Доклад

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН АНЫҚТАЙТЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ – НӘТИЖЕ САБАҚТАР   ИТОГОВЫЙ УРОК КАК  КОНТРОЛЬНЫЙ ИЗМЕРИТЕЛЬ ЗНАНИЙ, УМЕНИЙ И НАВЫКОВ УЧАЩИХСЯ  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту түрлерін, әдістерін, технологияларын таңдап алуда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Біз сіздерге мектепте өзіміз істеп жүрген Жанпейісова Марал Маденқызының технологиясы туралы айтқымыз келеді. Осы технологияның өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Ерекшелігінің бірі - білімді меңгеру емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Тағы бар ерекшелігі, ол дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Технология модульдік сипатта құрылған. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.  Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт бөлімінің меншігінде болады.    Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім: 1) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады; 2) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттер әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі; 3) тірек сызбаларға сүйене отырып, оқу материалын модульдің тұтас тақырыбы ретінде қысқаша түсіндіреді.         Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен-қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтастын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға...             Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір–біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми еңбек көздерін пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқушы білімін бақылаудың түрлері ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе сынақхат қолданылады, бұл оқу модулінің қорытынды бөлімінде іске асырылады.        Қорытынды бөлім – бұл модульдің  тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі. Ол оқушылардың  сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан  білім-білік дағдыларын  бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.     Оқушылардың білімін әділ бағалау және оларға жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болу үшін біз бақылаудың бірнеше түрін  даярладық. Біріншісі - міндетті - тестілеу. Екіншісі - мұғалім өз таңдауы  бойынша  (сынақ, бақылау жұмысы, диктант т.б.) Біз екі немесе одан да көп бақылау  түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау оқушылардың білімдік, танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін толық ашпайды. Бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істегенде гимназия, лицей сыныптарында, жалпы білім мектептерде де қолдануға болатындығы. Айырмашылығы-тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылар санының әр түрлі болатындығында. Алайда, осы технология бойынша бір сыныпта бірнеше  жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен оқушыларды неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік берітінін айқындап отырмыз.        Бұл жұмысты зерттеп қолданған себебіміз,  оқушылардың танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың пән бойынша фонетика, лексика, грамматикадан алған білімдері күрделеніп,  синтаксис бөлімінде сөздердің орын тәртібі мен сөздердің байланысуын жетік меңгергендегі байқалды.       Білім деңгейінің жоғарлауын стандарт өлшеуіш түрлерін қолдану арқылы мониторинг құрастырдық. Модульдегі алған білімдерін тексеру құралы ретінде 2011 жылы өңделген, толықтырылған  жинағымызды ұстаздарға ұсынамыз.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ-БІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН АНЫҚТАЙТЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ - НӘТИЖЕ САБАҚТАР


ИТОГОВЫЙ УРОК КАК КОНТРОЛЬНЫЙ ИЗМЕРИТЕЛЬ

ЗНАНИЙ, УМЕНИЙ И НАВЫКОВ УЧАЩИХСЯ



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту түрлерін, әдістерін, технологияларын таңдап алуда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді.

Біз сіздерге мектепте өзіміз істеп жүрген Жанпейісова Марал Маденқызының технологиясы туралы айтқымыз келеді. Осы технологияның өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Ерекшелігінің бірі - білімді меңгеру емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін, ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Тағы бар ерекшелігі, ол дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Технология модульдік сипатта құрылған. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт бөлімінің меншігінде болады.

Оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:

1) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;

2) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттер әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;

3) тірек сызбаларға сүйене отырып, оқу материалын модульдің тұтас тақырыбы ретінде қысқаша түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен-қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтастын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған.

Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми еңбек көздерін пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқушы білімін бақылаудың түрлері ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе сынақхат қолданылады, бұл оқу модулінің қорытынды бөлімінде іске асырылады.

Қорытынды бөлім - бұл модульдің тұтас циклін аяқтайтын, соңғы бөлімі. Ол оқушылардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім-білік дағдыларын бақылауға, тексеруге және бағалауға арналған.

Оқушылардың білімін әділ бағалау және оларға жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болу үшін біз бақылаудың бірнеше түрін даярладық. Біріншісі - міндетті - тестілеу. Екіншісі - мұғалім өз таңдауы бойынша (сынақ, бақылау жұмысы, диктант т.б.) Біз екі немесе одан да көп бақылау түрлерін қолдану қажет деп есептейміз, өйткені оқу материалын игеру дәрежесін бір ғана тестілеу арқылы анықтау оқушылардың білімдік, танымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін толық ашпайды.

Бұл технологияның жан-жақтылығы оны жоғары, орташа, төмен, білім деңгейіндегі балалармен жұмыс істегенде гимназия, лицей сыныптарында, жалпы білім мектептерде де қолдануға болатындығы. Айырмашылығы-тек бағдармалық материалды меңгертудің түрлі деңгейлерінде жұмыс істейтін оқушылар санының әр түрлі болатындығында.

Алайда, осы технология бойынша бір сыныпта бірнеше жыл бойы жұмыс істеу барысында, білім деңгейі төмен оқушыларды неғұрлым жоғарырақ білім деңгейіне ауыстыруға мүмкіндік берітінін айқындап отырмыз.

Бұл жұмысты зерттеп қолданған себебіміз, оқушылардың танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, олардың пән бойынша фонетика, лексика, грамматикадан алған білімдері күрделеніп, синтаксис бөлімінде сөздердің орын тәртібі мен сөздердің байланысуын жетік меңгергендегі байқалды.

Білім деңгейінің жоғарлауын стандарт өлшеуіш түрлерін қолдану арқылы мониторинг құрастырдық. Модульдегі алған білімдерін тексеру құралы ретінде 2011 жылы өңделген, толықтырылған жинағымызды ұстаздарға ұсынамыз.



© 2010-2022