Эссе Бағдарымыз Мәңгілік Ел

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бағдарымыз-Мәңгілік Ел

«Түрік жұртының мұраты-Мәңгілік Ел»

Тоныкөк абыз



Ғасырлар тұңғиығынан тұншығып жеткен арман еді бұл...

Ия, біз не көрмедік...Тарихтың талапайына түстік, тарыдай бытырадық, қиналдық. Бірақ ұлттық рухты ешқашан санамыздан өшірмедік. Тасқа жаздық, ұрпақтан ұрпаққа жеткіздік, жүректің қылын шерттік. Үзілмедік. Үміттендік. Ақ үміт алдамады. «Мың жылға, түмен күнге жететін ұрпаққа өсиетімді мәңгі тарихқа бәдіздедім» деп жазды емес пе бабаларымыз. Тарихы тасқа жазылған ел мыңжылдықтар тоғысында жаңа мемлекет құрды. Асқақ рухты бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналды.

Сарабдал саясаткер, елін сүйген Елбасымыздың бастауымен әлем картасынан ойып орын алған бақуатты, бейбіт өмір мен келісімді қалайтын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналдық. Ел-жұрты ертеңіне сеніммен қарайтын, мәңгілікке тарихы жазылған Ұлы даланы мекендеген ел атандық. Қазақстанды болашақта әлемдік сахнада биік тұғырдан түсірмей, бүгінгі қастерлі тәуелсіздігімізді баянды ету- біздің шәкірттеріміздің, мектеп партасында отырған оқушыларымыздың еншісіне тимек. Ұлттық рухпен сусындап, Отан, туған жер, салт-дәстүр, ата-баба аманаты сияқты ұғымдардың қадір-қасиетіне түсінетін ұрпақ болашақта сара жолдан адаспай, Ұлы дала перзенттерінің озық үлгісін көрсетіп, өрлеу жолына түсіп, ұлттық сананы жоғалтпайды деген сенімдемін. Мәңгілік елдің мұратын алға жетелеуде ұстаздарға артылар жүк те салмақты болмақ.

Елбасы «...мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең патриот бөлігі болып табылады »- деп жоғары баға беруі, бізге үлкен жауапкершілік артады. Біздің миссиямыз-жас ұрпақ санасына патриоттықты, елжандылықты, отансүйгіштікті сіңіру. Қазақстан гүлденіп, түрақты даму үшін тәрбиелі, білімді, білікті, өз ісіне адал, мемлекеттік мұддені ойлайтын жастар қажет. Мектеп партасындағы жас түлекке болашаққа бағдар беріп, ізгілікті тұлға етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың парызы.

Сабақ барысында, сабақтан тыс ұйымдастырылатын шараларда оқушыларды ұлттық идеямен сусындатып қана қоймай, алған білімдерін қазірден-ақ іске асыруға бағыттауымыз керек. Отанға деген адалдығың мен сүйіспеншілігіңді білдіру- уақыт та, жас та талғамайды. Бүгінде алдымыздағы шәкірттердің бойынан ұлттық рух есіп тұр. Мұғалімінің аузынан шыққан әрбір сөз, оқушы алдында немесе оқущымен бірлесе атқаратын шарасы парасат пен жақсылықты пайымдаудан тұрғанда ғана- жас түлектің буыны қатайып ,бағдарынан адаспай «алтын ғасырды» одан әрі дамытушы болады.

Ұстаз тәрбиеленушілерінің ата-аналарының да үйде балаларына салауатты, өнеге мен үлгіге құрылған тәрбие бергенде ғана жетістікке жететінін біледі. Сондықтан ата-аналармен атқарылатын іс-шаралар да ұлттық идеяны насихаттаудан тұруы қажет. Жалпы қазақ ауылы ұлттық идеяға сыңсып тұр десем де болады. Ауылдың ақсақалдарының мектебі, әжелер өсиеті, әрбір үйден шалқып шыққан қазақи ән, ғұрып, тіліміз бен дініміз-мәңгілік елдің мәңгілік идеясының алтын көпірі болса, шәкірттеріміз сол саф ауамен тыныстап, бақытты ғұмыр кешуде. Олардың қаперсіз білім алуларына да барынша жағдайлар жасалуда.

Атам қазақ «Атаға қарап ұл өсер», «Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы» деп бекер айтпаған. Ұлттың болашағы-ұстаздарға байланысты десек артық айтқандық болмас.

Сыздыкова Гульнар Райымкуловна















© 2010-2022