Тарбие сағаты Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым

Раздел Классному руководителю
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым»

Тақырыбы: Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым.

Мақсаты: оқушыларды тәуелсіздік туралы қысқаша таныстырып өту, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

Әдістер: Сұрақ-жауап, топтастыру, рефлексия

Көрнекіліктері: Слайд материалдары, тәуелсіздік туралы бейнероликтер, карточкалар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.

Барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Сіздерді алда келе жатқан еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым» атты тәрбие сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Ондаған жылдар бойы іште жинақталған наразылықтың бұрқ етуіне Мәскеудің республика халқының пікірімен еш санаспастан, ел мүлде білмейтін Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің басшысы етіп қоюы себеп болды. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ән мен слайд: «Қазақтай ел қайда»

  • Кәне, балалар, Отан деген не?

  • Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

  • Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Біздің Отанымыз - Қазақстан.

  • «Тәуелсіздік» сөзін қалай түсінесіңдер?

  • Олай болса балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз « Тәуелсіздік- теңдесі жоқ байлығым» деп аталады.



  • Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда. Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді, Тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

  • Видиороликке назар аударыңыз!

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, еліміздің, жеріміздің мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше арамызда осы ағаларын секілді туған жер туралы өлең, тақпақтарын білетін балалар болса.



  1. Оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым ата заңым қабылданып.



  1. Оқушы: Желтоқсаным - тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін

Жүректерге сақтау керек үнемі



  1. Оқушы: Жиырма төрт жыл, жиырма төрт жыл азаттық

Өзімізді құрсаудан да босаттық

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

  1. Негізгі бөлім.

Оқушыларды 3-топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан сөздерден әр топтың аты шығады.

  1. Топ. Туған жер

  2. Топ. Отан

  3. Топ. Атамекен

Жақсы оқушылар сіздерді сайысымыздың бөлімімен таныстырып өтейін:

  1. Әріптер сөйлейді

  2. Сөз мәйегі

  3. Тапқырлық

  4. Елші

  5. Болашақ Қазақстанға арнау ( Отанымызға жыр-шумақ немесе тілек арнау) Сіздерге көгершіндер беріледі, сол көгершінге Қазақстан Республикасына яғни Отанымызға арнап тілек немесе «Қазақстаным, саған арналады» тақырыбына сәйкес өлең шумақтарын арнауымызға болады.

Жақсы оқушылар, тақтаға назар аударайық Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.

Қорытынды:

Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.

  • Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз керек.

Хор. « Көк тудың желбірегені»

Құтты болсын Тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

  • Алда үлкен мереке, ҚР-ның Тәуелсіздік күні, сондықтан сіздерге мынадай тапсырма беремін. Осында отырған қонақтарымызға келе жатқан мерекемен құттықтап, өз тілектеріңді жазыңдар. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!











Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық Білім бөлімі

М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы ММ



Тақырыбы:

«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым»

Бағыты: Қазақстандық патриотизм және

азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Сыныбы: 8 «а» Тарбие сағаты Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым











Өткізген: Сатиманова Перизат Бигалиевна



27.11.2015



  1. Егемендік туралы декларацияға қашан қол қойылды?

  2. Қай жылы Алаштың Ақберені Тоқтар Әубәкіров алғаш рет ғарышқа ұшты?

  3. "Қазақ елі" монументінің биіктігі қанша және не себепті?

  4. Елтаңбаның авторларын ата





  1. ҚР Ата-Заңы қашан қабылданды?

  2. Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан мүше ел болып кірді?

  3. "Тәуелсіздік" монументі қашан бой көтерді және оның биіктігі?

  4. ҚР мемлекеттік туының авторын ата





  1. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) қашан мүше болды және оны қашан басқарды?

  2. Талғат Мұсабаев ғарышқа қашан ұшты ?

  3. "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші қашан бой көтерді және кімдердің құрметіне?

  4. 2011 жылы 3 сәуір күнгі тарихи оқиға





Тарбие сағаты Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым

Атамекен

















Тарбие сағаты Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым

Туған жер















Тарбие сағаты Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым

Отан











© 2010-2022