Воспитательный час: Тарих тағылымы

Раздел Классному руководителю
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп - лицей

Тақырыптық кеш



Тақырыбы: «Тарих тағылымы!»

Сыныбы: 9 «ә»

Орындаған: Ермаханова Майра





Қызылорда қаласы, 2015 жыл

Тақырыбы: Тарих тағылымы

Мақсаты:Тарихқа шолу жасау. Оқушыларды өткен тарихпен

жете таныстыру.Оқушыларды отансүйгіштікке,

патриотизмге тәрбиелеу,отанды

қорғауға, батылда батыр, ержүрек болуға үйрету.

Формасы:Тақырыптық кеш

Көрнекілігі: билборд, бейнетаспа, композициялар, шар. Техникалық құрал-жабдықтар:

бейнеопроектор,интерактивті тақта

Барысы:

1)Қазақ хандығының 550 жылдығы

2)Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жылдығы

3)Конституцияның 20 жылдығы

4)Ассамблеяның 20 жылдығы

І жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі қонақтар және оқушылар! Баршаңызды еліміз үшін аса маңызды Қазақ хандығының 550 жылдығымен, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халық ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы жеңісіміздің 70 жылдығымен құттықтаймыз! Қадірменді достар,қонақтар! Ендеше мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! ІІ жүргізуші: Армандай асқар, Жолдарға бастар, Ісіңнен ұрпақ от алар. Қалмассың көштен, Шықпайсың естен Тағдыры шыншыл, бабалар! Бейнетаспа: Керей мен Жәнібек деп айтамыз басында одан кейінгі болған хан Қасым хан. Қасым ханнан кейін Хақназар, Тәуекел хандар қазақтың жерін кеңейтуде осы ұлан-ғайыр даланы қорғап қалу үшін көп тер төккен біздің бабаларымыз болған. Сондықтан, солардың істеріне қарай отырып жас ұрпақ тәлім - тағлым алу керек осыдан. Қазақ болып біріккен кезде барлық жауларын жеңіп отырған. Ал ішіне іріткі салып, бір-бірімен жауласқан кезде жаудан жеңіліп отырған. Осыны біз еш уақытта ұмытпауымыз керек. Тәуелсіздікті көздің қарашығындай етіп сақтап қалу сол бабалар алдындағы борышты сақтау деген сөз.

Н.Ә. Назарбаев Қыдыр ата: Оу, дала пай-пай дала кең дала, Білмеймін сені неге теңерімді, кең дала, көркем дала Әрине, анам болдың, құндақтаған Әрине, әкем болдың, күн қақтаған Әрине, жар да болдың, дос та болдың, Әрине әр сүйемің, қымбат маған Иә, сен байлық аты, барлық аты Иә, сен адалдықпен ардың аты Иә, сен дүбірлейсің, дүрілдейсің, Кеткендей жер тарпыға арғымақты

Іжүргізуші: Жәнібек, Керей сұлтандарын бастаған , Ата - бабам азаттықты аңсаған Бөлініп шығып, Әбілқайыр елінен, Дербес елдің болуына жол ашқан.

ІІ жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуын әр ғалым әр түрлі пікірлермен айтады. Бірі 1456 жыл десе, енді бірі 1460 жыл дейді. Біздің қолымызға жеткен нақты дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегінде 870-ші жылы, қазіргі жыл санауымен айтқанда 1465 жыл екендігі дәлелденген. Көрініс: Ата: Уа, халайық еліңнің тізгінін ұстайтын Керей мен Жәнібек келеді.

Керей: Уа, әлеумет теңдіктің тезі теңселме еркіндік жолы емес пе? Бақыттың жолы бәсеке, ырыстың жолы бейнетте. Азаттың жолы азатта. Төземісің?!

Воспитательный час: Тарих тағылымыХалық: Керей.....Керей....Керей....... Керей: Қазақтың қайран даласын,жағасын жайлау ел қылам. Қарасирақ баласын басқалар мен тең қылам. Кеткен кегін қайтарып іргесі шыққан ел қылам. Осы жолда әлеумет тайсалар болсам, маған серт. Тайқып қалсаң, саған серт. Еремісің әлеумет. Халық: Керей.....Керей....Керей....... Керей: Ендеше халқым, атқа қон! Туыңды ұста, тарт алға. Құдайым шейт бастасын, Арманы биік ақ жолға!

Ата: Уа, халайық көшіңнің тізгінін ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілекпен ақ жол бер. Керейді ақ киізге отырғызып хан көтерейік. Керей: Құдіреті күшті Алланың алдында қалың елім халқымның алдында Кепей басым хан болып, Қазақ елінің бағын асырам. Көтерілген орданың мейманасын тасытам. Ұлы Тұран даласының бірлігін келтіріп, бүкіл елде рухты ел екенімізді паш етуге ант еттім

Воспитательный час: Тарих тағылымы

Халық: Керей хан .....Керей хан .....Керей хан ..... І жүргізуші: Осылайша Қазақ хандығы 1465жылы құрылған болатын. Міне, биыл осынау дархан қазақ еліне 550жыл! Көшіп барып Моғолстан жеріне, Қоныс теуіп, Шу өңірі жерінде Қиындықтың бәріне де мойымай, Туын тікті Қозыбасы төрінде. (Қазақ биі орындалады) ІІ жүргізуші: «Қазақ» атауы - Сібір тайпалары тілдерінде мықты, берік, алып деген мағынаны береді. Басқа деректерде бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар деген мағына береді. Жаңағы көріністе айтылғандай қазақ халқы өз жерін, өз елін қорғау үшін жан алып, жан беріскен. Бейнетаспа: 1941 жыл ақпандатқан Сыртты аяз ауылымызды ақ қар жапқан. Алдымызда үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан жерді аттандатқан. Құлап түсті шекара бағанасы Қабырғамдай қираған маған осы. Таразыда теңселді ел тағдыры Азаттықтың, елдіктің мағынасы. Мен Жамбылмын жаугер жыр Ер Төлеген Қазған орым дұшпанға ентелеген. Мен Москва, қорғаны28, Мен Әлия, мен Мәншүк, мен Төлеген.

Воспитательный час: Тарих тағылымы

(Соғыс жайлы композиция)

І жүргізуші: Мінекей, осынау сұм соғыстан, қан мен оқтың майданынан жеңіспен шыққанымызға, биыл 70 жыл толды. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет туы қайта қисайған, қаншама мемлекеттің құрамында болып, қаншама рет мемлекетсіз қалған әрі көне, әрі жас қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық тіресуде. Еліміздің тәуелсіздігінің арқасында халық болып ,ел болып
1995 жылы 30- тамызда Қазақстан Республикасының негізгі ата заңы- конституциялық заң қабылданды. ІІ жүргізуші:

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, Тікелей әсер еткен ғұмырына. Айналды Ата Заңым мызғымайтын, Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына.

«Ата Заң»өлеңді оқитын ӘбдіқадірЕрсамат

Бейнетаспа: Абылай ханның үш арманы болған: 1) Үш жүздің басын қосып халық жасай алмадым; 2) Жергілікті қылып жер жеткізе алмадым; 3) Халқыма деген қалаларды сала алмадым; деген. Осы арманын орындадық деп ойлаймын. І жүргізуші:Биыл Ассамблеямызға 20 жыл толды. Бұл Қазақ мемлекетінің бірлігінің мықты екенін,ұйымшылдығы мен бауырмалдығының айғағы.Бейнетаспа:Түркі әлемінің эпостары-қазіргі түркі тектес халықтардың тарихы мен мәдениетінің біртұтас екендігін терең түсініп жете сезіну үшін теңдесі жоқ құнды қазналар

Н.Ә.Назарбаев

(Тарих толқынында)(Халықтар достығы) би

Воспитательный час: Тарих тағылымы

Іжүргізуші: Бақытты боп жүргенім, Сенің арқаң Ұлы Отан. Елім менің - тірегім, Құшағында гүл атам Шығысыңнан арайлы, Күліп атқан құба таң. Сенен бақыт тарайды Баршамызға Ұлы Отан Сарқылмайтын қуатым, Тірегімсің сен, Отан. Мәңгі соғып тұратын Жүрегімсің сен, Отан!

ІІ жүргізуші: Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені? Мен - қазақтың баласы! Қазақ деген атымды Өшіре алмас ешбір жау. Төбесіне тиіссе, Төңкерілер, Алатау! І жүргізуші: Тыңда әлем!Мен бақытты қазақпын! Шаттанамын, тәуелсізбін, азатпын. Бабалардың арманына жеттік біз, Бастан кешіп тауқыметін азаптың, Таны,әлем қазақ деген халқымды, Алға басқан қадамы нық қарқынды, Көрші елдердің көшін бастап келеміз, Тез игеріп мына тентек «нарқыңды...»

«Мәңгілік ел -тарихым» тақырыбындағы өлңімен Қарекеев Азатты қарсы алыңыздар!

І жүргізуші: Хор: « Қазақ елі осындай»

Қорытынды.



© 2010-2022