«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш

Іс шараның мақсаты: мектебіміздегі ағалы-інілі, апалы-сіңлілі ағайындылардың арасындағы бауырмалдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық сезімдерін ояту болды. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дегендей осы ағайынды оқушылар арасындағы бір біріне деген қамқорлық сезімдерін көрсету болды. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Халық даналығында ағалы інілі, апалы сіңлілі... 1.     «Тегін білу тектілік» 2.     «Өнерліге өріс кең» 3.     «Болмасаң да, ұқсап бақ...» 4.     Тығырықтан шығу; 5.     Әртүрлі ойындар  Қазылар орнықтырар әділдікті Кімдердің жауаптары кәміл шықты Жүздеген жүйріктердің ортасынан Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей келе әділ төрелік айтар қазылар алқасымен таныс болыңыздар!1.     Олай болса құрметті көрермендер ортаға бүгінгі сынға қатысушы отбасыларды қошеметпен ортаға шақырамыз.1.   I  кезең:Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт. Көрелік ал ендеше жарыстырып Жіберсін келіп тұрған отбасылар Көпшілікке өздерін таныстырып дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңіне берелік.  II кезең: Ән саламыз әрі біз би билеймізЕріншек пен жалқаулықты сүймеймізӨнерлі өрге жүзер деген сөз бар... 1.     Үйде қарындасың екуің ғана қалдыңдар. Ата анаң жұмыстарымен кетіп қалған. Қарныдасың сабаққа бармақшы. Саған шашын өріп бер деп жалынып жүр. Қалай өріп бересің көрсет. (Тұрланға)1.     Анаңның туған күніне арнап сыйлық ретінде әдемі торт пісірдің. Кенет інің сенің бар күшіңді салып пісірген тортыңды жеп қойды. Енді не істейсің?(Азамат К)2.     Сенің әдемі көйлегің көптен бері сіңліңе ұнап жүрген болатын. Жаңа жыл мейрамында әдемі көйлегіңді қиылып сұраған соң бір киюге берген болатынсың. ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кешТеректі ауданы

Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі




Іс- шараның атауы:

(8 қыркүйек отбасы күніне арналған мерекелік кеш)

«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш

Сценарийдің авторы: Қуанышбекова Балауса

8 сынып оқушысы, «Жас ұлан» ұйымының мүшесі

«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш



2013\14 жыл

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар ата аналар!

Сіздерді 8 қыркүйек Қазақстандық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған «Ағам айбыным, апам ай күнім» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

Отбасы- қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Елбасымыздың «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған- туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Осы орайда Мемлекет басшысы отбасындағы тәрбиеге аса мән беріп отыр. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Халық даналығында ағалы інілі, апалы сіңлілі адамдардың арасындағы туыстық қарым қатынас ерекше орын алады. Халқымыз «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып іні сөйлегеннен без», «Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңлі өсер» деп тегін айтпаған. Туысқандар арасындағы өнегелі қарым қатынас үлкенді кішілі адамдардың өзара сыйласуынан қайырымдылығынан кішіпейілдігінен, адалдығынан туындайды. Ендеше мектебіміздегі ағалы інілі, апалы сіңлілі жандардың арасында оздырылғалы тұрған «Ағам айбыным, апам ай күнім» атты сайысымыздың негізгі шарттары мынадай:

  1. «Тегін білу тектілік»

  2. «Өнерліге өріс кең»

  3. «Болмасаң да, ұқсап бақ...»

  4. Тығырықтан шығу;

  5. Әртүрлі ойындар

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Жүздеген жүйріктердің ортасынан

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей келе әділ төрелік айтар қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  1. Наурызғалиев Ержол Исағалиұлы технология және музыка пәнінің мұғалімі.

  2. Хилибаева Элеонора Арманқызы өзін өзі тану пәнінің мұғалімі

  3. Бастауыш сынып мұғалімі Серік Балзия Жалғасқызы

Олай болса құрметті көрермендер ортаға бүгінгі сынға қатысушы отбасыларды қошеметпен ортаға шақырамыз.

  1. Азамат, Бекзат Кеңесовтер отбасы

  2. Диляра Ермахан Тельмановтар отбасы

  3. Тұрлан Алия Серіковтер отбасы

  4. Азамат Аселхан Хамидуллиевтер отбасы

  5. Асель Альбина Амангельдиевтер отбасы

  6. Жумагелді Бибіайша Абуғалиевтер отбасы

  7. Айсұлу Әмір Жумагалиевтер отбасы

I кезең:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.

Көрелік ал ендеше жарыстырып

Жіберсін келіп тұрған отбасылар

Көпшілікке өздерін таныстырып дей келе «Тегін білу тектілік» кезеңіне берелік.

II кезең:

Ән саламыз әрі біз би билейміз

Еріншек пен жалқаулықты сүймейміз

Өнерлі өрге жүзер деген сөз бар

Өнерді сол себепті меңгер дейміз демекші сайысымыздың келесі кезеңі «Өнерліге өріс кең» деп аталады. Бұл кезеңде отбасылар жұптасып өнер көрсетеді. Бірінші болып ортаға Азамат, Бекзат Кеңесовтер отбасын шақырамыз.

III кезең:

Отбасылық сайысымыздың «Тығырықтан шығу» кезеңінде отбасылар өздеріне қойылған ситуациялық сұрақтарға жауап берулері тиіс.

  1. Үйде қарындасың екуің ғана қалдыңдар. Ата анаң жұмыстарымен кетіп қалған. Қарныдасың сабаққа бармақшы. Саған шашын өріп бер деп жалынып жүр. Қалай өріп бересің көрсет. (Тұрланға)

  2. Анаңның туған күніне арнап сыйлық ретінде әдемі торт пісірдің. Кенет інің сенің бар күшіңді салып пісірген тортыңды жеп қойды. Енді не істейсің?(Азамат К)

  3. Сенің әдемі көйлегің көптен бері сіңліңе ұнап жүрген болатын. Жаңа жыл мейрамында әдемі көйлегіңді қиылып сұраған соң бір киюге берген болатынсың. Ертеңіне сіңлің көйлегіңді байқаусызда жыртып алғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз. (Асель А)

  4. Үйді жинастырып жүріп, үстел үстіндегі ең әдемі вазаны сындырып алдың. Мұны анаң інің сындырды деп ойлап, оған қатты ұрысып жатыр. Сенің әрекетің. (Айсұлу)

  5. Үйде ересек адам жоқ. Қарындасың сабаққа баруы керек қарны ашып, тамақ пісіріп беруін өтінді. Қандай тағам пісіресің және қалай? (Жұмагелді)

  6. Үзілісте саған сыныптастарың сенің ініңе жоғары сынып оқушыларының әлімжеттік салып жатқанын айтты. Сенің әрекетің? (Әселхан)

  7. Ініңнің қолында 100 теңге барын байқадың. Қайдан алдың дегенде ол сыныптасына пеналын сол ақшаға айырбастап алғанын айтты. Сенің әрекетің?

IV кезең:

Сайысымыздың келесі кезеңі «Болмасаң да ұқсап бақ» деп аталады. Бүл кезеңде жұптар пародия немесе актерлық шеберліктерін көрсетулері керек. Яғни сайыскерлеріміздің әртістік қабілеттерін байқайтын боламыз. Ортаға бірінші жұпты шақырамыз.



  • Бауыры іні десе жанын берер

Өмірде болды талай асыл ерлер

Қамқоршы бір біріне шын туғандар

Бауырын бір тал шаштан танып білер дегендей келесі кезеңді қызықты ойындарға бергелі тұрмыз. Ортаға әр түрлі ойындардың докторы Жас ұлан ұйымының белді мүшесі Жоламанов Артурды шақырамыз. (музыкамен Артур билеп шығады)

Артур: Бірінші ойынның шарты бойынша ағалары мен әпкелері өз бауырларының алақанын сипау арқылы тауып алуы керек. Қазір барлығыңыз да бері қарай шығыңдар, көздеріңді байлаймын. Қазылар алқасы сайыскерлердің қайсысы өз бауырын тапса соған жоғары 5 ұпай берулеріңізді сұраймын.



  • Келесі ойынымыз топшамамен жұмыс деп аталады. Мұнда барлық сайыскерлер орындарыңызды ауыстырып отыруларыңыз сұралады. Сіздерге топшамалар беріледі. Сол бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер. Қайсыларыңның жауаптары бір біріне сәйкес келсе соларға жоғары балл беріледі. Мұқият болыңыздар! Бастаймыз!

Шалға тартқан шалғында

Ағам бар менің алдымда

Жақсылыққа талпынған

Інім бар ерген артымда

Аға ,апа, іні деп

Қарындасым гүлім деп

Қандай тәтті бауырлар

Сөйлегенде күлімдеп дегендей бүгінгі «Ағам айбыным, апам ай күнім» атты отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін аянбай ортаға салып тер төккен оқушыларымызға қошемет көрсетіп қойыңыздар. Ары қарай да осы беттеріңізден қайтпай туыстық қарым қатынастарың берік болсын. Әділ қазылар өз шешімдерін шығарғанша ортаға жас әнші Аманбол Еламановты «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар!

Сайыскерлер марапатталады.













Фотосуреттер



«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш

«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш



«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш

«Ағам -айбыным, апам -ай-күнім» 8 қыркүйек - отбасы күніне арналған мерекелік кеш



© 2010-2022