Елбасы -кемеңгер көшбасшы сынып сағаты

Елбасы – кемеңгер көшбасшы Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше  қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру,ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру. Көрнекілігі:слайдтар,интерактивті тақта Әнұран орындалады. Мұғалім:Құрметті оқушылар!Бүгін бізде ерекше сабақ,өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз.Қазақстанның егеменді ел ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елбасы - кемеңгер көшбасшы

Мақсаты: бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін,тұлғалық тұғырын түсіндіру.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру,ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.

Көрнекілігі:слайдтар,интерактивті тақта

Әнұран орындалады.

Мұғалім:Құрметті оқушылар!Бүгін бізде ерекше сабақ,өйткені біз бүгін өзіміздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз.Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор.Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп,бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы тұлға.Тәуелсіздік жемістерін,бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру - біздің басты міндетіміз.

Слайдпен танысу

1 жүргізуші.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызды республикамыздың ұлы азаматтарының бірі, президентімізге арнадық. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты мақтан тұтпау мүмкін емес.

2 жүргізуші.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ. Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.

1 жүргізуші.

Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз - бақытты елміз. Қалалар көркейіп келе жатыр. Елбасымыз «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясатын жария етті. «Ұлттық қордағы қаражатты халық игілігіне жұмсау керек», - деген Президент шағын және орта бизнес үшін қосымша 100 млрд теңге бөліп, азық-түлік, химия өнеркәсібі, көлік құрастыру және қызмет көрсету салаларын дамытуды тапсырды.

2 жүргізуші.

Елбасы ЕХРО-2017 кешенінің құрылысын жалғастыру үшін, банк секторын қалпына келтіру үшін қаражат бөлген болатын. Сонымен қатар Үкіметке халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындауды тапсырды.

2 жүргізуші.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
1 жүргізуші.

Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан желі. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық - алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі.

2 жүргізуші.

Тұратұғын болашақтың үні кеп
Тартылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндік, бауырлар
1 жүргізуші.

Нұр аға - қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ. Ортаға елбасымыздың өмірбаянымен таныстыруға оқушыларды шақырамыз.

2 жүргізуші.

Халқымыз ынтымағы берік, берекелі болсын! Қазақстанымыз бейбіт әрі құтқа толы ел атансын!

1 жүргізуші.

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

2 жүргізуші.Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

1-оқушы.

Қазақстан Республикасының Президенті -

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960 - 1969 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969 - 1973 жылдары - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973 - 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977 - 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979 - 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989 - 1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

2-оқушы.

1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78% дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылғы 14 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 пайыз дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының Төрағасы.

3-оқушы

Кітаптары

Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:

  • «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),

  • «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),

  • «Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),

  • «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),

  • «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),

  • «Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),

  • «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),

  • «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),

  • «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),

  • «Тарих толқынында» (А., 1997),

  • «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),

  • «Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),

  • «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),

  • «Сындарлы он жыл» (А., 2002),

  • «Еуразия жүрегінде» (А., 2005).

4- оқушы Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар

  • Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

  • Қазақстан менеджмент институты

  • Экономика және болжау институты

  • Қожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университеті

  • Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті

  • Ұлттық Мемлекеттік заң университеті

  • Назарбаев Университетi

  • Назарбаев Зияткерлік Мектебі

  • бірқатар лицейлер мен колледждер

  • Президенттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.

  • Аса талантты балалар үшін президенттік «Дарын» сыйлығы тағайындалған.

«Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Елбасы жолдауына тоқталу.

«Елбасы жолы» фильімінен үзінді тамашалау.

Кластер құру

1.Біз білетін Елбасы

2. Елбасының атқаратын қызметі

Қорытынды.


© 2010-2022