені матаға кіргізу үшін не қажет? (Оймақ)
11. Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді? (Тұрмыстық, күнделікті, салтанатты)
12. Көкөністерден жасалған тағам? (Салаттар)
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
14. Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон)
15. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )

Осымен жорға жарысы да бітті, екі бөліміміздің жалпы жинаған ұпай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.

V бөлім «ҚОЛ ӨНЕРІ», бұл жарыста топ мүшелері 3 минут аралығында бар заттан әр түрлі зат шығару қажет. Әр бір затқа 5ұпайдан беріледі. Іске сәт.
Шебердің саусағы алтын.
Өнерлінің қолы алтын.
VІ бөлім «Өз өнері» бұл сайыста әр топ өз өнерлерін көрсетеді. Ал енді сонғы жарысымыз ды тамашалайық. (5 ұпай)

Жүргізуші
Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген
жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.
Қорытынды сөз: Сынып жетекшіге беріледі

Шебердің саусағы алтын,
Өнерлінің қолы алтын.

Шеберлік- шегі жоқ байлық

Шебердің қолы ортақ,

Ақынның сөзі ортақ.

© 2010-2022