Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан

«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан!» Мақсаттары: Білімділік – Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы терең біліс беру. Тәрбиелік – жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға үйрету; Дамытушылық – оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді, оқиғаларды саралап, олардың себеп-...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан!»

Мақсаттары:

Білімділік - Қазақстанның тәуелсіздігі туралы оқушылар білімін арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы терең біліс беру.

Тәрбиелік - жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, жеке адамның конституциялық құқықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға үйрету;

Дамытушылық - оқушылардың дербес жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін, өз ойын еркін жеткізуге, тарихи фактілерді, оқиғаларды саралап, олардың себеп-салдарын анықтауға, есіне сақтауға дағдыландыру.

Көрнекілігі: «Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптарына жинақталған суреттер, қанатты сөздер, слайдтар, кітаптар, буклеттер, сайыс материалдары.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сыныпты екі топқа бөлу

1-топ «Азамат» және 2-топ «Болашақ».

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік - ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші - ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы дегеніміз - өткен жылдар ішінде елімізде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктері. Тәуелсіздік күні - қазақтың жеке мемлекеттік жалауы, қалауы желбіреген тарихи күн. Бұл - еліміз үшін үлкен мәртебе.

ІІ. Сайыстың өту жоспары:

  1. Сұрақ-жауап сайысы.

  2. Тіл-өнер

  3. «Ұлағатты ұлттық ұғымдар».

  4. Жедел сұрақтар.

«Сұрақ-жауап» сайысы.

І топқа:

  1. Қазақстан қашан өз егемендігін жариялады? (1990 ж. 25 қазанда)

  2. Қазақстан Республикасының азаматтары қандай білім алуға құқылы? (орта білім)

  3. Конституцияда қанша бөлім бар? (9бөлім)

  4. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебеге ие болды? (1989 ж. 22 қыркүйек)

  5. Қазақстанның премьер-министрі кім? (Кәрім Мәсімов)

  6. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім? (А.Байтұрсынов)

  7. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы кім? (халық)

  8. Заң бойынша бала деп кімді айтады? (18 жасқа толмаған адам)

  9. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран).

  10. Бейжің олимпиадасының жеңімпазы, жерлесіміз кім? (Илья Илин)

ІІ топқа:

  1. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (бостандық)

  2. Президент неше жылға сайланады? (7 жылға)

  3. Абайдың неше қарасөзі бар? (45 сөз)

  4. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қашан қабылданды? (1997 ж. 11 шілде)

  5. Қазақ балаларына еуропалық үлгіде мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  6. Қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады? (42)

  7. «Алтын адам» табылған жер (Есік, Алматы).

  8. Азиада қысқы ойындары қай қалаларда өтті? (Астана, Алматы)

  9. Заң шығарушы орган қалай аталады? (Парламент)

  10. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

«Тіл - өнер» сайысы

Мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілде айту керек. 1 нұсқасын айтса - 5 ұпай, 2 нұсқасын айтса - 10 ұпай, 3 тілде айтса - 15 ұпай жинайды.

  1. Өнер алды - қызыл ... (тіл-язык-language)

  2. Тіл ... жарады, ... жармаса бас жарады. (тас-камень-stone)

  3. ... кілті - тіл. (білім-знание-knowlaine)

  4. Таяқ еттен өтеді, ... сүйектен өтеді. (сөз-слово-word

  5. Жігіт бір сырлы, ... қырлы. (сегіз-восемь-eight)

  6. Сөз анасы - құлақ, ... анасы - бұлақ. (су-вода-water)

«Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

Берілген сандардың біреуін таңдап, артындағы тапсырманы орындау керек.

3 арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ.

3 би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

3 бәйтерек: Сәкен, Ілияс, Бейімбет.

3 қуат: ақыл, жүрек, тіл.

7 ата: әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат.

7 күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

7 қазына: сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, ақыл-білім.

«Жедел сұрақтар»

І топ басшысына:

  1. Ұлттық аспап (домбыра)

  2. Отау құрған ұлға беретін үлес (енші).

  3. Оңтүстік Астана (Алматы)

  4. Ең киелі құс (аққу)

  5. Мұсылман діні (Ислам).

  6. Қасиетті тағам (нан).

  7. Тархан атағын алған батыр (Жәнібек).

  8. «Жеті Жарғы» Заң жинағының авторы (Тәуке хан).

  9. 100 жыл (ғасыр).

  10. Қазақстандағы ядролық апаттың ошағы болған жер (Семей)

ІІ топ басшысына:

  1. Ең кішкентай құс (колибри)

  2. Исламның қасиетті кітабы (құран)

  3. Студентке төленетін айлық (шәкіртақы)

  4. Сөз өнері жарысы (айтыс)

  5. Адам үндес музыкалық аспап (қобыз)

  6. Жазба әдебиетінің негізін салушы (Абай)

  7. Республикамыздың тұңғыш Президенті (Нұрсұлтан Назарбаев)

  8. Ұлы жүздің алғашқы ханы (Жолбарыс)

  9. Жабайы аңдарды өсіретін жер (қорық)

  10. Астана қаласының негізгі нышаны (Бәйтерек)

Сайыстың қорытындысы шығарылып, жеңген топ марапатталады.

Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Оны ішкі-сыртқы жұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі.

Оқушылар бірігіп, «Қазақ елі» әнін орындайды.



Бекітемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Н.Қарсақбаев

М.Әуезов атындағы орта мектебі


Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан


Танымдық сайыс


Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан

Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан

Сынып жетекшісі: А.Желдибаева

© 2010-2022