Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Мектеп, ата ана, бала арасындағы байланыс (7 сынып)

Раздел Классному руководителю
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: Мектеп, ата ана, бала арасындағы байланыс

Ата- аналар жиналысының мақсаты: ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, мектеппен қарым-қатынастың тиімді моделдерін іздестіру, балалар өмірінде ата-аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып пікіралмасу, балалардың дүниетанымын, қабілетін, дарынын дамыта отырып білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде жанұяның рөлін дамтыу, ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру.

Ата- аналарының жиналысының міндеттері:

  • ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;

  • көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

7 "Ә" сыныбының ата- аналары

Пән мұғалімі: Темиржанова Меруерт Асетовна

Қысқа мерзімді жоспар

ПӘНІ

Қазақ тілі

КЛАСЫ

7 "Ә"

ТАҚЫРЫП

Мектеп, ата ана, бала арасындағы байланыс

МАҚСАТЫ

1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ

Ата- аналар басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ

Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

  • Сәлемдесу рәсімі

  • Сұрақ - жауап «Мадақтау - жазалау»

  • «Жанұя бақыты» жаттығу.

  • «Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

  • Жаттығу: «Кемпірқосақ».

  • «Сиқырлы жүрек» ой - түйін

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

(Психологиялық ахуалды жақсарту).




Амандасу, түгендеу.

Шаттық шеңберге тұрғызу.

Шарты: ата-аналар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер құрап тұрады, шеңбер күн тәрізді, бір-біріне жылу сыйлайды.

Амандасады.

Құрметті ата-аналар! Мен сіздермен көріскеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрап дөңгелене тұрайық. Осы дөңгелек шеңберді шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз. Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз - көктегі жылу беретін күн тәрізді дөңгелек. Шеңберге тұрып бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды бір-бірімізге сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан да бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық

Жарайсыңдар, жақсы.

Интербелсенді тақта

Жаттығу - «Танысу», тренингі

«Есімдер аллитерациясы»

Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Ата-аналардың бір-біріне жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру, жағымды көңіл-күй туғызу.

Ата-аналар бір-біріне өз есімдерін, оның алдына бір сын есім қосып айтып танысулары керек. Мысалы: айдай сұлу Айсұлумын, керім Күләшпін, т.б. Барлығымыз дөңгеленіп отырамыз. Танысып болған соң, өмірге байланысты слайдтар, бейнетаспа көрсету арқылы олардың пікірін білу, өмірде кездесетін жағдаяттарды көріп, бірге талқылауға шақырамын. Бейнетаспаны көріп болған соң ата-аналарға сұрақтар қою арқылы пікірлесу өткіземін.

Сұрақтар: 1. Өмірде нені құнттайсыз?
2. Сіздің өміріңіздегі ең маңызды қадамыңыз?
3. Осы өмірдегі ең бақытты сәтіңіз?
4. Өмірде нені қатты бағалайсыз?
5. «Өмір-өзен» дегенді қалай түсінесіз?
6. Неге өмірді өзенге теңейміз?
7. Әр адам не үшін өмір сүреді?

Үш шапалақ арқылы бағалау

Жиналыс барысы:

Жиналыс барысында «Танысу» кезеңінде ата- аналардың өздері туралы жағымды пікір, ой айтуы олардың өздеріне деген сенімділік, күш-жігер, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, ертеңіне зор үмітпен қарайтын жеке тұлғалар қалыптаса бастайды. Ата-аналар да отбасында балалардың өзіне деген сенімділік, өзіндік «менін» тудыратын жағымды есім, жылы сөздерді барынша мол қолдануы керек.

Келесі тренинг бойынша ата-аналарға түрлі-түсті фигураларды беру.

Құрметті ата-аналар! Қазір сіздерге тапсырмалар беріледі. Әр қайсысыңыз түрлі-түсті бір фигураны алып, сол түстегі столға барып отырасыздар. Столдағы тапсырмаларды орындауларыңыз керек.
Сұрақ - жауап «Мадақтау - жазалау»

«Жанұя бақыты» жаттығу.

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі.

Жаттығу: «Кемпірқосақ».
Тапсырмаларды орындап болған соң, қорғайды.

Кіріспе

Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Бала - дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы - ата - анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат - әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата - ана, мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін - өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.
Бізде көптеген ата - аналар баланың кемшілігін мектептегі мұғалімдерден көреді. Отбасында мұғалімдер туралы жақсы пікір айтылса, алдымен ата - ананың мектеп, ұстаз туралы жақсы ниеті балаға жақсы әсер етеді. Ондай балалардың оқуға, білімге, мектепке құштарлығы артады. Ұстазды, адамды сыйлауы өзгеше болады. Мектеп, ұстаз туралы басқаша пікірде көңілі толмаған ойлардың жетегінде баласының алдында ғайбаттау сөздер сөйленетін болса, ол баланың мектеп, мұғалімге көзқарасы өзгереді. Оқу - үлгеріміне әсер етеді. Немқұрайлы қарап, үлгерімі нашарлайды. Ата - ана өз баласының ынтасын үйдегі тәрбие арқылы өзі жойып отырғанын білмейді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Мектепке келгеннен кейін ол мінез отбасында қалыптасқан тәрбие одан әрі жалғасады. Бір тәуліктің яғни 24 сағаттың 6 сағаты мектепте, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата - ана болып қала береді. Баланың сабаққа саналы қарап озат оқушы болып өсуі, ол мұғалім мен ата - ананың бірігіп өсірген жеміс ағашы, немесе ұшқыр ұшақ жасаумен тең десем артық емес. Дұрыс өспеген жеміс ағашы, дұрыс жеміс бермесе қуануға бола ма? Бір бөлшегі бұрыс жасалған ұшақты ұшырғаннан не пайда? Ол өзінде, өзгені де мерт етпей ме?
Сонымен әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында.

Ата- аналар құлақ салып, мұқият тыңдайды

Сұрақ - жауап:
«Мадақтау мен жазалау»

Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау

Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.
Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

Жаттығу:
«Жанұя бақыты» жаттығу.

Мақсаты: Ата - ананың бала тәрбиесіндегі қарым - қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата - аналардың білімін көтеруге көмектесу.
«Жанұя бақыты» атты тренингімізді бастайық.


  • Тренингтің шарты: «Бақытты жанұя» моделін құру. Яғни, ата - ана өзінің отбасын салу және отбасы бақытын сурет арқылы көрсетіп, суреттің жан- жағына отбасы сөздері арқылы жеткізу керек.

(4 минут)

Әр топ жаңа тақырыпты постерге салады

Әр топ өз постерін қорғайды

Смайликтер арқылы оқушылар бағалайды

Мағынаны тану

(5 минут)

"Сөйлемді аяқта" әдістемесі

  • - Мен өз отбасымды жақсы көремін, себебі....

  • - Отбасы бұл....

  • - Отбасым бақытты болу үшін....

  • - Отбасымда зорлық - зомбылыққа жол жоқ, себебі....

Сергіту сәті

(3 минут)

Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Сергіту сәтіне қатысып, көңіл-күйлері көтеріледі.

Интерактивті тақта

Қорытындылау

(5 минут)


Ой - түйін: «Сиқырлы жүрек»

Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік - дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

Кері байланыс стикерлер тарату.


  • Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау

Смайликтер

Стикерлер, қабырға газеті















© 2010-2022