«Ел иесі, Жер Киесі Пір Бекет!»

Күні: 26.02.2014 Сыныбы: 9-сынып Тақырыбы: «! Ел иесі, Жер Киесі Пір Бекет «Мақсаты:-Оқушыларға. Бекет атаның кім екені, немен шұғылданғаны, қалай тіршілік кешкені, өмір жолы туралы мағлұмат беру .-Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, елін-жерін сүюге, патриотизмге тәрбиелеу Адамгершілікке, имандылыққа баулу. Барысы:. Ұйымдастыру . Негізгі бөлім Кіріспе. Ұлыстың ұраны болған, сиынар піріміз, желеп-жебеушіміз, қысылғанда дем берер көмекшіміз Бекет Ата туралы толығырақ мағлұмат алатын боламыз. Сұ...
Раздел Классному руководителю
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 26.02.2014

Сыныбы: 9-сынып

Тақырыбы: «Ел иесі,Жер Киесі Пір Бекет!»

Мақсаты:

-Оқушыларға Бекет атаның кім екені,немен шұғылданғаны,қалай тіршілік кешкені,өмір жолы туралы мағлұмат беру.

-Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып,елін-жерін сүюге,патриотизмге тәрбиелеу. Адамгершілікке,имандылыққа баулу.

Барысы: Ұйымдастыру.

Негізгі бөлім.

Кіріспе.

Ұлыстың ұраны болған,сиынар піріміз,желеп-жебеушіміз,қысылғанда дем берер көмекшіміз Бекет Ата туралы толығырақ мағлұмат алатын боламыз.

Сұрақ: -Бекет ата кім,ол туралы не білесіңдер?

Мұғалім: Бекет Ата туралы жерлесіміз Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев былай деген екен. «-Әлсізге Медет,Күштіге Айбар,Зарыққанға Жебеу,Тарыққанға Демеу,Асқанға Тосқан,Сасқанға Сая,Ұрпаққа Ұстаз,Ұлысқа Ұран болған,Ел Иесі,Жер Киесі-Пір Ата»десе, саяси ғылымдардың кандидаты,ауданымыздың әкімі Әзірханов Басшы «Адам таңғаларлық керемет тылсым күштің иесі,ұрпағына имандылық нұрын сепкен ғажайып тұлға»,-деп жазады.

Ендеше,осы сәулетші,ағартушы,батыр,қасиетті әулие Бекет Атаның арғы тегі қандай жандар болды екен,балалық шағы қалай өтті,кіммен білім алған,ерекше қасиет қалай дарыған? Бұл сұрақтардың жауабын біз алғашқы «Зерде»бөлімінде білетін боламыз.

1-бөлім «Зерде»

Биікке бастар даңғыл жол

1.Бекет Атаның арғы тегі қандай жандар болған? (Гүлзада)

2.Бекет Атаның балалық шағы қалай өткен? (Камила)

3.Қандай ұстаздардан білім алған? (Камила)

4.Ерекше қасиеттері көптеген оқиғалардан көрініс берген,солардың бірі, - «Ұстаздың шәкірттеріне Бекетті мойындатуы». (Орынбек)


2-бөлім «Таным»

Жалпыны жақсылыққа бастай білген

Міне,Бекет Осы Бақыржан қажының қолында жеті жылдай сабақ алып,медресені үздік аяқтап,елге оралған,бұл кезде Бекет 21 жаста болған екен.

1.Бекет Атаның неше мешіті бар,алғашқы мешіті қашан салынған?

Сол Хиуа медресесін бітіріп өзінің туған топырағы-Атырау облысындағы Жылой ауданындағы Ақмешіт ауылына келіп,болашақта осы жердің балаларын бір жерден оқыту мақсатында екі бөлмелі мешіт салдырады. (слайдтан көрсету)

Осы мешітте Бекет Атаның ата-анасы Мырзағұл мен Жәния,баласы Тоғай,Кәрі әкесі Жаналы жерленген. (слайд)

Екінші мешітті-Оғыландыда,Атаның өзі осы жерде жерленген. (слайд)

Үшіншісі-Маңғыстау ойындағы Тобықты деген жерде.

Төртіншісі-Ескі Бейнеудегі мешіті. Мұнда ағасы Меңдіқұл,шөбересі,танымал әулие Самалық жатыр.

2.Бекет Ата салдырған Бейнеудегі мешіт несімен құнды? (слайд)

3. Ел иесі,Жер Киесі (мешіт маңындағы атаның аңдары туралы айтып өту)

«Құбыладағы тұмсық пен тұмсық арасындағы арқарға тимеңдер,тисеңдер оңбайсыңдар»деп өсиет қалдырып кеткен. Осы турасында да көптеген аңыздар бар,естігендерің бар ма,кім айтып бере алады?

Сонымен қатар Атадан қалған киелі заттар:асатаяғы,тымағы,кітабы бар. (слайд)

Мұның бәрін ұстазы Бақыржан қажы Бекет Атаға еншіге беріп кеткен екен. Әсіресе, көк түсті аса таяқтың төрт қасиетін ерекше көрсеткен.

-шаршасаң көлік,-

-шөлдесең сусын,-

-қорықсаң қару,-

-тоңсаң панаң,-

«Көк аса»аталуының да себебі болған,екі сөзден құралған,Көк-аспан,Аса-маңызды,қажетті деген ұғымды білдіреді. Яғни көктегі күштермен,аруақтармен байланыс үшін керектігін білдіреді. (слайд қасиетті көк аса) Қазіргі иесі-Тұрсынғали Ләтіпұлы.

Бекет Атаның аса таяқты табуы жөнінде айтылған хикая бар естігендерің бар ма?

Ия,осындай қасиетімен дараланатын Бекет Атаны Пір Бекет дейміз. Осы Бекет Атаны Пір атануының да ерекшелігі бар екен. Ендеше,тақтаға назар аударайық.

3-бөлім «Тылсым дүние»

Бір Бекет-Пір Бекет

Бекет Ата туралы аңыздар мен деректер.

Көркем сөз «Бекет Ата туралы аңыз».

Сауалнама (көрермендерге)


  1. Шолпан апай,Бекет Атаның ерекше қасиеттері туралы естіәгендеріңіз бар ма,айтып берсеңіз?

  2. Несіпхан апай,Атаның сізге көмектескен жерлері болды ма?

  3. Нурлы апай,аян беру дегенді қалай түсінесіз,сізге немесе жақындарыңызға аян бергендер болды ма?

Жақсы апайларың қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді деп ойлаймын, енді сыныбымыздағы Толғанайдың атасына қойған сауалдары бар екен соны тыңдап көрейік.

Видео көрсету.

Міне,өзіміз сыйынған Атаға деген тағзым,құрмет ешқашанда таусылмайды. Осы орайда Бекет Атаға арналған арнайы астар Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізілді.

4-бөлім «Тағзым»

Пір Ата,қолда халқыңды

1.Атаға арналған астар (слайд).

2.Көркем сөз. Сабира.Камила. Гүлдариға.

3.Ән. «Пір Ата,қолда халқыңды».

5-бөлім «Шежіре»

Тегім-Адай,Пір Бабам-Бекет деген..........

1.Адай ата және оның ұрпақтары. (слайд).

2. 362 әулиелі Маңғыстау. Маңғыстаудағы киелі кесенелер. (слайд).











© 2010-2022