Внекласное мероприятие на фестиваль языков Тіл достастығы - ел достастығы

Раздел Классному руководителю
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Начало формы

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерімен тату, достық қарым-қатынаста болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сыныптан тыс іс-шараның көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. кітаптар көрмесі
Сыныптан тыс іс-шараның барысы:

Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар! Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізі әр адамның жүрегінде өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын да сыйлап құрметтей біледі.

Ата-бабам ежелден-ақ дос қылған,

Татар, қазақ болашақты тосты алдан,

Сол достығын тағы міне дәріптеп,

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.

Құрметті қонақтар, сіздерді бүгінгі «Тіл достастығы - ел достастығы» атты кешімізде көруге қуаныштымыз. Сөз кезегі жүргізушілерде...

І - жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар ! «Тіл достастығы - ел достастығы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
ІІ - жүргізуші: Қайырлы күн, кешіміздің қонақтары! Кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіз. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

1 - жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
2 - жүргізуші: Қазақстан Республикасы - біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1оқушы:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.
2 - оқушы:
Бостандық құтты болсын ерікті ел
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
3 - оқушы:
Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма
4 - оқушы:
Халқымның мақтанышы - алып тұлға,
Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек - көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма.

1 - жүргізуші: Назарларыңызға 3 сынып оқушыларының орындауында «Қазақстаным» әнін ұсынамыз.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік етіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауызбірлікте, туыс болуды көздейді.

«Дружба народов Казахстана» слайды.

5- оқушы:
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып
6 оқушы
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады
7 - оқушы:
Жаралдық машылықтан, толы ағыстан
Жолың бар жоқшылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің - Қазақстан!
8 - оқушы:
Көз қуанып күн сайын көркеміне,
Көңіліміз сенеді ертеңіне
Қазақстан - алып ел, төрі Астана,
Таңым ғана лайық ел төріне

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар назарларыңызға 4 сынып оқушыларының орындалуында «Кел, билейік!» әнін ұсынамыз.

9 - оқушы :
Кең даласы , кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз
10 - оқушы:
Отаным - Қазақстан туған жерім,
Мұнаймен газ болады асыл кенім
Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
Артамыз елбасына үлкен сенім

11 - оқушы:
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпен.


І-жүргізуші: Ежелгі заманнан әр тайпалармен руларды біріктіретін белгілер болған. Белгілер - сөздердің орнына қолданылатын таңбалар. Бір топ адамдар үшін қолданылатын белгілер - бір мағынаны білдіреді. Ал, рәміздер - белгілі топтар бейнесінің бірігуі.
ІІ- жүргізуші:Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар. Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.
І-жүргізуші: Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз - Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
ІІ-жүргізуші: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен , еліміздің азаттығымен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.
І- жүргізуші: Кез - келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған

2-жүргізуші: Алдарыңызда «Қарлығаш» биі.

1-жүргізуші. Құрметті қонақтар, Қазақстан елінің тарихын біраз еске түсірсек, басты елеулі оқиғаларды бастан кешіргеніміз мәлім. Олар:
1-оқушы:1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.
2-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.
3-оқушы: 1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.
4-оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды
5-оқушы:1993 жылы 15 қарашада төл теңгемңз дүниеге келді.
6-оқушы: 1995жылы 30 тамыз жаңа конституция қабылданды.
7-оқушы: 1996жылы Алматыда тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997ж. Жалпы ұлттық татулық пен қуғын-сүргіндерді еске алу жылы.
1998ж. Халықтар тұтастығы мен тарих жылы.
1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.
2002ж. Денсаулық жылы.
2003-2005ж. Ауыл жылдары.
2006ж. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл. 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
2007ж. Қазақ тілін қолдау жылы.
2008ж. Астанаға 10 жыл.
2010ж. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының саммиті.
2011ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл.

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы. Қазақстан Ата Заңына 20 жыл. Қазақстан халық ассамблеясына 20 жыл.
ІІ - жүргізуші:
Тәуелсіздік - шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан -
Суып барып қайтадан табылғансың.

Назарларыңызға «Қазақ елі» әнін ұсынамыз.
Мұғалім сөзі:
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, бүгінгі кешімізді қорытындылаймыз!

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты»КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат № 1»










«Тіл достастығы -

ел достастығы»

(«Тілдер фестивалі» аясында

өткізілген іс-шара)






Өткізген мұғалімдер:

Дүйсекина С.С.

Шопанова Г.А.

Конец формы

© 2010-2022