Қарттарым, аман-сау жүрші! құттықтау кеші

Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарттарым, аман-сау жүрші! құттықтау кешіҚарттарым, аман-сау жүрші! құттықтау кешіҚарттарым, аман-сау жүрші! құттықтау кешіҚарттарым, аман-сау жүрші! құттықтау кеші

М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі мектебі



Құттықтау кеші

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»



Өткізген: Жылқыбаева А.Т.



2015 - 2016 оқу жылы

Тақырыбы: Қарттарым, аман-сау жүрші!

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке баулу; үлкенді сыйлауға, иманды да инабатты болуға тәрбиелеу; эстетикалық талғамдарын нығайту.

Көрнекі құралдар: Қанатты сөздер, плакаттар, шарлар, музыка.

Жүргізушілер: Қайролла Алмас, Тасберген Индира.

1-жүргізуші: Дүниеге келер бір рет,

Дария-кеуде, тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет,

Қарттарым, аман-саумысың - деп, бүгінгі «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты құттықтау кешіне қош келіпсіздер!

2-жүргізуші: Мерекеде басты қостық бәріміз,

Жарасады әніміз бен сәніміз.

Той пердесін ашайық,

Аталарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық!

1-жүргізуші: Әрқашан еркелетіп ертіп жүрер ата-әже баласы болған қандай бақыт! Ата-әженің тәлім-тәрбиесін көріп, өнегесін үйренбеген немере болмас. Тіпті ұлы адамның өзі де ата-әжесінің тәлім-тәрбиесімен сусындап өскен.

2-жүргізуші: Құттықтау сөзі мектеп директоры Хасенова Мүслима Қасымқызына беріледі.

1-жүргізуші: Жүректен кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй - дей отырып, бүлдіршіндердің орындауында «Балапан» әні (1-сынып)

Бастауыш сынып оқушылары өз тақпақтарын айтады.

Тілеужан: Асыл әжем, мақтанышым менің де

Қонақ болып отыр міне төрімде.

Өзіңе арнап былай тәтті үніммен

Ән салатын кезім келді менің де.

Мәншүк: Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Аружан: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

2-жүргізуші: Әлқиссадан шертеді,

Оқиғасы не түрлі.

Әжем айтқан ертегі,

Ел тағдыры секілді.

Алтынай: Әжем менің шежіре,

Көп ертегі біледі.

Сыртта жүрген кезінде

Бізді ойлап жүреді.

Менің әжем, ақ әжем,

Ақ жаулықты жан әжем.

Ақыл айтқан дан әжем

Ертегісі дар (мол-?) әжем.

5-сынып қыздарының орындауында «Ертегілер» әні.

Диана: Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

С.Аяжан: Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал әжем,

Ылғи менің қасымда.

Ақ жаулықты әжемді

Ай-нұрына теңедім.

Әр ісінен үлгі алып

Еркін өсіп келемін.

Әділет: Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Алла берген ұл-қызың,

Маңдайдағы жұлдызың.

Қариясы бар адам,

Дариясы бар адам.

Нұрдаулет: Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.

Е. Аяжан: Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.

Мирас: Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен.
Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені?
Мен - қазақтың баласы.

1-жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән-жырды сыйға тарттық.

6-сыныптың орындауында «Көк туым» әні.

2-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
«Қазақ биі» бір топ бишілер (жоғары сынып қыздары).

Серік: Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Ана мейір күн көзімен пара - пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Камила: Ата күні - әже күні - әлем күні!
Әлемде теберінділер (тербелетер-?) ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде.
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.
Ата - әже, мерекелеріңіз құтты болсын!
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын!
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын!

1-жүргізуші: Күн нөсерін төгейік,

Жырдан моншақ өрейік.

Уа жамағат, ал енді

Әнге кезек берейік.

6-сынып ұлдарының орындауында «Әкешім» әні.

2-жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар,

Кәнеки би бастаңдар!

Ата-әжелердің көңілін

Бір көтеріп тастаңдар!

Бүлдіршіндерді қазақтың «Қамажай» биімен ортаға шақырамыз.

Ақниет: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала - шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта - қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
Асет: Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама!
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда, ұлы Ана!

Бексұлтан: Атамыз біздің панамыз,

Атамыз біздің данамыз.

Атадан ақыл аламыз,

Атадан адам боламыз.

Болашақ алды ұрпаққа,

Сілтеген түзу жолдарын

Балалар түсін оны-ойла,

Қарттар - асыл тауларын!

Шыңына шығып биіктің

Мансапқа жетер қолдарың.

Ұмытпа сонда қадірін,

Қарттар - асқар тауларың!

Оқушылар өз шығармаларын, өлең-тақпақтарын оқиды.

1-жүргізуші: Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

Жоғары сынып оқушыларының орындауында көрініс (8-сынып, Дауылбай Ақниет).

2-жүргізуші: Тұра тұршы есейгенше ұл-қызың,

Жүре тұршы жалғанғанда үзігің!

Маған бақыт неге керек, ақ әже-ау,

Өзің бірге көре алмасаң қызығын?

5-6 сынып қыздарының орындауында «Асыл әжем» әні.

1-жүргізуші: Менің әжем алтын!

2-жүргізуші: Менің де әжем алтын!

Бірге: Әжелерді құрметтеп қол соғыңдар жалпың!

Әжелерді ортаға шығарып, ойын ойнату.

2-жүргізуші: Кешіміздің қадірлі қонақтарын ортаға шақырып сөз кезегін береміз.

1-жүргізуші: Күлімдеген көзіңнен,

Айналайын атажан!

Не үлкен сый бар бізге

Өзің берген батадан? - деп бүлдіршіндерге ақ бата берсеңіздер.

2-жүргізуші: Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын-қазынам.

Ауыра қалсам өзіңнің,

Пейіліңнең-ақ жазылам.

1-жүргізуші: Сағынып талай жыр туар,

Оралар әлі-ақ сан жыршы

Даламның иісі бұрқырап,

«Қарттарым, аман-сау жүрші» -деп бүгінгі шағын құттықтау кешімізді аяқтаймыз. Келгендеріңізге көп рахмет!



© 2010-2022