Открытый урок

Өзін-өзі тану в 1 классе  Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын  Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,  Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. Р. Сәтімбекұлы мақсаты: «Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.  Міндеттері:  -балаларды судың қасиетімен таныстыру. -балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын тәрбиелеу. -үнемшілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.   Көрнекі құрал-жабдықтар:  дәйексөз жазылған плакат, түрлі-түсті қағаздар, бояу қарындаштар, стақан, су, таяқшалар.
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы

Качир ауданы

Березовка жалпы орта

білім беру мектебі.

Өзін-өзі тану мұғалімі:

А.К. Жанакулова

Ашық сабақ

Өзін-өзі тану

1 «А» сынып



Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Р. Сәтімбекұлы


Сабақтың мақсаты: «Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

-балаларды судың қасиетімен таныстыру.

-балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

-үнемшілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құрал-жабдықтар: дәйексөз жазылған плакат, түрлі-түсті қағаздар, бояу қарындаштар, стақан, су, таяқшалар.

Сабақтың барысы:


  1. Шаттық шеңбері.

Мұғалім: Канеки, балалар, қол ұстасып, шеңбер құрып тұра қалайық та, мына өлең жолдарын бірге қайталап, табиғат-анамызбен амандасайық:

Армысың шапағатты күніміз, (Балалар күнге қарайды)

Армысың мейірімді жеріміз, (Қолдарын жерге жақындатады.)

Армысың табиғат-анамыз, (Бастарын иеді.)

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз. (Өздерін көрсетеді)


  1. Мәтінмен жұмыс

Ә.Ысқақтың «Табиғат деген не?» деген әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Әңгіме мазмұны балалардың табиғатты тереңірек түсінуіне көмектеседі.

-Табиғат деген не?-деп сұрады кішкентай шабақ.

-Табиғат дегеніміз-телегей-теңіз су,-деді бақа.

-Табиғат деген не?-деп сұрады аюдың қонжығы. - Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол- орман,-деді түлкі.

-Табиғат деген не?-деп сұрады бота енесінен.

- Ол- көп құм, тікенек шөп. Талай жерде болғанмын, мен де білемін.

-Табиғат деген не?-деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.

-Әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар.

Ұсақ жәндіктер де бір-бірімен «табиғат деген не?» деп, сұрап, таласып үлгерді.

-Жер-жер!- деп жар салды бөкен. «Әрине, бәріміздің асыраушымыз, анамыз-Жер-Ана»- десті барлығы бір дауыспен.


  • Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?

  • Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.


  1. Тақтадағы суреттермен жұмыс.

Балалар суретке табиғат туралы білгендерін айтады.


  1. Жұмбақ Өзі түссіз, дәмсіз,

Өмір онсыз нәрсіз. (Су)

Мұғалім:

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Табиғаттың бір бөлігі ол-су. Сондықтан біз бүгін судың қасиеттерімен танысамыз. Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, білетін боласыңдар.

Судың табиғат байлығы екенін түсініп, оны сақтау керектігін білесіңдер. Су көздерін таза ұстап, үнемдеуді үйренесіңдер.

№1 Тәжірибе

Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар.

Не байқадыңдар?

Судың қандай қасиетін бақадыңдар?

Түйін: Су ағады, ол сұйық.

№2 Тәжірибе

Балалар судың дәмін көріңдер.

(балалар ішіп көреді)

Дәмі қандай?

Түйін: Судың дәмі жоқ.

№3 Тәжірибе

Суы бар стақанды алыңдар.

Оған қасық салыңдар.

Қасық көріне ме?

Түйін: Су мөлдір.

№4 Тәжірибе

Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар.

Түйін: Су түссіз.

№5 Тәжірибе

Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін білуіміз керек.

Ол ушін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз. Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге шақырамыз.

Мұрынымыз не сезді?

Судың иісі бар ма?

Түйін: Судың иісі жоқ.

Мұғалім:

-Иә, балалар, өздерің тәжірибе жасап көргендей, судың өзіндік қасиеті болады.

Сендер судың мынадай қасиеттерін анықтап білдіңдер.

Су-сұйық.

Су-дәмсіз.

Су-мөлдір.

Су-түссіз.

Су-иіссіз.

Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Су барлық табиғатқа өмір береді. Суды үнемдеп, сақтау керек.


  1. Тыныштық сәті.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Күннің көзі жарқырап тұр, айнала көк шөп, әртүрлі гүлдер. Сен сол гүлдердің арасында жүрсің. Бір, екі гүл сондай әдемі. Ойнап жүріп көлге келдім, көлдің суы керемет, қолымды суға салып бетімді жудым. Мен табиғатты сүйемін, қорғаймын, аялаймын. Мені қоршаған табиғат қандай әдемі! Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Сұрақтар: Не көрдіңдер? Қандай гүлдерді елестеттіңдер? Су жылы болды ма әлде суық болды ма? Т.б. (Оқушылар өздері не сезгендерін айтады)

6. Ойын-жаттығу

-Бүгін бізге қонақ еліп отыр. Мен оның кім екенін жасырып көрейін, сендер оны шешуге тырысыңдар:

-Ол өте нәзік, әдемі;

-Ол ешкімге жамандық ойламайды;

-Гүлдерді өте жақсы көреді;

-Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

-Иә, бұл-әдемі көбелек (мұғалім көбелектің суретін көрсетеді). Ендеше, Көбелек-қонағымызға қошемет көрсетіп, гүлді алқап жасайық.

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан гүлді алқап жасайды, сол гүлге көбелекті қондырады.

Балаларға сұрақ қойылады.

-Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?

(Балалар жауап береді).

7. Тапсырма. Берілген суретті бояп, өз суретіңді қосып сал.

(дайын суретті оқушылар өздері бояйды.)

8. Қорытындылау

-Балалар, табиғатқа тамсанып бір қараңдаршы: алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы алуан түсті көріністен ағаш та, шөп те, гүл де, тау мен тас та таңданып тұрғандай. Бұлардың бәрі «табиғат» деп аталады. Осы дүниенің ішінде сен де барсың. Табиғат қандай әсем де сұлу болса, біз де сондай әсем де сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан- табиғат-ана.

9. Бағалау

(Мұғалім балаларды сабаққа жақсы қатысқан үшін мақтап әр баланың басынан сипап, гүлдей әдемісің, аққуға ұқсайсың т.б. ).

10. Жүректен жүрекке

Балаларды шеңберге жинап, сабақты қорытындылайды:

-Балалар міне көктем де келе жатыр, бізді көп тостырмай көбелегіміз де келіп қалады, ендеше барлығымыз табиғатқа, көбелекке жақсы, жылы тілек айтып қоштасайық.




© 2010-2022