Моя родина Казахстан Бастауыш мектепке жіберу

Представлен модульный урок №5 «Счастливый случай» для учащихся с казахским языком обучения. За основу урока взята игра «Счастливый случай». Учащиеся делятся на две группы, в каждом гейме предлагаются задания, которые они должны  выполнить. В первом гейме учащимся предлагается ответить на вопросы разминки, во второй гейме капитан команды вытаскивает из мешка бочонок и команда отвечает на поставленные вопросы. В третьем гейне учащиеся отвечают на вопросы повышенной сложности, в четвертом гейме «Ты...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану

(2- сынып)

Айдарханова Гульбарам Кусайновна

№101 мектеп - лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан

Сабақтың мақсаттары:

1. Оқушылардың Отан туралы ұғымын тереңдету. Туған

жерге деген ыстық сезімін бөлісу, сол арқылы әр баланың

елін, Отанын қадірлеуге бағыттау.

2. Дамыта оқуға негізделген шығармашылық қиялын, жүйелі

ойлау қабілетін дамыта отырып, оқушыларды қисынды

ойлай білуге баулу.

3. Өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау. Білетінін

саралау. Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқыта үйрену ойыны: «Бақытты сәт»

Көрнекілігі: 1. Кеспе қағаздар

2. Секундомер (сағат)

3. Бағалау парағы

4. Конкурс тапсырмалары (3 деңгейге құралған)

5. Үй тапсырмасы (2 сұрақ)

6. Бөшке, сұрақтары №1,2,3,4

7. ҚР картасы, сөзжұмбақ

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой толғау. «Сөзжұмбақ» шешу.



Қ









А










З








А









Қ







С








Т





А











Н



(Сөзжұмбақты Қазақстан қалаларының аттарын атау арқылы шешу)

1. Қара алтынның қоймасы атанған қала. (Қарағанды)

2. Бас қала, жас қала. (Астана)

3. Күріші мол, сыр сағасы атанған қала. (Қызылорда)

4. Жері жайсаң, алмасы мол қала. (Алматы)

5. Ақ тарысы мол, ырысы бар қала. (Ақтөбе)

6. Кенді Алтай аясында орналасқан қала. (Өскемен)

7. Атом элктро-станциясы орналасқан қала. (Ақтау)

8. Мұнайы мол, ырысты жер атанған қала. (Атырау)

9. Ақ алтынның қоймасы атанған қала. (Шымкент)

Қазақстан деген сөзді қалай түсініесіндер? Ол не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауабы: - Қазақстан - Республикам менің

- Қазақстан - республиканың аты

- Қазақстан - туған жеріміз, атамекеніміз т.б.

ІІІ. ҚР картасымен жұмыс.

Яғни, қазақ жері ұлан-байтақ кең. Осындай кең-байтақ жеріміздің көлемі 2 млн. 724 мың шаршы км. аумақты алып жатыр. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде 9-шы орын алады.

Әр елдің өз Отаны, туып өскен жері бар. Оны Отан дейміз. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы туған еліміз, Отанымыз жайлы өз ойларымызды ортаға салу. Әлі де білмеген тұстарымызды саралап еске түсіреміз.

IV. Бүгінгі сабағымызды «Бақытты сәт» оқыта үйрету ойынымен жүргіземіз.

Ойын 5 геймнен (бөлімнен) тұрады. Сынып екі топқа бөлінген. Топтың

атын, ұранын, капитанын өздері сайлайды. (Таныстыру - 2 минут)

Бағалау парағын әділ-қазылар алқасына беру.

1 гейм. «Бой сергіту»

Топтарға 5 сұрақтан беріледі. Ойлауға 5 минут.

Жауап берген оқушыға 5 балдық баға.

2 гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

Топ капитандары нөмірленген бөшкені таңдайды, соның ішіндегі

сұраққа жауап береді.

Дұрыс жауапқа 3 балдық баға.

3 гейм. «Ойтүрткі»

Жасырын сандар астындағы ғұлама адамдарға байланысты

сұрақтарға жауап береді.

4 гейм. «Сен-маған, мен-саған»

Топтар бір-біріне сұрақ қояды. (Үй тапсырмасы бойынша)

«Қазақстан - бүгін» , «Қазақстан - болашақта» тақырыптарына салып

келген суреттерін әңгімелету.

5 гейм. «Көсемдікке ұмтылу»

Сұрақтарға жылдам жауап беру керек 1 минут.

(Жеке-жеке топтарға қойылады. 12 сұрақ)

V. Қорытынды:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы ауқымды болды. Отан, туған жер туралы

барлық сабақтан біліп жүрсіңдер.

  • Ал бүгінгі сабақтың әсері қандай болды? (оқушылар жауабы)

- Бағалау парағы бойынша қорытындылау.

VI. Критерий бойынша бағалау.

VII. Үйге тапсырма. Бүгінгі айтқан ауызша жауаптарыңды қағаз бетіне

жазбаша түсіріп келу. Яғни, «Біздің Отанымыз -

Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.

Қарағанды қаласы


© 2010-2022